Тәрбие есебі 2022-2023
№21 жалпы орта білім беретін мектебі
2022- 2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының
жылдық есебі
Андас батыр ауылы -2023ж
№21 жалпы орта білім беретін мектебінің2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысының жылдық есебі
№21 жалпы орта білім беретін мектебінде тәрбие жұмысыҚазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №145 бұйрығына 2-қосымша, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы, 15-қосымшасына сәйкес тәрбие мен білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру . Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы «16» қыркүйектегі № 472 бұйрығына 2-қосымша, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдерін іске асыру мақсатында жоспар жасалып, жұмыстарын атқарылды.
Биылғы оқу жылында мектептің тәрбие беру жұмысының тақырыбы:
«Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу»
Мақсаты:
Ұлттық және жалпыадами құндылықтар негізінде зияткерлік, рухани-адамгершілік тұрғысынан және физикалық дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
- Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
- Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
- Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
- Балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне толеранттылық, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым-қатынасты тәрбиелеу;
2.Білім беру мен тәрбие процестерін жүзеге асыруда ата-аналардың, оқушылардың, сынып жетекшілерінің, тәлімгерлердің, әлеуметтік педагогтардың және психолог- педагогтардың бестік одақ жұмысын қарастыратын тәрбие жүйесінің жаңа моделін дамыту.
3Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;
4.Кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін-өзі іске асыруына және өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау
Тәрбие жұмысының негізін жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, әсемдік, бостандық, қайырымдылық, жақсылық, махаббат, және т. б.) және ұлттық құндылықтар – (тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр) құрайды.
Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысы төмендегідей бағыттармен атқарылды.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
- Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;
- Рухани-танымдық тәрбие;
- Ұлттық тәрбие; 4.Отбасылық тәрбие;
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; 6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
7.Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу;
8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
2022-2023 оқу жылында құндылықтарға негізделген оқу –тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде төмендегі жобалар іске асырылды.«Оқуға құштар мектеп», «Дебат қозғалысы», «Оқушылардың «Өзін-өзі басқаруы»,«Отбасы- орта мектеп», «Құқықтық сана- қоғамға пана», «Дәстүр мен ғұрып»,«Еңбек- елдің мұраты», «Үнем-қоғам қуаты», «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет», Мектепке жыл басында 907 оқушы қабылданып, 44 сынып комплектісі жұмыс істеді, жетім бала - 0, мүгедек бала жоқ, ИДН тізімінде оқушы жоқ. Оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жұмысы жүргіліп мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалынды.Көп балалы отбасы бала саны-395 , жетім отбасы саны - 0,аз қамтылған отбасы саны- 40. Жайсыз отбасы-0, өгей әкемен тұратын оқушы саны-0, өгей шешемен тұратын -5 екендігі анықталды.
Жүзеге асырылған істер:
1.Ашық тәрбие сағаттарының өту барысы төмендегідей:
Білім күніне (1-11 сыныптар), жолда жүру онкүндігіне орай (1-8 сыныптар), ұстаздар мерекесі 1-11 сыныптар, Тәуелсіздік мерекесі (1-11 сыныптар) , 8 наурыз мерекесі (1-11 сыныптар), 22 Наурыз мерекесі (1-11 сыныптар), 1 мамыр Бірлік күніне (1-10 сыныптар), 7 мамыр Ұландар күні, 9 мамыр Жеңіс күні (1-10 сыныптар)
Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу,
құқықтық тәрбиелеу
1 қыркүйек күні «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиын өткізілді. Мектеп директоры Э.Бекжанова мектеп ұжымын, ата-аналарды, 1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Биылғы оқу жылында 1 сыныпқа 72 бала қабылданды. Алғашқы қоңырау мерекесі 2022 – 2023 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасты. «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=489
5 қыркүйек «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне арналған қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған 8-11 сынып білім алушыларының арасында "Ұлты ұлықтаған - ұлы ұстаз" атты әдеби кеш өткізілді. «Ахмет Байтұрсынұлы-дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктантқа қызметкерлер мен білім алушылар белсенді қатысты. Түрлі этнос өкілдері қатысып, ашық диктантты жоғары деңгейде жазды. Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай "Қайталанбас дара тұлға" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Аудандық «Үміт» сарайында М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай "Мұхтар мұрасы" атты аудандық байқауда 3”Ә" сынып оқушысы Құрманғали Ұлдана "Жас ақындар мүшәйрасы" категориясы бойынша жазушыға арнап жазған ақындардың өлеңі мен өзінің шығарған "Ұлы Мұхтар" өлеңін жатқа мәнерлеп айтып, 3-орынға ие болды.Мектеп оқушыларының азаматтық сана-сезімдерін арттырып және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу мен бағалауға деген ұмтылыстарын қалыптастыру мақсатында 2022 жылдың 10 -20 қазан аралығында мектепте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерді насихаттау онкүндігі өткізілді. «Қазақстан Республикасының Рәміздері» тақырыбында тәрбие сағаттары жүргізілді. «Туым-намыс, ұраным-бірлік, рәміздерім - мақтанышым» атты акция, «Қазақстан менің алтын бесігім» суреттер байқауы, «Тәуелсіздік рәміздері» атты эссе байқауы өткізілді.25 – қазан Республика күніне орай мектепте «Республикам менің» атты челлендж ұйымдастырылды. Бұл акция білім алушылардың патриоттық рухын тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болды. Білім алушылар жалынды өлең шумақтарын оқып, кейін оны басқа сыныптағы достарына жолдады. Осылайша әлеуметтік желі арқылы елдің рухын көтеріп, айтулы мерекенің мәртебесін арттырды.Республика күніне орай 19 қазан күні «Қыран елім – Қазақстаным» республикалық патриоттық акциясы аясында мектеп кітапханасында «Барымыз да, бағымыз да-Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Болашақ ұрпақтын Отанына деген сүйіспеншілігін, махаббатын ояту, патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында мектепте 20 қазан күні«Қыран елім – Қазақстаным» республикалық патриоттық акциясы аясында Мемлекеттік гимн орындалды. 21 қазан күні «Қазақстанның жеті кереметі» тақырыбында сыныптан тыс іс -шара ұйымдастырып өткізілді.«Қыран елім-Қазақстан» атауымен Республика күніне орай жалпықазақстандық ашық диктант өтті.1-11 сынып білім алушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.Мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай15 желтоқсан күні "Тәуелсіздік-желтоқсан рухы" атты аймақтық-жолдастық дебат турнирі өткізілді. Желтоқсан куәгерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгерлері Егембердиева А. А. және Абишева Н.И. қатысты. Сонымен қатар, 14 желтоқсанда «Мәңгілік Елім-Қазақстан» атты салтанатты лездемеде «Жас Қыран» балалар бірлестігіне оқушыларды қабылдау рәсімі өткізіліп, үздік оқушылар «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылданды. «Тәуелсіз-ел тілегің», «Тәуелсіздік-ел бақыты!», «Ел аңсаған тәуелсіздік», «Тәуелсіздік-Мәңгілік» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. 16 желтоқсн-Тәуелсіздік күніне орай білім алушыларды отаншылдыққа, туған елін мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында 9 желтоқсан күні мектепте «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбында «Жас шекарашы» әскери патриоттық ұжымымен кездесу өткізілді. «Сыпатай батыр» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінің 2-топ офицері лейтенант Мәдиұлы Әділетғасыр білім алушыларға өз қызметі туралы айтып әңгімелеп берді.2023 жылдың 4 мамыр күні мамыр мерекелері мен Жеңіс күніне орай «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу сағаты ұйымдастырылды.
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесіне орай «Әскери жолмен, жігерлі ұлан болайық» атты кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: жоғары сынып оқушыларына Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Кездесуде «Сыпатай батыр» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінің офицері аға лейтенанты Мұратбек Қ.Қ. жастардың бойына елжандылық пен отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырып, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиеледі. Осындай кездесулер жасөспірімдердің патриоттық тәрбиесін, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады.
6 сәуір күні 8-11 сынып ұл бала оқушыларына еліміздің көп ұлттылығын, достығын, бірлігін, мәдениетін және байлығын насихаттай отыра, достық пен бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу, білімді болуға, Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға тәрбиелеу мақсатында «Достықтың тұғыры бейбітшілікте» тақырыбында Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Б.Дауренбеков және Меркі АПБ ЖПКБ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Р.Мырзабаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында полиция қызметкерілері Қазақстан Республикасындағы халықтар ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығы туралы айтты.
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=598
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=595
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1055
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=990
Оқушылардың діни сауаттылығын арттыру туралы.
