"Жер сағаты" » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » "Жер сағаты"
17
March
2026

"Жер сағаты"

№21 жалпы орта білім беретін мектебінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Жер сағаты» акциясы өткізілді. Аталған шара жыл сайын әлем бойынша өткізілетін Earth Hour халықаралық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар мен мұғалімдерге қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. “Жас эколог” үйірме жетекшісі Л.Нуриева танымдық сағатын, экологиялық викторина  ұйымдастырды. Бұл шара оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық сауаттылығын дамытуға бағытталды. 
«Жер сағаты» акциясы арқылы білім алушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігі артып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.