05
сентябрь
2025
«Жас қозғалыс инспекторлары» тобының қатысуымен арнайы шара
2-12 қыркүйек аралығындағы «Назар аударыңыз-балалар!» атты онкүндік аясында 5 қыркүйек күні мектеп жанындағы жол өткелінде оқушылардың қауіпсіздігін сақтау және жолда жүру мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жас қозғалыс инспекторлары» тобының қатысуымен арнайы шара ұйымдастырылды. Шара барысында жас инспекторлар жаяу жүргіншілердің жолдан өту тәртібін түсіндіріп, жол белгілерінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен ата-аналарға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі жөнінде үнпарақтар таратылды.Іс-шара АӘД жетекшісімен бірлесе жүргізіліп, оқушыларға жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Бұл бастама балалардың өз қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.






