Тиімді тамақтану бойынша «Ашық есік» күндерінің ұйымдастырылуы
Тиімді тамақтану бойынша «Ашық есік» күндерінің ұйымдастырылуы
Мерзімі:11-13 ақпан
Мақсаты : мектеп оқушыларының тамақтануын , асханадағы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын, астың ас мәзіріне сай дайындалуы қадағалау.
Мектеп асханасында 11-13 ақпан күні аралығында асханадағы астың ас мәзіріне сай дайындалуы туралы «Ашық есік» күндері ұйымдастырылды. Комиссия мүшелері азық- түліктердің сапасын, астың ас мәзіріне сай дайындалып жатқаны туралы тексеріс жүргізілді.
Тексеріс барысында анықталғаны асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификатары бар. Асханаға нанды жергілікті наубайхана кызметкерлері жеткізіп тұрады. Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алған. Комисия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа берілді. Тез бұзылатын тамақ өнімдері : ет. сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақталған. Тоңазытқыштың іші таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай, ішінде температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталған. Мектепте арнайы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны қадағаланып, тіркеліп отырады.
Асхананың, санитарлық –гигиеналық талаптарға сай, оқушыларға берілетін ыстық тағамға органалептикалық бағалау жүргізілді, бракераж журналына тіркелді . Асханадағы тамақтанатын залда мектеп басшысымен бекітілген ас мәзірі ілініп тұрды. Онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетілген. Осы ас мәзірі бойынша тағамның дайындалуын, шикі тағамдардың жарамдылығын және тиым салынған тағамдардың дайындалмауын күнделікті қадағаланды.
Дайындалатын тағамдар меню рецептураларына сәйкес жасалған. Асханада тағамдардың дайындалу тәсілі, тамақтың сапасы, құнарлығын комиссия мүшелері тарапынан қадағаланды.Күнделікті қолданысқа берілетін су мектептің қазандығынан жеткізіледі. Ыдыстар 10 литр көлемдегі 3 арнайы ыдыста жуылған, шайылған кептірілген. Асханада қайнаған су эмальды ыдыста қолданыста тұр. Қолданыста жүрген ыдыстар 0,015% хлор ерітіндісімен залалсыздандырылған. Асханада қол жуатын қолжуғыш, сұйық сабын, қол сүртетін қағаз қолсүлгі қолданыста болды.
Асхананың іші таза, жарық, санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Технологиялық және тазалықты сақтау құралдарымен жабдықталған.


