23
ноябрь
2022
«Діни сауаттылық-ел болашағы» дөңгелек үстел
23 қараша күні діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу және оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 10 сынып оқушылары арасында «Жаһандық құзыреттер» курсы мұғалімі Тазабекова С.Д. «Діни сауаттылық-ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға экстремизм зайырлы қоғамдағы демократияны жоққа шығаратын саяси іс-әрекет екенін айтып , экстремизмнің негізгі белгілері туралы ақпарат беріп, оқушылардың дұрыс діни түсініктерін дамытып, ағарту жұмыстарын жүргізді. Дөңгелек үстел барысында білім алушыларды теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастырды. Ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулыды. Дөңгелек үстел соңында оқушылар жалпы өздері алған мағлұматтарымен бөлісті.
