08
октябрь
2021
Мамандық және темперамент


Күнделікті өмірдің қуанышы мен қайғысында сангвиник,
Ал,өмірдің маңызды жаңалықтарында – меланхолик,
Біздің қызығушылығымызды тереңдететін мүмкіндікте – холерик,
және тілектеріміздің орындалуында флегматик болу керек.
В.Вундт
Темперамент – биологиялық сапа, ол уақыт өте келе емес, дүниеге келген кезден бастап қылыптасады. Темперамент біздің реакциямыздың күшін және тұрақтылығын анықтап, жылдамдығын қамтамасыз етеді. Ол ойлауда, біздің сөзімізде, қарым- қатынас манерасында көрінеді.
Нәтижесінде: сауалнамаға 20 оқушы қатысып, оқушылардың темперамент типтері мен темперамент типіне қарай мамандыққа бейім екендігі анықталды.
Оқушылармен жүргізілген сауалнама негізінде оқушылардың белгілі бір сұрақтарға жауап беруіне байланысты оқушылардың интроверт, амбиверт немесе экстроверт яғни қаншалықты ашықтық деңгейде екендігі анықталынды. Белгілі бір сұрақтар негізінде оқушылардың тұрақтылық деңгейі анықталды. Оқушылардың әр бағыт бойынша жинаған ұпайлары бойынша тұжырымдамалармен таныстырылды.
Оқушылардың ашықтық, тұрақтылық шкалалар бойынша жинаған ұпай сандары қосылып, Көлденең (горизонтальды) өске «Экстраверсия» шкаласының бал қосындысы, ал тік (вертикальды) оске тұрақтылық «Стабильность» шкаласының бал қосындысы жазылды.
4 темперамент типтері мен мамандықтары анықталды:
Меланхолик – 2, мелонхолик темпераментінің мамандықтары: педагог, суретші, тігінші- модельер, бояушы, сазгер, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, есепші, радиомеханик т.б. мамандықтар.
Холерик – 5, холерик темпераментінің мамандықтары: әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспечер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер, аспазшы, геолог, электрик т.б. мамандықтар жарасады
Флегматик – 4, флегматик темпераментінің мамандықтары: зерттеуші, ғалымның мамандық сапалары. Олар механик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, ғылыми- ботаник, астроном, физик, математик т.б.
Сангвиник – 7, сангвиник темпераментінің мамандықтары: менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, инженер- технолог т.б. мамандықтарды иелене алады.
Холерик – сангвиник – 1
Флегматик – сангвиник – 1
Қорытынды: Әр адамда холериктен, сангвиниктен, флегматиктен және меланхоликтен типтері кездеседі, бастысы соны біліп, әрекет жасау қажет, жағдайға қарай іс- әрекеттің тиімді моделін таңдап, табиғи мінез-құлыққа бой алдырмай, оларды дамытып, ұштау керек. Темпераменттердің ерекшеліктерін мамандық таңдағанда ескерген жөн.