Мектепте терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және діни теріс ағымдардың таралуын болдырмау бағытында бірлескен жұмыстар жүргізілді. Мектепте әлеуметтік психологиялық қызмет жұмыс істеді. 1 қабатта оқушыларға арналған анонимді хабарлар үшін, өтініштер мен- шағымдарға арналған сенім жәшігі орнатылған. Мектеп дәлізінде тақырыптық стенд безендірілген. Мектептің ішінде және сыртында бейнекамералар орнатылған, күзетші, вахтерлар жұмыс атқарады. Мектебімізде діни экстремизмге қарсы іс-шараларды белгіленген жоспар бойынша жүргізілді. Іс-шараларды сынып жетекшілері, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар атқарды. Мектеп ауылдық полиция бөлімшесімен бірлесе отырып «Жасөспірім», «Балалар түнгі ауылда» тақырыбында жыл бойы профилактикалық іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде діни экстремизм мен терроризмге қатысты , мешітке баратын оқушылар және құқықтық шаралар бойынша бұзушылық анықталған жоқ. Білім күнінен бастап оқушылардың классикалық үлгідегі мектеп формасын киюі бақыланып отырды. Мектепте хиджап, никаб киетін оқушылар жоқ. 2022 жылдың 2 қыркүйек күні мектеп ұжымымен дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарымен, бұйрықтармен таныстыру жұмыстары жүргізілді. АӘД пәні мұғалімі С.Кыдыралиев мектеп кіші қызметкерлерге «Жарылғыш құрылғыға ұқсас заттарды анықтау бойынша ұсыныстар» туралы, «Жарылғыш құрылғыға ұқсас заттарды анықтаған кездегі іс-қимылдар» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 10 қазан күні мектепте дін саласындағы ақпараттық - ағарту жұмыстарын жүргізу және білім алушылардың арасында деструктивтік діни ағымдарға тартылуының алдын алуға бағытталған "Тыйым салынған репост", "Теріс ағымдардың ұраны - тартыс" атты бейнекөрсетілімдері екі тілде көрсетіліп, талқыланды. 26 қыркүйек күні зайырлылық және дінтану негіздері пәні мұғалімі А.Турдиева «Жасөспірім және дін» тақырыбында білім алушылармен сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырып, өткізді. 21 қазан күні Меркі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мамбетов А.С. «Мемлекет және дін» тақырыбында білім алушылармен ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді. Жасөспірімдер мен жастардың патриоттық қозғалыстарын ұйымдастыру, жастар ортасын радикалды діни идеологиядан сақтандыру мақсатында мектепте қараша айында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы өткізілді. Өткізілген шаралардың ең тиімдісі-оқушылармен тікелей кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізу болғандықтан мектепте діни ағымдардың өскелең ұрпаққа кері әсері туралы ақпарат беріп, одан аулақ болудың жолдарын түсіндіру мақсатында айлық барысында тәрбие сағаттары, акция, ата-аналар жиналысы, дәрістер өткізілді.15 қараша күні «Жастар экстремизмге қарсы» атты акция өтті. Іс-шараға 9 сыныптан-82 оқушы қамтылды.Акция шеңберінде қабырға газеттері шығарылып, оқушыларға плакаттар таратылды. Акция барысында оқушылар тақпақтар айтып, «Біз діни экстремизмге қарсымыз!» тақырыбында флешмобтар ұйымдастырды. 23 қараша күні діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу және оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 10 сынып оқушылары арасында «Жаһандық құзіреттілік» пәні мұғалімі Тазабекова С.Д. «Діни сауаттылық-ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 11 қараша күні «Экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында 8 сыныптар арасында плакаттар шеруі өткізілді. АӘД мұғалімі С.М. Қыдыралиев 8-11 сынып оқушыларымен терроризм актісі жасалған кезде терроризмге қарсы жүріс-тұрысты және іс-қимылды қалыптастыру бойынша дәріс жүргізді. «Терроризм қауіпі туындаған жағдайдағы іс-қимыл» жадынама- флайерлерімен таныстырды. 25 қараша күні үйірме жетекшісі К.Исабековтың ұйымдастыруымен «Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз!» ұранымен волейболдан жарыс өтті. Жарысқа 32 оқушы қатысты. 28 қараша күні әлеуметтік педагог Э. Ахметова «Діни-экстремизм деген не, оны қалай түсінесіз?» тақырыбында ата-аналар арасында дәріс жүргізді.
«Құқықтық сана-қауымға пана» жобасы аясында Мектеп Жарғысы мен ішкі тәртіп Ережелеріне жалпыға міндетті мектеп формасы еңгізілген.Ата-аналармен келісім шарт жасалды. Оқушылар арасында оқу жыл басында жалпы жиналыс өткізілді. Жиналыста Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының 47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі айтылды. Осы мәселе бойынша тамыз айында жалпы ата-аналар жиналысында ата-аналар және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен таныстырылды.
Мектепте «Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін» өткізу туралы бұйрық шығарылды, іс-шара жоспары дайындалды және өтілуіне жауапты қызметкерлер бекітілді. АӘД мұғалімі С. Кыдыралиев пен педагогикалық ұжым және оқушылар қысылтаяң жағдай кезіңдегі іс-әрекеттер, «Барлығыңыздың назарларыңызға» құрылымы эвакуация сигналы тәртібі бойынша іс-әрекеттер пысықталды, саптық жиын өткізілді, онда оқушылар үшін педагогикалық ұжымның төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттері жайында ақпарат берілді. Мектеп оқушылары, педагогикалық құрам мен техперсоналдар төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында қауіпсіз жерге көшірілді. Педагогикалық ұжым мен оқушылар үйлесімді жұмыс жасады. Эвакуациялау іс-шаралары бойынша оқушылар, тұрақты құрам мен қызмет көрсеуші персоналдар жұмылдырылды. Обьективті жаттығу барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ұйымдасқан түрде өтті.
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=998
Жол-көлік жарақатының алдын алу жұмыстары.
«Құқықтық сана-қауымға пана» жобасы аясында жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында арнайы жоспары жасалып, іс-шаралар жүргізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №982 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспары негізінде жол –көлік оқиғасының алдын алу бойынша «Жол қозғалысы ережелерін білу-қауіпсіздік негізі» Ұлттық бағдарламаның тұжырымдамасы аясында және Меркі ауданының білім бөлімінің 01.09.2022ж. №944 хаты негізінде мектепте «Абайлаңыз-балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. 5 қыркүйек күні 1 сынып оқушыларымен жол-көлік оқиғалардың алдын алу мақсатында қауіпсіз жүріс -тұрыс дағдыларын бекіту сабағы өткізілді. Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция инспекторы Б.Дауренбеков білім алушыларға жол ережелері жайында айтып, Ә.Шотай орталық жолындағы жол белгілерімен таныстырды. Жолдан өту ережесі бойынша сұрақ - жауап жүргізіп, практикалық түрінде бекітті. Қамтылған: 72 оқушы. 8.09.2022 ж. АПБ қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіпсіз жол» тақырыбында мектеп оқушыларымен өткізілген кездесу өтті. Кездесуге Меркі АПБ көші қон қызметінің аға инспекторы полиция майоры Е. Даулетбаев, ЖПҚб УПИ Р.Мамытбеков , ЖПҚб ЮПТ Б.Дауренбеков 9-11 сынып білім алушылары, сынып жетекшілері қатысты. Жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп мектеп жасындағы балалардың жарақаттану жағдайларын болдырмауға бағытталған «Назар аударыңыз балалар!», «Қауіпсіз жол», «Автобус» және т.б. профилактикалық іс шараларды өткізуді ұйымдастырылды.Сынып жетекшілер ата-аналармен жолда жүру қауіпсіздігі туралы тақырыптық жиналыстарын өткізді.
Жыл бойы жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету мақсатында 1-8 сынып жетекшілер 2022ж.3 тамыздағы № 348 бұйрық негізінде ай сайын сынып сағаттарын өткізді. Сонымен қатар, темір жол бекетіндегі жолдан өту кезіндегі белгілер мен сигналдар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.27 наурыз бен 10 сәуір аралығында "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" тақырыбында акция өтті. 27 наурыз күні мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында жол ережесін сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметінің қандай екенін үйрету мақсатында мектеп инспекторы Б.Дауренбеков жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 28 наурыз күні Меркі АПБ ЖПҚБ аға УПИ полиция подполковнигі Байжуманов Е.Т. және Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Б.Дауренбеков мектеп жасындағы балалардың жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу жоспары аясында "Мектепке барар қауіпсіз жол" такырыбында 5-6 сыныптар арасында профилактикалық дәріс жүргізді, балаларды жол ережелерімен таныстырып, көктем уақытында жол үстіне ойнамау ( асық, доп т.б), жолдан өту ережелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 28 наурыз күні білім алушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Б.Дауренбеков 8 сынып білім алушылары арасында «Жас жолаушы және жол жүру ережесі» тақырыбында дәріс өткізді.27 наурыз күні 1"В"сыныбында «Поездка на автобусе, троллейбусе, трамвае» тақырыбында балалардың жолда жүру қауіпсіздігі бойынша тәрбие сағаты өтілді.31.03.2023ж. жоғары сынып оқушылары арасында «Жас жолаушы және жол жүру ережесі» тақырыбында үйірме жетекшісі Г.Босатова дебат турнирін ұйымдастырып өткізді. Балалардың жол-көлік оқиғасының алдын алу, балалардың жарақатын төмендету бағытында 6-8 сынып оқушылары арасында аудандық «Жас қозғалыс инспекторлары» ХХІІ слетінде «Үздік жас медициналық қызметкер» номинациясы бойынша Дипломмен, мектеп командасы қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=639
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1048
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1047
Жоспарға сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және балалар арасындағы қаңғыбастық пен қараусыздықты ескерту мақсатында ер мұғалімдер аптасына бір рет көшелерді аралап рейдтік іс-шаралар жұмыстары атқарылып тұрды. Нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында тәртіп бұзушылық мәліметтер тіркелген жоқ.
Мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Б.Тайбекова қыркүйек айында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен заң бұзушылықтың алдын – алу жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес «Мектептің ішкі тәртіп ережесі» тақырыбында 5-11 сынып білім алушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дәріс оқыды.
