Мектеп оқушыларының тамақтануын қадағалау туралы
Мектеп оқушыларының тамақтануын қадағалау мақсатында мектепте құрылған комиссия мүшелері ас мәзірінің дәмдік сапасын бақылау жасап, азық-түліктердің сапасын тексерді. Тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағаланды. Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады. Комисия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа беріліп отырады. Тез бұзылатын тамақ өнімдері: ет, сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқыштың іші таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай, ішінде температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталады. Мектепте арнайы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны қадағаланып, тіркеліп отырады.



