1- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс- шаралар » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс- шаралар
14
январь
2019

1- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс- шаралар

№ 21 ЖББ мектебінде Меркі аудандық білім бөлімінің 1- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілетін іс- шаралар жоспары негізінде мектепішілік іс – шаралар жоспарланып, бекітілді. Мектеп кітапханасында «Әлем таныған тұлға» атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырман қауымға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін кеңінен насихаттау. Жас оқырмандарға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету. Өз Отанын, халқын, елі мен жерін сүйетін азамат болып өсуге тәрбиелеу.
30 қараша күні 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимнмен ашылып, Елбасының тарихы туралы қысқаша мәліметтер берілді. Салтанатты жиын барысында алғашқы құттықтау сөз алған мектеп директоры Э.А. Бекжанова айтулы мерекенің мән – маңызына тоқталып өтті. Сонымен қатар, мектеп кітапханашылары мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында «Әлем таныған тұлға» тақырыбында көрме ұйымдастырды . Онда тұңғыш Президенттің өмір жолы, жастық шағы, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі кеңінен қамтылған. Сонымен қатар, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары да бар. Көрмеде республикалық «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Казахстанская правда», «Ленинская смена» , «Темир¬тауский рабочий», «Социалистическая Караганда», «Металлург», «Советтік Қарағанды» газеттерінде жарияланған Н.Назарбаевтың 1958 – 1969 жылдардағы алғашқы еңбек жолын қамтитын 20-ға жуық мақалалары ұсынылды. Көрме өз дәрежесінде өтіп, оқушылар көптеген мағлұматтар алды.
24 қараша күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас. Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын іске асыру мақсатында екі тілде «Болашаққа бағдар» және «Взгляд в будущее» атты 8-11 сыныптар аралығында мектепте видеофильмдер көрсетілді.
28 қараша күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Нурбаева А.Г. 1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған шахматтан 8-10 сыныптар аралығында спорттық жарыс. Жеңіпаз оқушылар: ұлдар арасында-І орын-Турсынқұл Н., ІІ орын-Бекей Е., ІІІ орын –Абилов Х., қыздар арасында- І орын Сабит Ж, ІІ орын-Чахалова С., ІІІ орын –Ербол А., Борщевская А. мақтау қағаздарымен марапатталды.
30 қараша күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Жанбосынов Б.Ж. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне және Елбасының « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында дэюдо күресінен 2005-2008 ж.туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық ашық турнир ұйымдастырып, өткізді.
29 қараша күні 1 – 11 сыныптар аралығында «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді 4г сынып жетекшісі Джанабатырова Р.Х.,8 а сынып жетекшісі Наметқұлова Г.Н., 7 а сынып жетекшісі Райымжанова Г. А., 6 а сынып жетекшісі Иманбеков Б.М., 5 «ә» сынып жетекшісі Абдураимова Э. өткізген тәрбие сағаттары өте қызықты жоғары деңгейде өтті. Оқушылар Елбасының өмір жолын айтып , Елбасымыздың ерең еңбектері, елі, жері үшін жасаған жақсылықтары кеңінен айтылып, сабақ соңы «Елбасы – ерең тұлға, елдің бағы!» тақырыбында эсселер жазып, оқыды.
29 қараша күні 9-10 сынып аралығында 10 а сынып жетекшісі Л.Нуриева мен 9 «а» сынып жетекшісі А.Ботабекованың ұйымдастыруымен «Нұрсұлтан Назарбаев- іргелі мемлекет құрған көшбасшы» атты дөңгелек үстел өтті.
Жоғарғы сынып оқушыларының дөңгелек үстел жүргізудегі шеберлігі,елбасының саясаты туралы оқыған баяндамасы, осы тәуелсіздік кезіндегі жеткен жетістіктері жөнінде кең көлемді мағлұматтарды бере кетті. Оқушылар елбасымыздың қызметін айтып, өздері елбасымызды мақтан тұтатынын айтып өтті. Оқушылар бір – біріне елбасымыздың шығармашылығына байланысты сұрақтар қойды. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А.Айткулованың ұйымдастыруымен «Ұтты ұлықтаған тұңғыш Елбасы» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді «Менің Тұңғыш Президентім!», «Елін сүйген – елбасы!» тақырыптарында 28 қараша күні 6-7 сыныптар арасында шығармалар байқауы өтті.
29 қараша күні «Менің Президентім – ардақ тұтар айбыным!» тақырыбында 1 – 11 сыныптар арасында салтанатты кеш өтті. Салтанатты кешке Андас батыр ауылдық округінің әкімі Б.Мажиев, Меркі аудандық маслихатының депутаты Б. Хасанбаев, аудандық ветеринарлық қызметтің бас маманы Ө. Алтыбаев ауыл тұрғындары және мектеп оушылары қатысты. Кеш барысында Б. Мажиев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген міндеттерге тоқтала отырып ауыл тұрғындарын мерекемен құтықтады. Мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А. Ботабекова мектеп ұжымы атынан жиынға қатысушыларды тұңғыш президент күнімен құттықтап, «Рухани жаңғыру» аясында мектепішілік атқарылып жатқан іс – шараларды слайдтар арқылы қысқаша мазмұндады. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі тарапынан оқушылардың әдеби монтажы мен концерттік бағдарлама ұйымдастырып көрсетілді. 10сынып оқушылары Р.Мерсавдинова, Ж. Айнакулова, 7 сынып оқушылары Ж. Наурызбай, Е.Баталина, А.Чахалова , 6 сынып оқушысы А.Бейсенбек тұңғыш президент күніне арналған өлең жолдарын паш етті. 9 сынып оқушылары А.Олжабек, А. Батырхан, 8 сынып оқушылары А.Бегеналы, Н,Амантай, 5 сынып оқушысы Н.Даулетқұл сазды әуенмен қонақтардың көңіл – күйлерін көтерді. Мектеп тәлімгері: А.Сулейменова 3 сынып оқушыларын салтанатты түрде «Жас қыран» балалар ұйымына қабылдау рәсімін өткізді. Мектебімізде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың күніне арналған іс – шаралар жоғары деңгейде өтті.
1- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс- шаралар
1- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс- шаралар
1- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс- шаралар
1- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс- шаралар