8 қараша күні 20 қараша-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала құқығы- адам құқығы», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық онкүндігіне орай іс-шара жоспары құрылып, бекітілді 20 қараша –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық онкүндікті ұйымдастыру іс-шара жоспарына сәйкес көп балалы және жалпы ата-аналармен «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
https://www.facebook.com/groups/1597841503618080/permalink/5652609944807862/
10-18 қараша аралығында оқушылардың құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алуға байланысты Андас батыр ауылының көшелерінде кешкілік мезгілдегі «Түнгі ауылдағы балалар!» рейд жұмыстары тиісінше атқарылды. Рейд барысында келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Кәмелетке толмағандар тіркелген жоқ.10-18 қараша аралығында мектеп кітапханасында«Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға» тақырыбында кітап көрмесі орналастырылды. 17 қараша күні аға тәлімгердің ұйымдастыруымен 6-7 сыныптар арасында «Біз бәріміз біргеміз» тақырыбында флешмоб өткізілді.
9-18 қараша аралығында 2-11 сыныптар аралығында «Әр бала зорлық- зомбылықсыз балалық шаққа құқылы!»тақырыбындасынып сағаттары сондай-ақ,«Біз құқық бұзушылыққа қарсымыз», «Бала құқығы-адам құқығы», «Бақытты отбасы- бақытты ел», «Құқығын білген қор болмас», «Әрқашан жақыныңа жәрдемші бол!»Зорлық-зомбылыққа қарсы қарым-қатынас ережесі, «Құқықтық сауаттылық заман талабы», «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі», «Мен және менің құқығым», «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қаралған шақ» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
20 қазан мен 20 қараша аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты айлықтың өткізілді. Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
22 қазан күні әлеуметтік педагогтар А.А.Есалиева мен Э.М.Ахметованың ұйымдастыруымен «Бақытты ана – бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел» көпбалалы аналармен және ата-аналар қоғамдастықтарымен кездесу өткізілді. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру,отбасы арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық қарым-қатынасты қалыптастыру,сапалы білім,саналы тәрбие ,салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Бақытты отбасын құру.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=997487567760799&id=100024986943887
25 қазан күні мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі: Б. Биназарованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұрпағы» балалар өкілдіктерінің өкілдерімен және көшбасшы балалармен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: білім алушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1177290616128201&id=100015418211169
26 қазан күні тәлімгері: А.Е.Сулейманова «Құқығым бар» мектеп көшбасшыларымен семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру.
27-29 қазан күндері Б.Биназарова «Балалық шақты бірге қорғайық » балалардың құқықтарын және Балалар құқықтары жайлы Конвенцияның баптарын түсіндіру мақсатында мектеп парламентімен Челлендж ұйымдастырды.
https://m.facebook.com/story.php?storyfbid=1187914851732444&id=100015418211169
1 қараша күні 1-11 сынып жетекшілер «Балалар мүддесі үшін» тақырыбында инфографика ұсынды. Инфографика – хабарды, ақпаратты, білімді графикалық тәсілдер арқылы ұсыну. Инфографика бұл ақпаратты визуалды түрде ұсыну, көбінесе қиын ақпаратты тез, оңай және анық жеткізу қажет болғанда қолданылады. Сонымен қатар 1-11 сынып жетекшілердің назарына «Кальмар ойынының» бала өміріне қауіпті екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Кальмар ойыны» бұл өмір үшін күресіп, көп ақша үшін бәсекеге түсетіндер туралы драмалық сериал.Ол Оңтүстік Корея кинематографына тән қатыгездікпен аяусыз көріністерге толы сериал.
https://www.facebook.com/1000154182111/posts/1191015011422428/?sfnsn=mo
2-5 қараша күндері 5-11 сыныптар 10-17 жас аралығындағы оқушылары арасында «Балалар не туралы армандайды»- жас блогерлер мен журналистер арасында «Үздік блогер» , «Қазақстан балалары туралы үздік пост», «Ересектерге арналған үздік үндеу» наминациялары бойынша бейне конкурс өткізілді.
https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/videos/4548166525265520/?sfnsn=wa
20 қазан мен 20 қараша аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» айлық барысында ДҚТЖО Ж.Ж.Жакипбекова, кезекші мұғалімдер және мектеп инспекторы Н.А.Саховтың қатысуымен күндізгі және түнгі мезгілінде рейдттік іс-шаралары ұйымдастырылып, жүргізілді. Рейдттің мақсаты: мектеп жасындағы балалардың беталды, беймезгіл уақытта қоғамдық жерлерде болмауы, тәртіп бұзушылықпен құқық бұзушылықтың алдын алу.
Осы мақсаттарға орай, мектепте күндізгі, түнгі мезгілінде өткізілетін рейдттің кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Рейдтерге мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы – Н.А.Сахов қатысып, рейдтің барысы туралы қорытынды есептері тапсырылып тіркелді. Жалпы, қараша айында 4 (төрт) рейдттік іс-шаралар жүргізілді. Рейдттер барысында шекара маңы, ойын-сауық мекемелері, май құю станциялары және мектептің маңы, мешіттер және ауыл көшелері қамтылды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге темекі сатқан дүкендер де бақылауға алынды. Осы рейдтердің қорытындысына келсек, жалпы кезекшілердің есептері бойынша өткізілген рейдтер барысында мектеп жасындағы ешқандай балалар мен жасөспірімдер анықталып, тіркелген жоқ.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1192987051225224&id=100015418211169
9 қараша күні әлеуметтік педагог А.А.Есалиева жартылай жетім және әр түрлі санаттағы балаларға арналған «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты балалардың өмірге деген көзқарастарын жақсы жаққа қарай өзгертуе, болашақ ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды сіңірту.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1192832851240644&id=100015418211169
10 қараша күні директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Жакипбекова, мектеп инспекторы Н.А.Сахов 9-11 сынып оқушыларымен «Бала құқығы – адам құқығы» атты айлық негізінде «Құқық сабақтары – өмір сабақтары» тақырыбында дәріс сабақтары өткізілді. Оқушылармен өткізілген дәріс сабақтарының мақсаты- адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 14,17,27,30,34 баптарымен таныстырып, заңға бағыну міндетіміз екенін ескертті. Ал, мектеп инспекторы Н.А.Сахов ҚР қылмыстық Кодексінің 393 бабы «Бұзақылық» және әкімшілік құқықбұзушылық туралы 442 бап «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» туралы түсіндірді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1192954837895112&id=100015418211169
2023 жылдың 01-28 ақпан аралығында «Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын алу» айлық жоспар бекітіліп, бұйрық шығарылды. 7 ақпан күні 9-11 сынып білім алушыларымен аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Метеркулова, аудандық прокуратурасының прокуроры Игенбекова Сәуле Түзелбекқызы , АПБ ЖПҚБ полиция майоры Д.Омарова, Б.Дәуренбеков, «Ұшқын» орталығының психологі А.Метеркуловалардың қатысуымен «Тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы - құқықтық тәрбие» тақырыбында кездесу өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандар арасында зорлық – зомбылықтың алдын алу. Кездесу барысында білім алушыларға көптеген мәліметтер беріліп, заңдармен таныстырылды. Заңдарды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам өмірінде қабылданған заңдардан хабардар болу құқықтық ұғынудың жоғары деңгейі. Адамның құқықтық мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатынына көз жеткізу қиын емес. Осыған қарамай оқушылардың біраз бөлігі көп жағдайда қылмысқа тартылудың шектеулі жас кездері бар екенін біле бермейді. Құқықтық тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әдептілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтық тәрбиенің бұзылуына әкеп соғады деп қорытындылады. Кездесудің аяғында Меркі ауданы прокуратурасы тарапынан дайындалған жадынамалар таратылды
http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/951-tlany-alyptastyrudy-mayzdy-faktory-yty-trbie.html
8 ақпан күні Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның полиция инспекторы Б.Б. Дәуренбеков және №5 мобильдік топ мүшелерімен «Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын -алу» айлығы барысында9 -11 сынып білім алушыларымен «Құқық бұзушылық және заңдылық» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында заң бұзушылық әрекеттер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам өмірінде қабылданған заңдардан хабардар болу құқықтық ұғынудың жоғары деңгейі. Адамның құқықтық мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатынына көз жеткізу қиын емес. Жастар тәрбиесі қай кезеңде де отбасына және білім ордасы мектеппен тығыз байланысты. Жұмысыңның адал жемісі - алдыңа келген көмекке мұқтаж және дәріс алған оқушының дұрыс тәрбиеленуімен, білім алуымен қатар азаматтық, адамгершілік тәрбиенің бір саласы – құқықтық тәрбиені қоса игеру болып саналады.
http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/954-y-bzushyly-zhne-zadyly.html
2023 жылдың 3-9 ақпан аралығында 6- 11 сынып білім алушыларынан мектеп психологтары: А.С.Назаркулова , С.Дәуренбекова «Құқық бұзушылықтың алдын алу, бопсалау» тақырыбында саулнама алды. Сауалнаманың мақсаты: білім алушылар арасында балаларға қатысты зорлық – зомбылық пен қатыгездікті қарау мәселесі туралы ой – пікірлерін білу арқылы зорлық – зомбылық пен қысым көрсетушілік, буллинг, кибербуллинг, тұрмыстық зорлық – зомбылық фактілерін алдын алу.
http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/958-y-bzushylyty-aldyn-alu-bopsalau.html
10 ақпан күні әлеметтік педагог Э.М. Ахметова Андас батыр ауылындағы тарихи өлкесінің мәні бар жерлерге әртүрлі санаттағы білім алушылармен саяхат жасады. Бұл саяхаттың мақсаты әр түрлі санаттағы балалар және жайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан білім алушыларға тарихи мәні бар жерлер туралы түсінік беріп,оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілеттерін, туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Сондай - ақ білім алушылардың бойына ата- бабаларына деген құрметерін, туып өскен ауылдарының тарихымен танысу болды. Білім алушылармен ең бірінші Андас батыр ауылындағы орналасқан үлкен Кітапханаға саяхат жасалды.
http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/959-r-trl-sanattay-balalarmen-mrazhaja-sajahat.html
14 ақпан күні 9 – 11 сынып жетекшілері айлықтың жоспарыңа сай ата – аналармен «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру жолдары» тақырыбында дискуссиялық алаң өткізді. Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру бағытындағы іс-тәжірибемен бөлісу, тәжірибелік жұмыстарды бірлесе отырып талқылау. Тәрбие қайдан бастау алады? Баланың қалыпты азамат болып өсуіне не жетпейді?
