«Отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері» » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері»
14
ноябрь
2022

«Отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері»

  1. "Балалардың интернетке тәуелділігі", "Буллинг, кибербуллинг", 
  2. "Балалар арасындағы суицидтік мінез құлықтың алдын алу"
  3. «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын» тренинг
  4. «Бала мен ата – ана қарым – қатынасы» 
    Кибербуллинг - бұл сандық технологияны қолдану арқылы қорқыту және қудалау болып табылады. Ол әлеуметтік желілерде, хабар алмасу қосымшаларында, ойын платформаларында және ұялы телефондарда болуы мүмкін. Бұл - мақсаты  қудаланғандарды қорқыту, ашуландыру немесе масқаралау болатын және келесілер арқылы орындалатын қайталанатын эпизодтар:
•  жалған ақпарат тарату немесе әлеуметтік желілерде біреудің әдепсіз фотосуреттерін орналастыру;
•  хабар алмасу платформалары арқылы қудалау  хабарламаларын немесе қауіптерді жіберу;
•  басқа адамның атынан шығып және оның атынан әдепсіз хабарламалар жіберу.
Шын өмірде қудалау   мен кибербуллинг көбіне бір уақытта орындалуы мүмкін. Бірақ интернет-қудалау жазбасы пайдалы болуы мүмкін және қорқытуды тоқтату үшін қажет дәлел бола алатын сандық із қалдырады.
   Ата-ана отбасының шайқалуы, ата-ананың ажырасуы, жасөспірімнің уайым-қайғыларына туғандары мен жақын адамдарының аяушылықпен қарамауы, теріс қылығы немесе айыптылығы үшін жазаланамын ба деп қорқу, ата-ана махаббатын шын мәнінде немесе жорымалы жоғалту, ата-анасының маскүнемдігі, отбасы тәрбиесіндегі қателіктер: отбасында жиі болатын жанжалдар, қатыгездікпен қарау, кінәлай ма деп қорқу осы аталған факторлар негізінде балалар арасында суицидке итермелейтін факторлар  болып табылады.
«Қатыгездік – адам мінез-құлқындағы жағымсыз іс-әрекет» дейді ғылым. Кеңірек тәпсіріне үңілсек, жеке адамдар немесе адамдар тобына қастандық, қиянат, зорлық-зомбылық жасауды білдіреді. Қатыгездік ұғымы термин ретінде құқықтану мен криминологияда көп жағдайда жан-жануарлар мен балаларға қатысты қолданылады. Ол – әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде белгілі бір мәдениеттерде тыйым салынған жолдармен тірі жан иелеріне қарсы жүргізілетін іс-әрекеттер тізбегі. Сондықтан да барлық елдердің қылмыстық кодекстерінде кісі өлімі жасалмас бұрын ауыр дене жарақаттары және рухани азаптаулар орын алған болса, оған жай кісі өлімдерінен айырмасы бар арнайы баптар бекітілген. Бірақ оның мағынасының одан да кең екені даусыз. Оған дәйектер айтпай-ақ жеткілікті, күнделікті көріп те жүрміз.
«Қоғам» деп аталатын алып жүйедегі трагикомедия барған сайын шиыршықталуда. Ал оның ішкі сыртқы бұтақтары мен арналарында қандай азалы сценарийлер ойналып жатқаны бір Аллаға ғана мәлім. Ақпараттық заманның арқасында ондай-ондай сұмдық жаңалықтарға тойып, кекірік атып отырған жайымыз бар. «Атып кетіпті», «шауып кетіпті», «ұрыпты», «сабапты», «зорлапты», «тонапты» – айта берсең, таусылмайды. Әйткенмен, осының бәрін естіп, біліп, көріп отырғанымызды «коммуникациялық технологияның кесірі» деп қатқыл сөйлеуге де итермелейді.
Баланы   бұзуға,  түзеуге   себеп    болатын
                                      бір   шарт   —   жас   күнде    көрген   өнеге- деп   Жүсіпбек    Аймауытовтың сөзімен айтар болсақ   қоғам  үшін  әркезеңде ,   әр   отбасында   өсіп     келе   жатқан   өрімдей    ұл  —  қыздардың дені   сау,    рухани   бай,   еңбекке,    білімге  құштар   болып    өсуі  —   ең   жоғарғы   тілек,    ең    биік    мақсат.   Оның   қуат   алатын   қайнар    бастауы   отбасы.   Отбасының    аса   құнды   ықпалы    мен   әсерін   өмірдегі    ешнәрсенің    күшімен   салыстыруға    болмайды.   Балаға   ата —   ана   тәрбиесінің   орнын     ешнәрсе    алмастыра    алмайды.    .  отбасы  —    өмірге    сәби   әкеліп,    оны    тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және    ұрпақ   жалғастыруда   теңдесі    жоқ   орын. Отбасының    балаға    тәрбие   берушілік   қызметінің    мақсаты  —  баланың    жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялық   процестерін    ескере   отырып,   жарасымды    жетілген   ұрпақты   тәрбиелеу, баланы  жастан », 
 «Ұяда   не   көрсең,   ұшқанда    соны  ілесің»   деген    даналық   сөздердің   мағынасы    өте   терең. Себебі,   есейіп    кеткен   соң   баланың    теріс   мінезін,   қалыптасқан    қате   көзқарасын  өзгерту    өте   қиын.   Осы    кезде  
«Балаңыздың   тәрбиесін    бастамас   бұрын,   өзіңіздің    мінез  —  құлқыңызды,   өмірге  көзқарасыңызды   ой    елегінен   өткізіп,   бақыладыңыз ба ? »   деген    сауал   туады.
Ұлы   педагог    А. С. Макаренко : «Балалардың    алдында   беделді   болуды   қаламайтын   ата – ана   жоқ.    Бірақ  қалай,  қай    бағытта   өнеге   беріп,   өсіріп   келе   жатқанын    ойламастан,   бала   санасын    рухани   өктемдік   жасап   тәрбиелейтін  ата – ана   баршылық.    Бұл   беделді   болудың    қандай   жолы?   Мұндай    жолмен   келген   адал    баланың   санасы   жетілгенде    өздігінен   жойылады»  деген.
Ата —  аналар    бала   бақытының   шынайы   бағбаны   болуы   тиіс .
Бала  бақыты   —  білімде.   « Білім    бір  құрал.  Білімі   көп   адам  құралы    сай  ұста   сықылды,    не   жасаса да   келістіріп    жасайды », —  дейді  А.   Байтұрсынов.
Ата –аналар есіне сақтау үшін: «Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді»
Егер: 
- баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді;
- баланы мұқата берсе, ол тұйық болуды үйренеді;
- баланы мақтаса ол игілікті болып үйренеді;
- баланы қолдаса, ол өзін бағалауды үйренеді; 
- баланы жазғыра берсе, ол кінәлі болып өмір сүруге үйренеді;
- бала шыдамдылықта өссе, басқаларды түсінуге тырысып үйренеді;
- бала адалдықта өссе, әділетті болуға үйренеді
- бала қауіпсіздікте өссе, адамдарға сенуді үйренеді;
- бала қастастықта өссе, басқыншыл болып үйренеді;
- бала түсіністік пен жылы шырайлы ахуалда өссе, ол осы өмірде махаббатты табуға үйренеді
Ата-анамен мектеп арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.