"Жер сағаты"
№21 жалпы орта білім беретін мектебінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Жер сағаты» акциясы өткізілді. Аталған шара жыл сайын әлем бойынша өткізілетін Earth Hour халықаралық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар мен мұғалімдерге қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. “Жас эколог” үйірме жетекшісі Л.Нуриева танымдық