№ 21 жалпы білім беретін мектептегі тамақтандыру туралы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » № 21 жалпы білім беретін мектептегі тамақтандыру туралы
27
ноябрь
2018

№ 21 жалпы білім беретін мектептегі тамақтандыру туралы

      Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және бір мезгіл дұрыс тамақтануын ұйымдастыру мақсатында 2018 жылдың 29 тамыз «Оқушылардың тамақтануы ұйымдастырылуы туралы»  бұйрығына сәйкес  мектепте тамақтандырудың  сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы құрылған. 2017 жылғы  25 желтоқсандағы  № 650 бұйрығына  6 қосымша, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2015  жылғы 13 сәуірдегі № 198  бұйрығына  өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының ерекшеліктері мен ата-аналар мен педагогикалық ұжымды таныстырып, қысқаша қажетті бөлімдер  бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2018-2019 оқу жылында 17 отбасы ата-аналарынан (жоғарыда аталған мемлекттік қызмет стандартының  2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша) өтініштері қаралды. Оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар  саны 24 отбасыларда тұратын  жетім балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балалар саны 2 оқушы, 2 отбасының материалдық – тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жасалған АКТ-ге сүйене отырып енгізілген балалар саны 2 оқушы.

   Мектеп асханасына  жеткізілген тамақ өнімдерінің  сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, өнімдердің және  дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына маниторинг, комиссия мүшелерімен  жүргізіледі. Мектеп асханасының  санитарлық талаптарға сай болуын қадағалау медбике Ж.Салимбаеваға жүктелген. Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру бойынша ыстық тамақтың ұйымдастырылуы бойынша рәсімделетін құжаттарды жүргізу  директордың  оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Б.Ш. Жандароваға жүктелген.

№ 21 жалпы білім  беретін  мектептегі тамақтандыру  туралы

 

№ 21 жалпы білім  беретін  мектептегі тамақтандыру  туралы