02
сентябрь
2022
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам." атты халыққа жолдауы
№21 ЖОББ мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам." атты халыққа жолдауымен таныстыру жиналысы болып өтті. Мектеп директоры.А.Бекжанова Қ.Тоқаевтың жолдауындағы жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары туралы баяндады. Соның ішінде «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» атты үшінші бағытына нақтырақ тоқталды. Денсаулық сақтау саласындағы реформалар, телемедицина бағыты, шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін туралы айтып өтті. Жолдауда білім беру жүйесі туралы, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, заманауи мектептер салу, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін шешу жолдары да нақты қарастырылған.Осы бағдарлар бойынша қоғамдағы барлық салалардағы өзекті мәселелер қарастырылып, шешу жолдары да нақты жазылған.
Биылғы Балалар жылы аясында "Ұлттық қор-балаларға" атты мүлде жаңа бағдарламаның жүзеге асатыны көпшілікті қуантып отыр.
Биылғы Балалар жылы аясында "Ұлттық қор-балаларға" атты мүлде жаңа бағдарламаның жүзеге асатыны көпшілікті қуантып отыр.
