«Мен-өз елімнің патриотымын» атты кездесу » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен-өз елімнің патриотымын» атты кездесу
09
декабрь
2022

«Мен-өз елімнің патриотымын» атты кездесу

16 желтоқсн-Тәуелсіздік күніне орай  білім алушыларды отаншылдыққа, туған елін мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында  9 желтоқсан күні мектепте  «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбында «Жас шекарашы» әскери патриоттық ұжымымен кездесу өткізілді.   «Сыпатай батыр» (автокөліктік) шекаралық  бақылау бөлімінің  2-топ офицері лейтенант Мәдиұлы Әділетғасыр   білім алушыларға  өз қызметі туралы айтып әңгімелеп берді.  Мектеп  білім алушыларына  ҚР әскери қызметі туралы  баяндады және ҚР әскери жарғысымен таныстырды. Сондай ақ, шекара қызметі туралы бейнеролик ұсынды, жасөспірімдердің сұрақтарына жауап беріп, болашақта үлкен белестер жайлы ой салды, үздік оқу, екпінді еңбек тіледі. Кездесу  барысында білім алушылар Отанды сүюге және ерлікке, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің тәуелсіздігін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиеленді. Осындай кездесулер жасөспірімдердің  патриоттық тәрбиесін,  өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Қатысқан: 9-11  сынып білім алушылары-33 бала.