«Жасөспірім қыздардың гигиенасы мен денсаулығы» дәріс » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасөспірім қыздардың гигиенасы мен денсаулығы» дәріс
08
октябрь
2021

«Жасөспірім қыздардың гигиенасы мен денсаулығы» дәріс

Халықаралық қыздар күніне орай  8  қазан күні  жоғарғы сынып қыздары арасында дәріс өтілді. Дәріс «Жасөспірім қыздардың гигиенасы мен денсаулығы» тақырыбы бойынша өткізілді. Мектеп медбикесі Майкотова Д.С.  қыздармен ашық әңгімелесіп, барынша гигиена туралы түсініктеме берді. «Қыз бала гигиенасы» тақырыбы бойынша баяндама жасап, дайындаған жұмыстарын түсіндірді. Андас батыр ауылдық емханасының салауатты өмір салты бойынша жауапты маманы З. Джанабатырова   дұрыс тамақтану пирамидасы, таза ауада серуендеу, денсаулық достары туралы сұхбат жүргізді. Андас батыр ауылдық емханасының әлеуметтік маманы Г.Саметова жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар , сүт безінің ауруларын алдын алу  туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қыздар тақырыпқа байланысты ойларында жүрген сұрақтарын қойып,өз сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар қыздар өз білгендерімен бөлісіп, қосымша ақпараттар алды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Э.Б.Тайбекова  қыздарға мектеп формасын біріңғай сақтап, мектепте қыз бала бойжеткен гигиенасын  сақтау,  жеке бас  гигиенасының маңыздылығын  туралы  толық мәлімет берді.