Ата-аналар үшін отбасылық тәрбие ол - баланың дене және жан рухани қасиеттерін қалыптастыру болып табылады, ал отбасы: әке, ана, бала.
Отбасындағы әкенің мейірімі оттан да ыстық. Ата – аналарға «Бала тәрбиесі туралы» бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар ата – аналарға ситуациялық сұрақтар өойылып, жағдаяттар шешілді.
16 ақпан күні 5-8 сынып жетекшілері «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі» тақырыбында ата – аналармен кездесу өткізілді. Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптастыруна ата-ана тәрбиесінің әдіс –тәсілдерінжетілдіре отыры, қарым-қатынас орнату.
15 ақпан күні 1-4 сынып жетекшілер «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаттарында білім алушылар денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітті.
17 ақпан күні «Ата - ананың өнегелі тәрбиесі- баланың бақытты болуының алғышарты» атты тақырыпта ата-аналармен кездесу өткізілді. Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін көрсете білу. Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету. Кездесуде мектеп директоры Э.А. Бекжанова сөз сөйлеп, ата-аналарға өз жылы лебізін білдіріп, ашық деп жариялады. Кездесуді жақсы көңіл-күймен бастау үшін шаттық шеңбері құрылып, ата-аналар өз отбасыларын таныстырып өтті. Кездесу барысында отбасындағы тәрбие тақырыбында ата-ананың баламен ара-қатынасын балаға қалай тәрбие беру туралы сөз қозғалып, сұрақ- жауаптар алынды. ДҚТІЖО: Ж. Ж.Жакипбекова сөз алып құқықтық тәрбие туралы ой қозғады, Отбасындағы тәрбие туралы бейнероликтер көрсетілді. Кездесу кешінің қортынды бөлімінде ата-аналар кездесу барысында өздерінің алған әсерлерін жеткізу негізінда жүрекшелерге өз ойларын жазып, қағаз бетіне түсірді. Тойымбекова Жазира Жетпісқызы аналарға арнап, керемет көңіл -күй сыйлау мақсатында «Өз балаңнан артық бала барма АНА» әнін орындады.
Отбасында қоғамымызға жарамды тәрбие беру арқылы, мемлекетіміздің дамып-өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік, қазақ отбасының шаңырағы шайқалмай, бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, алтын күн аспанында елдік туымыз мәңгілік желбіреп, ұрпағымыз саналы болып, асыл мұраттарға жетелеген айбынды үніміз асқақтай берсін - деп қорытындылады.
http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/950-ata-anany-negel-trbies-balany-baytty-boluyny-alysharty.html
Мектепте 10-17 ақпан аралығында 6-9 сынып білім алушылар арасында «Мен және менің виртуалды достарым», 10-11 сынып білім алушыларымен «Қатыгездіксіз балалалық шақ» тақырыбында эссе байқаулары өткізілді. Байқауды қазақ тілі пән бірлестігінің әдістемелік жетекшісі Г.Н.Наметқұлова ұйымдастырды. Байқауға тек қазақ сыныптары қатысты. Білім алушылардың жазған эсселері өте жақсы мағынада жазылған. Пән мұғалімдер эссенің құрылымын , мән - мағынасын тексеріп, балл бойынша бағалап, жақсы жазылған эсселерді үздік деп танып, ауданға сұраныс жазып берді. Атап айтсақ: 11 сыныптар арасында Бейсембек Аяжан, Жұмабек Қымбат, 10 сыныптар арасында Бейсембек Айғаным, Жалғасбек Жанеля, Серікқызы Айсамал, 7 сыныптар арасында Тайбай Сафия, 6 сыныптар арасында Алик Али. .
http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/963-men-zhne-men-virtualdy-dostarym.html
22 ақпан күні 7-8 сынып жетекшілер «Кибербуллингпен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту;
Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды. Буллинг деген не? Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады
23 ақпан күні дебат клубының жетекшісі: Г.Босатованың ұйымдастыруымен 8-9 сынып білім алушыларымен « Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Мақсаты: белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
- Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
- Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
- Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
- Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
-«Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» тақырыбында ой қозғату;
Бұл пікірталасқа 8,9- сынып оқушыларынан құралған үкімет пен оппозиция қарама-қарсы ойнайтын болады. «Аристократ» фракциясы және «Доминант» фракциясы
Үкімет: Балалар арасында құқық бұзушылықты болдырмау үшін баланы қатаң қадағалау керек деген пікірде
Оппозиция: Балалар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау үшін балаларға еркіндік беріп, сенім білдіруіміз керек.
«Аристократ» фракциясының мүшелері:
1. Асқар Ариана
2. Тұрысбек Балым
«Доминант» фракциясының мүшелері:
1. Батырхан Зере
2. Жақсылық Жанерке
2023 жылдың 27 ақпан күні Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның полиция инспекторы Б.Б. Дәуренбеков «Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын -алу» айлығы барысында 8 -11 сынып білім алушыларымен «Адам құқығы және балаларды зорлық-зомбылықтан және буллингтен қорғау» тақырыбында кездесу өткізілді.
http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/966-adam-yy-zhne-balalardy-zorly-zombylytan-zhne-bullingten-orau-tayrybynda-8-11-oushylar-arasynda-kezdesu.html
10-28 ақпан аралығында 10-11 сынып білім алушыларымен «Қатыгездіксіз балалалық шақ» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқауды қазақ тілі пән бірлестігінің әдістемелік жетекшісі Г.Н.Наметқұлова ұйымдастырды. Білім алушылардың жазған эсселері өте жақсы мағынада жазылған. Пән мұғалімдер эссенің құрылымын , мән - мағынасын тексеріп, балл бойынша бағалап, жақсы жазылған эсселерді үздік деп танып, ауданға сұраныс жазып берді. Атап айтсақ: 11 сыныптар арасында Бейсембек Аяжан, Жұмабек Қымбат, 10 сыныптар арасында Бейсембек Айғаным, Жалғасбек Жанеля, Серікқызы Айсамал, 7 сыныптар арасында Тайбай Сафия, 6 сыныптар арасында Алик Али .
http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/963-men-zhne-men-virtualdy-dostarym.html
2023 жылы 10-28 ақпан күндері «Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын -алу» айлығы барысында күндізгі және түнгі мезгілінде рейдттік іс-шаралары ұйымдастырылып, жүргізілді. Рейдттің мақсаты: мектеп жасындағы балалардың беталды, беймезгіл уақытта қоғамдық жерлерде болмауы, тәртіп бұзушылықпен құқық бұзушылықтың алдын алу.
Осы мақсаттарға орай, мектепте күндізгі, түнгі мезгілінде өткізілетін рейдттің кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Рейдтерге мектеп әкімшілігі,мектеп инспекторы – Б.Б.Дәуренбеков, сынып жетекшілер қатысып, рейдтің барысы туралы қорытынды есептері тапсырылып тіркелді. Жалпы, ақпан айында 4 (төрт) рейдттік іс-шаралар жүргізілді. Рейдттер барысында шекара маңы, «Токио» ойын-сауық мекемелері, мектептің маңы және ауыл көшелері қамтылды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге темекі, электронды темекі сатқан дүкендер де бақылауға алынды. Осы рейдтердің қорытындысына келсек, жалпы кезекшілердің есептері бойынша өткізілген рейдтер барысында мектеп жасындағы ешқандай балалар мен жасөспірімдер анықталып, тіркелген жоқ.
http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/967-tng-aladay-balalar-akcijasy.html
2022 жылдың 9-20 қараша аралығында ауданнан «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаның өткізу туралы хат келді. Хатқа байланысты №182 бұйрық шығарылып, жауапты мамандар бекітіліп, жоспар жасалынды. Жоспарға сай 9 қараша күні науқанның ашылуы өткізілді. «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының ашылуын ДҚТЖО Ж.Ж.Жакипбекова ұйымдастырды. «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының мақсаты: қоғамның назарын балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне ацудару, қоғамда балаларды қатыгез ұстауға төзбеушілік қалыптастыру.
Білім алушыларға ақпараттық науқанның мақсаты мен міндеттері айтыла отырып, балаларға қатысты жадынамалар таратылды. Әлеуметтік желілерде ақпараттық науқанның баспасөз хабарламасы орналастырылды.
10-16 қараша күндері 1-11 сынып білім алушыларымен "Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері", «Права детей и их обязанности в Республике Казахстан», "Қазақстандағы Отбасы институты және оның құндылықтары", «Институт семьи и его ценности в Казахстане», "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз" «Мы против насилия» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: білім алушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу. Сынып сағаттар барысында сынып жетекшілер және психологтар тарапынан тренингтер жүргізіліп, әр түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, көптеген жағдаяттар шешілді. Зорлық-зомбылық - жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесепсихикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуынемесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катеріжолымен ыкпал ету және т.б. Зорлық-зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылатыны туралы айтып түсіндірілді.
