27
октябрь
2022
"Заң шеңбері" акциясы аясында кездесу
2022 жылы қазан айының 27 күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде "Заң шеңбері" акциясы аясында кездесу өткізілді. Жамбыл облысының аға прокуроры Мустафаев Болат Мұратұлы, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры Бибосынов Ердос Галымович, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры Жорабеков Қуандық Ратбекович, Меркі ауданының прокуроры Әмірхан Елдос Тұрғынбайұлы, Меркi аудандық полиция бөлімінің бастығы Мамытбеков Сабит Мусабекович сөз алып аудандағы, Андас батыр ауылдық округтарында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, проблемалық мәселелерді көтеріп, өз есептерін берді.Сонымен қатар, акция аясында 10-11 сынып білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Заң және қылмыс туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


