26
ноябрь
2021
«Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.»
«Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.» Елбасының бұл үндеуін жастардың санасына сіңіру біздің міндетіміз. Білім кез келген уақытта өзекті мәселе, сондықтан Елбасымыздың қағидаты жастарға тың серпін беріп, білім алуға құштарлықтарын арттырады . Өскелең ұрпақтың білімге құштар болуы – келешек кепілі. Елбасы жастарға үндеуінде дәл осы ойды меңзеді. Жастар-еліміздің қозғаушы күші, сенім артар үміті. Тәуелсіз мемлекеттің тұғыры асқақ болсын десек, халқымызға пайдасын тигізер жас мамандар шығару керекпіз. Осы орайда білім алушылардың кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу мақсатында №21 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізіледі. «Еңбек – елдің мұраты» жобасы шеңберінде өзінің кәсіби саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген табысты адамдардың өмірі мен қызметімен таныстыру үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін» мұғалімі О.С. Лайпанова 10 сынып білім алушыларымен «Бахор» шаруашылық қожалығына саяхат ұйымдастырды. Кәсіпкер Б. Хасанбаев сұхбат барысында кәсіпкерлік кез келген адам айналысуға болатын әрекет түрі, табысты кәсіпкер болу үшін білім, іскерлік, қабілеттілік, күш - жігер, жауапкершілік керек , деп жастарға ақыл кеңес берді. Сондай ақ, білім алушылар кәсіпкерлік негіздері бойынша базалық білім алды, қазіргі нарықтық жағдайларда дербес қызмет ету үшін қажетті кәсіпкерлік ойлау дағдыларын меңгерді, кәсіпкер тәрізді ойлай білу қабілетін дамытып, өмірде қажет болатын маңызды дағдыларын жетілдірді.