12 қараша күні 1-11 сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Баланы қорғау және оң тәрбие мәселелеріне баса назар аудара отырып, "отбасы және баланы тәрбиелеу"» (Проведение родительского собрания на тему «Семья и воспитание ребенка» с акцентом на вопросах защиты детства и позитивного воспитания) тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізілді. Жиналыстың мақсаты: ата-аналардың балаларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылық проблемасының өзектілігіне дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Жиналыс барысында ата-аналарға бала құқығы туралы слайд көрсетіліп, «Балалардың тәрбиесі, өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік және балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» жадынама таратылды. Жиналысқа түрлі себептермен қатыса алмаған ата-аналарға ватцап желісі бойынша қажетті ақпарат және презентация жіберілді. Ата-аналар жиналыстан қажетті, пайдалы ақпарат алғандығы туралы вацап желісінде хабарлап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
15 қараша күні мұғалімдермен "Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ" тақырыбында конференция өткізілді.
Мақсаты:
- Мұғалімдердің, оқушылардың буллинг феноменіне байланысты проблеманың таралуы мен күрделілігі туралы хабардарлығын арттыру
- Агрессивті мінез-құлықтың және көптеген көріністердің пайда болуына және сақталуына әкелетін механизмдерді түсіну деңгейін жоғарылату.
- Қабілетін қалыптастыру.
- Қорқытуға қарсы күрестегі жеке рөлдің маңыздылығын білу.
- Сыныптағы қорқыту мінез-құлқының алдын-алу және болдырмау үшін араласудың тиімді әдістерін білу
Осы мақсатқа сай мұғалімдерге қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. «Қазақстан Республикасының Қылмыс тық кодексінің » тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылатыны жайлы түсіндіріліп, слайд көрсетілді.
14-17 қараша күндері 5-6 сынып білім алушыларымен зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен қарауға қарсы іс-қимыл шеңберінде шығармашылық байқау қалдырған емес. Білім алушылардың салған суреттері тақырыпқа сай, өте мағыналы салынған. Байқауға белсене қатысқан білім алушыларға алғыс білдіріп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Байқаудың нәтижесі:
І орын – Асқар Ариана
ІІ орын – Алпысбай Нұрай
ІІІ орын – Таңірберген Асем
18 қараша күні 8 сыныптар арасында " Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ " тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өткізілді.
Турнирдің мақсаты:оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,зорлық-зомбылыққа қатысты толыққанды ақпарат беру,түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жағастыру. Турнирге "Жеңіс" және "Ақиқат" фракциялары қатысты."Бұл палата балаға қатысты зорлық-зомбылықтың белең алып жатқанына алаңдаушылық білдіреді" деген қарарда ойналды.Үкімет Ақиқат фракциясы зорлық-зомбылықтың мектепте көп кездесетінін,балаларға педагог пен ата-ана тарапынан қолдау керектігін нақтылап берді,оппозиционерлер балаға қатысты зорлықтың алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын,баланың дамуы мен еркін өмір сүруіне барлық жағдай жасалып жатқанын аргументтермен дәлелдей білді..
Ойынға төрешілікті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботабекова Арай әпкей жасады.
1-орынды "Ақиқат" тобы,2-орынды "Жеңіс" тобы иеленді.
Турнирді ұйымдастырушы: Сатыбалды Мөлдір Кеңесбекқызы
9 қараша күні Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның полиция инспекторы Б.Б. Дәуренбеков 10-11 сынып білім алушыларымен «Қатыгездіксіз және зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқан барысында «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
14 қараша күні ата-аналармен «Отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері» тақырыбында кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Ата-анамен мектеп арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
17 қараша күні 8 сынып білім алушыларымен зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беріп, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру. Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру және білім алушыларымыздың жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау мақсатында алдын алу жұмыстары жүргізілді. Білім алушыларға психологиялық зорлық-зомбылық –психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіретінін және физикалық зорлық-зомбылыққа– балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер екені айтылып түсінік жұмыстары жүргізілді.
Науқан барысында мектеп жасындағы балалардың беталды, беймезгіл уақытта қоғамдық жерлерде болмауы, тәртіп бұзушылықпен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі мезгілінде рейдттік іс-шаралардың жоспары жасалып, кесте құрылып, бұйрық шығарылды. Жоспарға сәйкес 9,12,15,19 қараша күндері күндізгі және түнгі рейд ұйымдастырылды. Рейдке мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы – Б.Б.Дәуренбеков және сынып жетекшілер белсенді түрде қатысып, рейдтің барысы туралы қорытынды есептері тапсырылып тіркелді. Жалпы, қыркүйек айында 5 (бес) рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейдтер барысында шекара маңы, ойын-сауық мекемелері, май құю станциялары және мектептің маңы, мешіттер және ауыл көшелері қамтылды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге темекі сатқан дүкендер де бақылауға алынды. Осы рейдтердің қорытындысына келсек, жалпы кезекшілердің есептері бойынша өткізілген рейдтер барысында мектеп жасындағы ешқандай балалар мен жасөспірімдер анықталып, тіркелген жоқ.
Науқан барысында 1-11 сынып жетекшілер білім алушыларға Bala Qorgau Telegram чатының танымалдылығын арттыру (Повышение узнаваемости Telegram чата Bala Qorgau) чаты туралы ақпарат берді. Осы телеграммға тіркелу туралы айтып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.9-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқан жоспар бойынша іс – шаралар уақытылы өз дәрежесінде өткізілді. Өткізілген іс шаралар әлеуметтік желілерге жарияланды
25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны өткізілді. Науқан өткізу туралы бұйрық шығарылып, жауапты мамандар бекітіліп, жоспар жасалынды.
Науқанның мақсаты:әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпарат беру, оның отбасында болмауын қадағалау және жолын кесу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру. Білім алушыларға ақпараттық науқанның мақсаты мен міндеттері айтыла отырып, балаларға қатысты жадынамалар таратылды. Әлеуметтік желілерде ақпараттық науқанның баспасөз хабарламасы орналастырылды.
25 қараша күні кәсіподақ ұйымының төрайымы З.А.Домасбекованың ұйымдастыруымен Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықты жою халықаралық күрес күніне орай «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқанының ашылуы өткізілді. Науқанның мақсаты: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпарат беру, оның отбасында болмауын қадағалау және жолын кесу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру.
Науқанның ашылуына Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның полиция инспекторы Б.Б. Дәуренбеков қатысты. Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
29 қараша күні мектеп медбикелері: С.А.Райымжан Г.Н.Адильбекова «Әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау» тақырыбында кездесу өткізілді. Мақсаты: әйелдерге зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту; зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Барысы: Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы дәріс оқылып,түсіндіру шаралары өтті. Жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.
30 қараша күні ДҚТЖО Ж.Ж.Жакипбекованың ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
1 желтоқсан күні мектеп психологтары А.С.Назаркулова мен С.Дәуренбекова ата – аналармен «Баланың отбасы мен қоғамда өмір сүру құқығы» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында ата- аналарға ситуациялық сұрақтар қойылды.
2 желтоқсан күні 9-11 сынып оқушылармен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында флешмоб өткізілді.
3 желтоқсан күні «Әйелдерге зорлық-зомбылық болмасын» тақырыбында педагогикалық ұжыммен бейнеролик көрсетілді. Мақсаты: әйелдерге қарсы зорлық – зомбылықтың алдын алу. Барысы: ұстаздармен «Қарым-қатынас айналымы», «Карусель общения» жаттығуы жүргізілді. Жаттығу барысында психолог нұсқауымен төмендегі сұрақтарға тез жауап беру ұсынылды. «Мен жақсы көремін ...» «Я люблю....»
«Мені қуантады...», «Меня радует....»
«Мне грустно когда...» «Менің көңіл күйім болмайды...»
«Я сержусь когда....» «Менің көңілім қалады...»
«Я горжусь собой, когда...» «Мен өзімді мақтан етемін, қашан....»
Әр ұстазға әр түрлі сұрақтар қойылып, ұстаздар тез жауап берді.
Ұстаздарға «Қазақстан Республикасында балалар мен әйелдерге жасалған зорлық-зомбылық жазасы күшейтілсін» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, бейнеролик негізінде ұстаздарға сұрақтар қойылып жауаптар алынды. Жұмыс соңында «Әйелдерге қатысты зорлық – зомылыққа жол жоқ» лозунгімен аяқталды.
6 желтоқсан күні «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» науқанының барысында іс – шараны өткізу шеңберінде профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп парақшалар мен жаднамалар таратылды. Акцияның негізгі мақсаты – зорлық– зомбылықтың жолын кесу, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған.
8 желтоқсан күні Андас батыр ауылы, Т.Тайбеков көшесі, №35 үй тұрғыны АПБ-нің «жайсыз отбасы» есебінде тұрған 8 «б» сынып білім алушысы Хегай Сергейдің және Көкжиек көшесі №13 үй тұрғындары 8 «в» сынып оқушысы Кобоев Юсув, 6 «в» сынып оқушысы Кобоев Эмирхан, 5 «г» сынып оқушысы Кобоев Мавлюд және 2 «б» сынып оқушысы Кобоев Демирханның отбасыларында болып, отбасының тұрмыстық жағдайы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым- қатынасын анықтау мақсатында тексеріс жүргізді. Рейд 2 отбасы балаларының аналары В. Хегай мен М. Сарымамудоглының қатысуымен жүргізілді.
Хегай Викторияның отбасында 5 адам тұрады. Сергей некесіз, жалғыс басты ана отбасында тәрбиеленуде. Отбасындағы 3 баланың үлкені, қалған 2 бала мектеп жасына толмаған. Балалардың анасы жұмыссыз, бала күтімімен үйде отыр. Отбасы туыс ағасының 4 бөлмелі жеке үйінде тұрады. Үй коммуналдық қызметпен толық қамтылмаған, үйде газ жоқ, сол себептен үй қатты отынмен (көмір, ағаш) жылытылады.Үй бөлмелері шағын, санитарлық жағдайы төмен. Балалардың оқып, тәрбиеленулеріне үйде мүмкіндік жасалмаған.Үйге қажетті жиһаздары, Сергейдің өз бөлмесі жатын төсегі мен сабақ оқитын орны бар. Ауланың санитарлық тазалығы да төмен, заттар ретсіз шашылып жатыр.
