24
ноябрь
2021
ата ана жиналысы
2021 жылдың 24 қараша күні Меркі аудан әкімінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес №21 ЖОББ мектебінде екінші жұмысшы тобы короновирустық инфекцияның алдын алу, ревакцинация жүргізу және 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы екпе егу жұмысы туралы ата - аналармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналысқа 7-11 сынып білім алушылардың ата аналары қатысып, жалпы 125 адам қамтылды. Жиналыс барысында Pfizer вакцинасы туралы ақпарат және ата-аналарды толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.
