Мектептегі білім алушылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын анықтап, бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептегі білім алушылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын анықтап, бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
17
сентябрь
2021

Мектептегі білім алушылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын анықтап, бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

2021-2022  оқу жылында  28-тамыз күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарды  сақтай отырып, педагогикалық кеңес өткізілді.    Педагогикалық кеңесте «Мектеп оқушыларының әлеуметтік тұрмыстық  жағдайын анықтап, ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру» бойынша әлеуметтік педагог: А.А.Есалиева хабарлама  берді.
2021-2022 оқу жылында шектеу іс-шараларды, оның ішінде карантин кезеңіңде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы №3-15-2/3162-И және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №03-4644 хаттарына сәйкес жүзеге асырылды.
№ 21 жалпы  орта білім беретін  мектеп әкімшілігі  мен Андас батыр ауылдық әкімшілігінің мамандарымен  бірлескен комиссия мүшелерімен  17  отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде   жасалған актқа сүйене отырып, тізімге  енгізілген балалар саны -47 оқушы, 21 отбасының 39 оқушы  атаулы әлеуметтік көмек алатыны анықталды. Мектебімізде  барлығы 38 отбасы  86 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалар саны бекітілген. педегогикалық кеңеске ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылға 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында 
 білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру,сондай ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын  балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты 2021-2022 оқу жылында тамақтану сапасын бақылау мақсатында да комиссия құрылып, бекітілді. Бұл комиссия мүшелері жұмыс жоспарына сәйкес апталық тамақтану сапасын бақылау мониторингін жүргізіп отыратын болады.