Мектеп оқушыларың тегін тамақтандырудың ұйымдастырылуын, мектеп асханасындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын тексеру туралы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп оқушыларың тегін тамақтандырудың ұйымдастырылуын, мектеп асханасындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын тексеру туралы
02
март
2020

Мектеп оқушыларың тегін тамақтандырудың ұйымдастырылуын, мектеп асханасындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын тексеру туралы

Мектеп асханасының санитарлық жағдайын  бақылау үшін    мектеп  медбикесі: Каналы Ардақ тексеру жұмысын жүргізді.  Аспазшының оқушылардың ыстық тамақты ұйымдастыруға дайындығын, санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеріп, ас үйдің  тазалық ережелері сақталғанын тексерді. Қоймалық бөлмелерде азық-түліктер жәшіктері дұрыс тіркеліп, сақталатын сөрелер арнайы тәртіппен орналастырылған. Азық-түліктердің сақталу жағдайы мен тұтыну мерзімі туралы асхана қызметкеріне  айтылды. Асхана бұрышында мектеп әкімшілігі мен жауапты  қызметкерлер тарапынан  кезекшілік пен білім алушылардың тамақ ішу кестесі ілініп тұр. ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2017ж. 16 тамыздағы №611 бұйрығымен «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  санитарлық қағидаларының 7 тарау 102 тармағы  негізінде тамақ ішу арасындағы интервал 3,5-4 сағаттан аспауы тиіс екені, 118 тармағына сәйкес тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және камераларында жүзеге асырыдады. Температураны бақылау үшін термометр орнатылып, сынап термометрін пайдалануға жол берілмейтіні ескертілді.