Іс-шаралар тәрбие » Страница 30 » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мен-өз елімнің патриотымын»  атты кездесу
09
декабрь
2022
«Мен-өз елімнің патриотымын» атты кездесу
16 желтоқсн-Тәуелсіздік күніне орай  білім алушыларды отаншылдыққа, туған елін мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында  9 желтоқсан күні мектепте  «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбында «Жас шекарашы» әскери патриоттық ұжымымен кездесу өткізілді.   «Сыпатай батыр» (автокөліктік) шекаралық  бақылау бөлімінің  2-топ офицері лейтенант Мәдиұлы Әділетғасыр   білім алушыларға  өз қызметі туралы айтып әңгімелеп берді.  Мектеп  білім алушыларына  ҚР әскери қызметі туралы  баяндады және ҚР әскери
«Жыныстық қатынасқа ерте түсудің соңы неге әкеліп соғу мүмкін?»
09
декабрь
2022
«Жыныстық қатынасқа ерте түсудің соңы неге әкеліп соғу мүмкін?»
     9 желтоқсан күні мектепте  «Жыныстық қатынасқа ерте түсудің соңы неге әкеліп соғу мүмкін?» тақырыбында 9-11 сынып қыздары арасында салауатты өмір салты маманы З.Джанабатыровамен кездесу өткізілді. Мақсаты: жоғары сынып қыздарына жыныстық өмірдің мәні, адамның психосексуалдық ерекшеліктері жөнінде түсінік беру, өзінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін, өз тәртібі мен мінез-құлығын саналы түрде реттеу қабілетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің және жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. 
Аудандық «Жас Ұлан»ұйымының ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Ахмет мұрасы» атты аудандық интеллектуалды ойыны өтті
30
ноябрь
2022
Аудандық «Жас Ұлан»ұйымының ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150
Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы, қоғам қайраткері, педагог Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстырып, өнерін дәріптеу, мәдени тұлғаны қалыптастыру, өскелең ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 8 сынып оқушыларымен «Үміт» сарайында  аудандық интеллектуалды ойын ұйымдастырылып, өткізілді.                                                                                                                                                                 
"Салт-дәстүрім-сарқылмас байлығым"
30
ноябрь
2022
"Салт-дәстүрім-сарқылмас байлығым"
«Берекелі шаңырақ» жобасы аясында 30 қараша күні №21ЖОББ мектебінде директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Э.Тайбекованың ұйымдастыруымен "Салт-дәстүрім-сарқылмас байлығым" тақырыбында сынып жетекшілер Г.Наметкулова, З.Наурызбаева және А.Абдрахманова тәрбиелік іс-шара өткізді. Мақсаты: Білім алушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Іс-шараға ауылдың аяулы әжелері ,
"Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз"
25
ноябрь
2022
"Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз"
25 қараша күні үйірме жетекшісі  К.Исабековтың ұйымдастыруымен «Біз діни экстремизм мен   терроризмге қарсымыз!» ұранымен волейбол ойынынан жарыс өтті. Жарысқа  32 оқушы қатысты. Волейбол бүкілдүниежүзіне тез әрі кең тараған спорттық ойын. Волейбол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл ойынның кең тарауына ережесінің қарапайымдылығы мен орындалатын қимыл- қозғалыстарының күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез-келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп
"Ұлттың ұлы ұстазы" атты облыстық пікірсайыс
24
ноябрь
2022
"Ұлттың ұлы ұстазы" атты облыстық пікірсайыс
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін Пікір" ЖҚБ ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына орай "Ұлттың ұлы ұстазы" атты облыстық пікірсайыс турнирінде жүлделі ІІ орын иеленгені үшін "Алаш 21" командасы марапатталды. Жетекшісі: З. Наурызбаева
Аудандық «Ұланымыз Ұлы Елдің!» атты бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
23
ноябрь
2022
Аудандық «Ұланымыз Ұлы Елдің!» атты бірыңғай балалар мен
: Ел болашағы жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, жасөспірімдердің қоғам өмірінде белсенділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру мақсатында аудан мектептері арасында салтанатты жиын өткізілді. 
«Діни сауаттылық-ел болашағы» дөңгелек үстел
23
ноябрь
2022
«Діни сауаттылық-ел болашағы» дөңгелек үстел
23 қараша  күні діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу және оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қамтамасыз ету  мақсатында 10 сынып оқушылары арасында  «Жаһандық құзыреттер» курсы мұғалімі Тазабекова С.Д. «Діни сауаттылық-ел болашағы»   тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді. Оқушыларға экстремизм зайырлы қоғамдағы демократияны жоққа шығаратын саяси іс-әрекет екенін айтып , экстремизмнің негізгі белгілері туралы ақпарат беріп, оқушылардың  дұрыс діни түсініктерін дамытып, ағарту
“Who is clever?”
18
ноябрь
2022
“Who is clever?”
Жамбыл облысы Меркі ауданы #21 жалпы білім беретін орта мектебінде ағылшын тілі пәні бірлестік педагогтарының ұйымдастыруымен айлық аясында, мектепішілік жоспарға сәйкес 2022 жылдың 14-18 қараша күндері аралығында 5-10 сыныптары аралығында “Who is clever?” атты логикалық, интеллектуалды: сөзжұмбақтар, жаңалтпыштар, ребустар сайысы өтті. Мақсаты: мектептегі білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін ояту, жан-жақты дамуына ықпал жасап, оларды зеректікке, ұғымталдыққа,
" Жастар экстремизм мен терроризмге қарсы" атты акция
15
ноябрь
2022
" Жастар экстремизм мен терроризмге қарсы" атты акция
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу,  білім алушылар арасында діни сауаттылықты арттыру, дін туралы және жалған діни ағымдардың зияндылығы туралы сенімді ақпарат беру,  патриотизмге , отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында " Жастар экстремизм мен терроризмге қарсы"  тақырыбында 9 сынып білім алушылары арасында акция өтті.Ұйымдастырушы ДТЖО Э.Тайбекова.