Кобоевтар отбасында 6 адам тұрады, мектеп жасында 4 баласы бар. Балалар толық отбасында тәрбиеленуде. Әкесі–Кобоев Руслан, аудандық психоневрологиялық есебінде тіркелген, жалдамалы жұмысшы, анасы – Сарымамудоглы Мадина жұмыссыз. Отбасында мектеп жасындағы 4 бала тәрбиеленуде. Отбасы 4 бөлмелі жеке үйінде тұрады, үй коммуналдық қызметпен толық қамтылған. Отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен. Кобоевтар отбасы балаларының екуі сабақтан жиі сабақтан қалады.
Аталған отбасы үйлері санитарлық- гигиеналық талаптарға мүлдем сай келмейді, үйлері өте лас, балалардың толық қанды өмір сүруіне ата - анасы тарапынан ешқандай жағдай жасалмаған. Іс-шара барысында заңды өкілдерге бала тәрбиесіндегі ата–ананың міндеттері мен ата-аналық жауапкершілігін, сонымен қатар сол міндеттерді орындамаған жағдайда ата-аналық құқығынан айырылатыны туралы да айтып ескертілді.
9 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықты жою мақсатында «Әйелдер – Тәуелсіздік дәуірінің тірегі» тақырыбында эссе шығарма жазды. Шығармалар өте ауқымды, мағыналы, тақырыпқа сай жазылған. Сонымен қатар пән мұғалімдері зорлық – зомбылық – біреуді күштеу ғана емес, ол – адамның құқығын аяққа таптау. Адам өміріндегі ең бастысы – өзінің, жақындарының амандығы. Сол үшін зұлымдыққа қарсы төтеп беруіміз қажет. Зорлық –зомбылықсыз әлемге қол жеткізу тек біздің өзіміздің қолымызда. Сол үшін жұдырықтай жұмыла тойтарыс берсек, ол күн де алыс емес деп шығарманы қорытындылаған.
Сонымен қатар науқан барысында рейдттік іс-шаралар да ұйымдастырылып, жүргізілді.Рейдттің мақсаты: мектеп жасындағы балалардың беталды, беймезгіл уақытта қоғамдық жерлерде болмауы, тәртіп бұзушылықпен құқық бұзушылықтың алдын алу.
Осы мақсаттарға орай, мектепте күндізгі, түнгі мезгілінде өткізілетін рейдттің кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Рейдтерге мектеп әкімшілігі,мектеп инспекторы – Б.Б.Дәуренбеков қатысып, рейдтің барысы туралы қорытынды есептері тапсырылып тіркелді. Жалпы, қараша айында 4 (төрт) рейдттік іс-шаралар жүргізілді. Рейдттер барысында шекара маңы, ойын-сауық мекемелері, май құю станциялары және мектептің маңы, мешіттер және ауыл көшелері қамтылды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге темекі сатқан дүкендер де бақылауға алынды. Осы рейдтердің қорытындысына келсек, жалпы кезекшілердің есептері бойынша өткізілген рейдтер барысында мектеп жасындағы ешқандай балалар мен жасөспірімдер анықталып,тіркелген жоқ.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күніне орай 25 қараша-10 желтоқсан аралығында өткізілген «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны өз дәрежесінде өткізіліп , мектеп сайтына жарияланды.
21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/780-zorly-zombylysyz-16-kn-nauanyny-tkzlu.html
Рухани - адамгершіліктәрбие
Рухани адамгершілік бағыты бойынша қыркүйек айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектеп кітапханасында «Танысыңыздар, жаңа әдебиеттер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.«Мектептің өзін-өзі басқару» жобасы аясында қыркүйек айында мектепішілік мектеп президентін сайлауы өткізілді. Мектеп оқушылары дауыстарын беріп, 10 сынып оқушысы Бейсембек Аяжан көп дауысқа ие болып мектеп президенті болып сайланды.Қазан айында «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында «Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» тақырыбы аясында іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мектеп түлектері мұғалімдерді құттықтауларын тарту етті.
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=583
Сынып жетекшілер жоспарға сәйкес сынып сағаттарын өткізіп, толыққанды жұмыстар атқарылды.«Қоғамға қызмет» жобасы аясында педагог ұйымдастырушы, аға тәлімгердің ұйымдастыруымен 1-қазан қарттар күніне орай «Өз жүрегіңмен жылыту» ұранымен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерімен ардагерлерге үй шаруасы бойынша көмек көрсету және әжелерімен аталарына деген тілектері, құттықтаулары барысында қайырымдылық акциясы өткізілді.
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=749
«Өнегелі бір сағат» жобасы аясында халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында "Сәлемдесу-тәрбиенің бастауы" атты айлық аясында тәрбие сағаттары өткізілді. "Ғұрыпты сақтайық, сәлемдесіп жүрейік" атты бейнероликтер түсірілді. 11в сынып білім алушылары "Қоғамдық орындарда , мектепте сәлемдесесіз бе?" атты сұхбат жүргізді. 9 а сынып білім алушылары "Сәлем-сөздің анасы" атты челлендж ұйымдастырды. Мектептегі адамгершілік – рухани тәрбие беру адамгершілік келбеті, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері – ізгілік, ар-ождан, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, ынтымақтастық, ұлтаралық келісім, толеранттылық сияқты құндылықтарды қалыптастырады.
21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1002
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша кітапхана қызметкерлері А.Б.Наурызбай мен А.С.Линник кітап қорын әр саладағы әдебиеттер, балаларға арналған кітаптар мен толықтыру, қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, жас ұрпақты рухани және кітап оқуға тарту мақсатында «Кітапханаға- кітап сыйла!» акциясы ұйымдастырылып өткізді. "А.Байтұрсынов-тіл білімнің атасы "тақырыбында, Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай "Қайталанбас дара тұлға" тақырыбында танымдық сабақтар өткізілді.. "Оқуға қуштар мектеп" жобасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен "Кітап оқитын сынып" байқауы өткізілді..Акпан айының 21 жұлдызында - Серікбол Қондыбай Әділбекұлының 55 жылдық мерейтойына орай 7 сынып оқушыларының қатысуымен көрме ұйымдастырылды. Ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай "Жыр жүйрігі- Мұқағали Мақатаев" тақырыбында көрме ұйымдастырылып өткізілді. 1 сынып білім алушыларын кітапханамен таныстыру мақсатында "Кітапхана әлеміне саяхат" танымдық сабағы өткізілді."Қысқы демалыста оқимыз ! " акциясына ұйымдастырылды.10 сынып оқушысы Жалғабек Жанель «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген. "Білімге құмарлық-кітаптан" атты аудандық кітап оқу сайысында ұлы тұлғалардың шығармаларын оқып «Әдебиет жанкүйері» номинациясымен марапатталды.Мектепте «Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына» орай тәрбие сағаты өтті.
21-ақпан "Халықаралық Ана тілі күніне"орай "Ана тілім-ажарым,асыл мұрам " атты іс -шара өткізді.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Поэзияның Хантәңірі-Мұқағали Мақатаев " тақырыбында әдеби кеш өткізілді.Әдеби кеште ақынның, «Поэзия әлеміне саяхат», әсем әндері, шығармаларынан театрландырылған көрініс қойылды.
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=646
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=977
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1-наурызды елімізде "Алғыс айту" күні деп жарияланған.Бұл күн тағдыр тоғыстырған " Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болып есептеледі. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде мектебімізде "Мың алғыс" тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Концертке арнайы өзге ұлт өкілдері, ата-аналар шақырылды.Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, алғыстарын жыр шумақтарымен жеткізді.Мектеп зейнеткері Н.Д.Баталина сөз сөйлеп іс - шараның маңыздылығына тоқталып, қазақ еліне, жеріне, ұстаздарға, ата- аналарға ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. Алғыс айту күніне орай "Бір Отан-бір отбасы" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. "Алғыс айту- жақсылыққа дарыту " тақырыбында мектеп психологы А.С Назаркулова 10 сынып оқушыларымен қарым-қатынас сағатын өткізді.«Мейірімділік шуағы» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында аз қамтылған көп балалы отбасындағы білім алушыларға кеңсе тауарларымен көмек көрсетілді. Сондай -ақ әр түрлі санаттағы білім алушыларға да мейірімділік танытып, көңілдерін көтеру мақсатында тәтті сыйлықтар сыйға берілді. Мектепте "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу акциясы, «Оқырман отбасы», «Читающая школа» байқаулары, поэзия сағаттары өткізілді.Мектеп дәлізінде және кітапханада арнайы бұрыштар ұйымдастырылды. «Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг», «Подари книгу» акциялары жүйелі түрде жүргізілді. 2023 жылдың наурыз айының 17 жұлдызында "Оқуға құштар мектеп" және "Жомарт түлек" жобалар аясында,мектеп әкімшілігі мен кітапханашылардың ұйымдастыруымен,ауылымыздың ақсақалы Жүндібаев А., ауыл әкімі Қожамберді Д. қатысуымен өлкемізде елге адал қызмет етіп ,ыстық ықыласына бөленіп жүрген Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері,ақын,жыршы,термеші,сазгер Бейбіт Шошабаевпен «Ақын- елдің ардағы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді! Жиналған оқушылар мен ұстаздар ақынға өмірі жайлы әр түрлі тақырыпта сұрақтар қойып,жазушының шығармашылығына қызығушылық танытып,ақынның өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.Кездесу аясында,ақынның аудандық жыр,терме байқауына қатысып жүрген шәкірттері де өз өнерлерін ортаға салды.Ақын Б.Сейтімбетұлы қазақтың қара домбырасымен ән орындап ,акындык өнерін көрсетіп "Қонақ кәдесін" паш етті.
