«Алғысым шексіз!» атты әдеби кеш » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алғысым шексіз!» атты әдеби кеш
02
март
2021

«Алғысым шексіз!» атты әдеби кеш

2021 жылдың 1наурыз күні этнос бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «Алғысым шексіз!» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке, бір біріне деген достыққа, толеранттылыққа , Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Мерекелік сазды бағдарламаға  орыс, түрік  ұлт өкілдері, ата-аналар, мұғалімдер шақырылды.   Мектеп директоры Бекжанова Э.А. Қазақстанда ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында  көптеген этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айтты. «Берекелі шаңырақ» қоғамдық кеңесінің  мүшесі Агезов М., Линник А.С.,  ДТЖО Тайбекова Э.Б., ұстаздар Сыздыкова Қ., Жугусова Ж. сөз алып, оқушыларды  ынтымаққа, бірлікке,  бір бірін құрметтеуге,  достыққа , мейірімді  болуға, адамгершілікке, ұлтаралық татулыққа тәрбиеледі. 9 сынып жетекшілері А.Айткулова мен А.Болкебаеваның ұйымдастыруымен оқушылар әр ұлттың өнерлерін көрсетті. Кеш барысында оқушылар Алғыс айту күніне орай  өз отанына, халыққа, ұстаздарға, ата-аналарға арналған әдеби монтаж қойып, алғысын білдірді. Кеш соңында барлық қатысушылар бір шаңырақ астында «Атамекен» әнін орындады.