АПБ қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіпсіз жол» тақырыбында мектеп оқушыларымен өткізілген кездесу » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АПБ қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіпсіз жол» тақырыбында мектеп оқушыларымен өткізілген кездесу
08
сентябрь
2022

АПБ қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіпсіз жол» тақырыбында мектеп оқушыларымен өткізілген кездесу

АПБ қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіпсіз жол» тақырыбында мектеп оқушыларымен өткізілген кездесу 

Хаттамасы


Андас батыр ауылы                              8.09.2022 ж.

Қатысқандар: Меркі АПБ көші қон қызметінің аға инспекторы полиция майоры Е. Даулетбаев, ЖПҚб УПИ Р.Мамытбеков , ЖПҚб ЮПТ Б.Дауренбеков 

9-11 сынып білім алушылары, сынып жетекшілері -70 адам

Кездесуде қаралған мәселелер:

  1. «Абайлаңыз-балалар!» атты онкүндік барысы туралы. ДТЖО Э.Тайбекова 
  2. «Мектеп жасындағы балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу».

Мектеп инспекторы Б.Дауренбеков

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша ДТЖО Тайбекова Э.Б.   сөз алып Меркі ауданының білім бөлімінің 01.09.2022ж. №944 хаты негізінде мектепте «Абайлаңыз-балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шараларын іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 1-12 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз-балалар!» ұранымен жол-көлік жарақатының алдын алу жөніндегі онкүндік өткізіліп  жатқанын айтты. Осы онкүндік аясында өткізіліп жатқан кездесудің мақсат, міндетімен таныстырып, жол  қауіпсіздік  ережелерімен жасөспірімдерді таныстырып, жолда  сақ жүруіне, абай болуына  білім алушыларға үгіт-насихат жұмыстар жүргізді.     

   Екінші мәселе бойынша полиция инспекторы Б.Дауренбеков «Мектеп жасындағы балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу» тақырыбында  білім алушыларға дәріс оқып, көшелерде және жолдарда өзін-өздері ұстауларының негізгі ережелерімен таныстырды. 

Сөйлегендер:

Меркі АПБ көші қон қызметінің аға инспекторы полиция майоры Е. Даулетбаев балаларды жол-көлік қозғалысынан жарақат алудың алдын алу, сонымен қатар жолдар мен көшелерде қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды бекітіп, білім алушылармен  сұхбат жүргізді.

     ЖПҚб УПИ Р.Мамытбеков жасөспірімдерге қайғылы оқиғалар автокөлік жүргізушінің, не болмаса жаяу жүргіншінің жол қозғалыс ережесін білмеуінен туындайды. Әсіресе, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер  көлік жүргізсе, қайғылы жағдайға  әкелу мүмкін екендігін ескертті. Сондай ақ, скутер, мопед жүргізу  қаупі туралы айтып өтті.

 Білім алушылар өздерін қызықтыратын әр түрлі сұрақтар қойып, оларға тиісті жауап алды.