Ұлттық тәрбие
Мақсаты: білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту ,туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, үлкендерді құрметтеу, табиғатқа ұқыпты қарау; ұлт, интернационализм; тарихты есте сақтау; патриоттық рух; Қазақстан ұлттары мен халықтарының гуманитарлық құндылықтары; ұлттық сана-сезім қалыптастырады. Ұлттық тәрбие аясында жаңа білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы іске асырылды.
Мектептегі тәрбие жүйесінде білім алушылардың ұлттық құндылықтарын іске асырылуын қамтамасыз ететін іс шаралар өткізілді. 21-ақпан Халықаралық Ана тілі күніне орай 5 орыс тілді сыныптар арасында "Жүзден жүйрік" интеллектуалдық ойын өткізілді.
6 наурыз күні 3"А",Ә" сыныптары арасында Халыкаралық әйелдер мерекесіне орай "Шуағын шашқан әжелер" атты қол өнер байқауы өткізілді. Мақсаты: Ұрпаққа қазақ халқының салт-дәстүрлері,қол өнері мен ұлттық тағамдары туралы түсінік беру, жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым қатынасты нығайту. Байқауға Замзагул Парменкулова ,Қарсақбаева Алмагүл,Азнекова Қалипа, Дариева Гаухар әжелер қатысып өз өнерлерін ортаға салды.
«Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында Наурыз айында «Қош келдің-Әз, наурыз» тақырыбында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шара жоспары құрылып, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді.
15 –наурыз күні «Жасыл ел» акциясына байланысты челленджі бойынша қоршаған ортаның, табиғаттың нәзіктілігіне және оны аялау қажеттілігіне байланысты 9,10,,11 сынып білім алушыларының дәстүрлі ағаш отырғызу жұмыстары өткізілді.Мақсаты: Оқушыларға туған жерді қастерлеуді, мектеп ауласын көркейту- көгалдандыру,қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Қазақтың ұлттық өнерін насихаттап өзге елдерге таныстыру мақсатында көркем еңбек пәні мұғалімдері наурыз мерекесіне орай «Ұлы даланың қол өнері» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырды. «Ұлттық тағамдар» фестивалі ұйымдастырылды, онда қазақтың ұлттық тағамдарының бірегей түрлері ұсынылды. Фестиваль барысында тағамдардың көрмесі мен дәм тату, сондай-ақ, тағамдардың әзірлену әдістерін, денсаулыққа пайдалы тұстарын айтылып, қонақтарды күту салты көрсетілді. «Балбырауын» күй тарту челленджін №8 жалпы орта білім беретін мектебіне жолдады. «Менің Отаным Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтар слетінің «Халықтық дәстүрлер, әдет ғұрыптар және өнер» номинациясы Асқар Ариана ІІІ орын иеленді.
Отбасы тәрбиесі
Мектепте отбасы күнін мерекелеу шеңберінде апталық ұйымдастырылды. Отбасы күніне орай көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ж.Т.Джугусованың ұйымдастыруымен «Менің бақытты отбасым» тақырыбында мектепте сурет байқауы өткізілді. "Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына" тақырыбында 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаты өтті. Жоспар бойынша мектеп психологы Назаркулова А.С. 10 сыныппен «Мен әлемге керекпін! Маған отбасы керек!» атты психологиялық тренинг жүргізді.Тренинге білім алушылар белсене қатысты. Іс-шараға қатысқан жасөспірімдер өз тілектері мен армандарын білдірді.Республикалық акция бойынша "Отбасым бақыт мекені" атты "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен "Отбасымен өткізілген қызықты сәттер" тақырыбында видеороликтер байқауы өткізілді 13 қыркүйек күні жалпы ата-аналар жиналысы "Отбасы және мектеп: балаларды тәрбиелеу тақырыбында конференция форматында өткізілді. Мектептің жаңа 2022-2023 оқу жылында ата–аналармен жүргізілетін жұмыстар ұйымдастырылып, «Берекелі шаңырақ» ата–аналар қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді, жұмыс жоспары құрылды. Қазан айында «Бақытты ана- бақытты бала- бақытты отбасы- бақытты ел» атты көпбалалы аналар мен ата аналар қауымдастықтармен кездесу өткізілді. Қараша айында "Салт-дәстүрім-сарқылмас байлығым" тақырыбында сыныптан іс-шара өткізілді. Білім алушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Іс-шараға ауылдың аяулы әжелері , ардақты аналары қатысып, заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғыртты. Мектепте қаңтар айында "Әке-асқар тау" тақырыбында әкелерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Р.Уйсункулов, Н. Бошқаев, А.Байкулаков, М.Ерназаров қатысты. Әкелер адалдық, отаншылдыққа, әдеп пен сыпайлық, тазалық пен адамгершілік туралы өз ойларын білдіріп оқушылармен әңгіме құрды. «Отбасындағы тәрбие-саналы ұрпақ кепілі» тақырыбында ата-аналар жиналысы, мектеп психологтары бастауыш сынып оқушыларының ата – аналарына «Отбасындағы баланың рөлі» тақырыбында тренинг өткізді. 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай “Көңілді мәре” отбасылық сайыс өтті.
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=523
Еңбек, экологиялық және экономикалық тәрбие
«Еңбек- елдің мұраты» жобасы аясында білім алушылардың кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу мақсатында мектепте білім алушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізілді. «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет» жобасы бойынша 1 наурыздан бастап мектебінде абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары бойынша көктемгі екі айлық жүргізілді. Осы айлық кезінде мектеп ауласы күл-қоқыстан тазартылды, ағаштар бұталанып, күтіп -баптау жұмыстары жүргізілді, әр аптаның сенбі күндері мектеп ауласына сенбіліктер жасалды,экологиялық бұрыш безендірілді.Сондай-ақ жеміс ағаштары отырғызылды. 17 қыркүйек күні "Дүниежүзілік Тазалық Күні" акциясына орай "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «World Cleanup day» атты сенбілік өтті. «Еңбек – елдің мұраты» жобасы шеңберінде өзінің кәсіби саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген табысты адамдардың өмірі мен қызметімен таныстыру үшін 10 сынып білім алушыларымен «Бахор» шаруашылық қожалығына саяхат ұйымдастырылды. «Жомарт түлек» жобасы аясында мектеп түлектерімен кездесулер ұйымдастырылды. Бір топ түлектер түрлі түсті принтер, интерактивті тақта, шаруашылық құралдар, кілем, шахмат үстелі, сынып тақтасы сыйлады.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: білім алушыларға эстетикалық сананы; эстетикалық талғамды; басқа мәдениеттердің, ұлттардың, діни сенім және т. б. өкілдеріне толерантты көзқарасты қалыптастыруға бағыттау. Мектептегі көп мәдениетті тәрбие басқа мәдениеттердің, ұлттардың, діни сенім және т. б. өкілдеріне толерантвты көзқарасты қалыптастыруға бағытталуы керек. Осы бағытты іске асырудың негізгі тетіктері – Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; балалар мен жастар жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру, халықтар достығы фестивальдері, тілдік және шығармашылық конкурстар; танымал адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер жоспарланып, өткізілді.Мектепте 14 ұлт өкілдері білім алады. Этномәдени білім беру арқылы білім алушыларды Отанын сүюге, ұлтымыздың бай мәдениетін, ұлттық болмысын, тарихын, тілін, әдебиетті білуге тәрбиелеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні А.Айткулова мектеп оқушылары арасында "Қазақ әдебиетінің тарланы" тақырыбында челлендж ұйымдастырды. Жас ұрпақты Отанын сүюге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Бір ғана Отанымыз бар.Ол-Қазақстан!» тақырыбында өзге ұлт өкілдері балалары ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу өткізілді. 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Көктем аруы 2023» атты байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлікке және парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. «1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Көпұлтты Қазақстан мемлекетіндегі достықты сақтау,ынтымақ пен бірлік туралы ұғымды насихаттаумақсатында «Қазақстан-достық мекені» атты фестиваль өтті. 1 мамыр бейбітшілік мерекесіне орай «Бір шаңырақ астында -бейбіт өмір, жарқын болашақ» тақырыбында этномәдениет тәрбиесі негізінде өзге ұлт білім алушылары арасында қазақ тілі пәні мұғалімі А Абдрахманова челлендж ұйымдастырды. Қазақстанда мекен еткен әр түрлі ұлт оқушылары Отан, бейбітшілік, ынтымақ туралы өлеңдерін жатқа мәнерлеп, нақышына келтіріп орындады. Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мектепте «Жас талап» театр үйірмесі жұмыс атқарды, жетекшісі Н.Абишева.Жыл бойы әр түрлі мектепішілік және аудандық байқауларда өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Тонирберген Нурали- ҚР Еңбек Ері , КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртісі , КСРО және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының иегері , дарабоз ұлы актер және режиссер Асанәлі Әшімұлына арналған «Өнердегі өр тұлға» атты облыстық поэтикалық шығармалар байқауы Алғыс хатпен марапатталды. Садықбек Айым, Басыр Әділжан, Айдаралы Диас, Смайлхан Айхан, Мұсахан Бота, Жақсылық Жанерке- «Жас талап» үйірме мүшелері «Сиқырға толы жаңа жыл» атты ертегілер қойылым байқауында Алғыс хат, «Театр ғажайып әлемі» атты театрландырылған қойылым байқауы І орын, 8-11 оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде «Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым» бағыты бойынша ІІ орын , Қапалбай Нұрасыл -№21 ЖОББМ «VII Шерхан Мұртаза оқулары» байқауында «Зау тұлға» бағыты ІІІ дәрежелі Диплом, Тонирберген Нурали- «Абай оқулары» байқауының «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі Диплом, « Асанбай Асқаров оқулары» байқауының « Ақиқаттың Ақиығы- Асқаров» арнау бағыты бойынша ІІ дәрежелі Диплом ,10 сынып білім алушылары «Салт-дәстүрім- сарқылмас байлығым» байқауы Алғыс хатпен марапратталды.
