21
сентябрь
2021
Ата-аналар жиналысы
№21 ЖОББ мектебінде 21 қыркүйек күні жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар назарына мектеп формасы және мектептегі қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау туралы ақпараттар ұсынылды. Жаңа оқу жылында мектептің ата аналар қоғамдық кеңесі қызметінің міндеттері айқындалды. Сондай, ақ қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда: "Балалардың интернетке тәуелділігі", "Буллинг, кибербуллинг", "Балалар арасындағы суицидтік мінез құлықтың алдын алу". Аталған мәселелер бойынша ата -аналарға отбасында балалардың тәрбиесіне, сенімді қарым- қатынасқа жете мән беру туралы кеңестер берілді.