«Әрбір бала -дана бала!» атты күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мақсатында мектепте 2 қараша күні "Күз бояулары" атты сурет көрмесі , шахматтан жарыс өтті. Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік,шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, жанжалдар мен құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет ете отырып, қалпына келтіру тәсілін іске асыру мақсатында мектеп медиациясы қызметі ұйымдастырылды. Осы мақсатта «Медиация татулық пен бірліктің бастамасы" тақырыбында оқушылармен таныстыру іс-шараларын жүргізілді. Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда профилактикалық жұмыстарды жетілдірді. 7- 9 сынып оқушыларымен мектеп психологтары «Мен зорлық-зомбылықсыз өмірді таңдаймын» тақырыбында тренинг-энерджайзер өткізді. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алып, сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиеленді.
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1077
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1076
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
Мақсаты: білім құндылығын; зияткерлік ұстанымды; әрбір тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын; ал ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу кибермәдениет мен кибергигиенаны қалыптастыру.
«Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық қозғалысының мақсаты-қоғамда орын алған проблемаларды жария талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.Осы орайда мектепте «Ақиқат» дебат клубы жұмыс атқарды. Мектепішілік дебат турнирлері жоспарлы түрде өткізілді: 9-10 сыныптар арасында "Тәуелсіз елдің ұрпағы", «Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?» тақырыбында дебат турнирі өткізілді.Батырхан Зере, Асқар Ариана - Жауғаш батыр бабаның 290 жылдық мерейтойына орай аудан мектептерінің арасында ұйымдастырылған пікірсайыс турнирінде ІІ- орын иеленді.
Мектепте білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында үйірмелер жұмысы ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында мектепте 12 үйірме жұмыс атқарды, соның ішінде «Шахмат», «Робототехника». Білім алушылар аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Гуламанова Севинч, Алтынбек Рамина, Шляхова Екатерина Аудандық спартакиада аясында оқушылар арасында өткен Шахмат жарысында " Үздік ойыншы" атанып, Алғыс хатпен марапатталды. Ералиев Нұрислам , Егоров Ростислав- «Robotek Grand Tournament» Республикалық турнирінің (Бірінші) аудандық кезеңінде «Кегельринг-Квадро» (10-13) жас арасында 1 орын ,«FIRST ROBOTICS» робототехника бойынша аудандық біріншілігінде 5-6 сынып білім алушыларының арасында өткен «РОБО ҚЫЗ ҚУУ» робот сайысы Бас жүлде, Қапалбай Нұрасыл, Ералиев Диас -«ROBOTEK GRAND TOURNAMENT» республикалық турнирінің (бірінші) аудандық кезеңінде (14-17)жас арасында «Сызық бойымен жарыс» ІІ орын иеленді. Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 5 сыныптар арасында «Кім тапқыр» интеллектуалды ойыны өткізілді. 10 сыныпта сынып жетекшісі З.Домасбекова физика математикалық зияткерлік ойын, тарих пәні мұғалімі А.Турдиева «Қазақстан тарихы» атты интеллектуалды ойын өткізді. Мектеп психолгы А.Назаркулова «Жарқын болашақ» квест ойынын өткізді.
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1049
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 9 қыркүйекте мектепте"Сау бол - жүз жаса!" ұранымен "Денсаулық фестивалі" өткізілді. 2022 жылдың 22-31 қазан аралығында мектепте «Ішімдікті тұтынудан бас тарту ұлттық күніне» орай апталық өткізілді. 22-31 қазан күндері 1-11 сыныптар аралығында «Ішімдікті тұтынудан бас тарту ұлттық күніне» орай оқушылар арасында «Влияние алкоголя на организм человека», «Алкоголь и алкогольная зависимость», «Ішімдіктен аулақ бол!» тақырыбында сынып сағаттары, дөңгелек үстел өткізілді. Андас батыр ауылдық емханасының СӨС маманы А.Джанабатырова оқушыларға ішімдіктің адам ағзасына зиянды әсері жайлы мағлұматтар берді. 12-19 қараша күндері «Темекі шегу денсаулықты құрту», ««Думаем о будущем сегодня", «О вреде курения», «Нет курению» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. «Денсаулық және сұлулық» атты үйірме жетекшісі Қ Сыздыкова «Темекінің зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ақпан наурыз айларында туберкулездің алдын алу айлығы өткізілді.Айлық барысында тәрбие сағаттары, медбикелер тарапынан дәрістер өткізілді. Қараша айында оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу айлығы өткізілді. 9-11 сынып білім алушыларымен «Суицид қоғамға төнген қауіп»тақырыбында Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның полиция инспекторы Б.Б. Дәуренбековпен кездесу өткізіліп, өзіне – өзі қол жұмсау туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. 14-18 қараша күндері 5-11 сынып оқушыларымен «Маған өмір қымбат», «Мен өмірді сүйемін» тақырыптарында сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. 10-11 сынып оқушыларымен «Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді.
2023 жылдың 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне 75 жыл" тақырыбында білім алушылары арасында «Денсаулық фестивалі», «Көңілді мәре» отбасылық сайыс өткізілді.
Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында мектептегі оқушы қыздарымыздың арасында бұл тақырыпта жоспарлы іс-шаралар атқарылды. Қыркүйек айында кәмелетке толмаған жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Андас батыр ауылдық емханасының СӨС маманы З.Джанабатырова, акушер А.Ж.Турлогулова, психолог М.Камаловамен кездесу жүргізілді. Кездесуге 9-10 сыныптан 38 оқушы қатысты. 9-10 сынып қыздарымен "Ерте жыныстық қарым - қатынасқа түсудің зияны" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейнеролик көрсетіліп, тренингтік жаттығулар жүргізілді. Халықаралық қыздар күніне орай 11 қазан күні "Ерте жүктіліктің немен қауіпті?",«Ерте жүктіліктің алдын алу» «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Қызым саған айтамын»,«Қыздардың жеке гигиенасы» тақырыптарында қыздармен пікіралмасу, дәрістер,тренингтер, жасырын сауалнамалар өткізілді. Тоқсан сайын кәмелетке толмаған жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және салауатты өмір сүру салтын насихаттау мақсатында Андас батыр ауылдық емханасының СӨС мамандарымен кездесулер жүргізілді. Жасөспірім қыздардың арасында ерте жастағы жүктілік пен ерте тұрмыс құруын алдын алу бойынша бойынша Андас батыр ауылының этномәдени орталық өкілдерімен кездесу өткізілді. «Мектеп оқушылары арасындағы ерте жүктіліктің алдың алу» тақырыбында ата-аналармен семинар өткізілді. Қаңтар, ақпан, наурыз айларында мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында жеке адамның жыныстық бостандығына қарсы қылмыстары жайлы қылмыстық жауапкершілік туралы ақпараттық әңгімелер өткізіліп, буклеттер, парақшалар түрінде ақпараттық материалдар таратылды..
Мектепте білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну бойынша жалпы саны 110 оқушыны бір мезгіл сапалы ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылды. Мектеп асханасының кіре берісінде білім алушылардың тамақтану залында қол жууға арналған қолжуғыштар орнатылған. Әр аптаның жұма күндері мектептің мектепішілік бракераждық комиссия мүшелері тамақтану сапасын бағалау бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарына зерделеу жүргізілді. Ыстық тамақтың ұйымдастырыру жағдайын тексере отырып, акт жасалынды. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілді. Асханада білім алушыларға арнайы су ішетін кулер орнатылған, кулердің суы күнделікті ауыстырылып, жазба таңбаларымен таңбаланды. Ай сайынғы тексеріс нәтижесінде кей кездері кетіп жатқан кемшіліктер тіркеліп, аспазшыға ескертулер беріліп отырды.
Қорыта айтқанда, балаларға дұрыс тәрбие беру , олардың күнделікті тыныс-тіршілігін үнемі қадағалап , негізгі арнаға бағыттайтын – сынып жетекшісі. Мектепішілік іс-шараларға сыныптарын дұрыс ұйымдастырып, өз сыныптарын ұйымдастыруда аянбай еңбек еткен сынып жетекшінің көрсеткіші әрқашанда алдыңғы қатардан көрінеді. Бұл сөзіме бүгінгі жоғарыда атап өткен мәліметтер дәлел деп ойлаймын . Сонымен қатар 2022-2023 оқу жылында жылдық жұмыс жоспарында белгіленген жұмыстарды атқара отырып, оқушыларды елімізді бәсекеге қабілетті педагогика ғылымдарының озат жетістіктеріне сүйене отырып, мектептің тәрбиелеу жүйесін үнемі жетілдіріп, шәкірттердің қабілеттеріне қарай бейімділігін айқындап, «Талабы таудай құзырлы тұлғаны қалыптастыру керек»,- деген қағиданы ұстануымыз керек .