«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы
21
январь
2019

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жоспарына сай 2019 жылдың қаңтар айында  «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» ХІ республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінің өтуіне байланысты №21 Жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының тіліне, тарихына деген қызығушылықты арттыру, оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында осы жылдың 19- шы қаңтарында №21 жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді.

  6- 11 сыныптар оқушылары арасында өткен мектепішілік олимпиада бес бағытты қамтыды.

 «Тіл мен әдебиетшілер» байқауында оқушылар тест сұрақтарынан  тұратын сынақ тапсырды. Ең жоғары балл жинаған 8 «ә» сынып оқушысы Ринатқызы Кәусар анықталды.

  «Жазушылар байқауында 10 «а» сынып оқушысы Мэлс Маржанның «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» тақырыбындағы   және 7 «а» сынып оқушысы Бейсенбек Аяжанның  «Тәуелсіздік – тәтті ұғым» тақырыбындағы жазған эссе жұмыстары жоғары баллмен бағаланды. Оқушылыр өз ойын дәлелдермен жеткізе білді. Шығармалардың әдеби- көркемдік жағы,  тәрбиелік, танымдық мазмұны бағаланды.

      6 «ә» сынып оқушысы Итығұлов Санжардың «Қазіргі қазақ тіліне аударылған сөздер қаншалықты түсінікті?» тақырыбында қорғаған ғылыми жобасы өте қызықты болды. Оқушы ғылыми жобаның  тіл табиғатын сақтай отырып, тақырыбын аша білді. Жетекшісі: ЖақсымбетоваМ.

    «Сөз шеберлері» байқауында оқушылар Отан, тарих, тіл тақырыптарында прозалық шығармаларды жатқа мәнерлеп оқыды.Атап айтсақ, 6 «б» сынып оқушысы Сулейманов Ш., 9 «а» сынып оқушысы Таңсықова М., 9 «б» сынып оқушысы Гейдарова Г.,  10 «а» сынып оқушысы Қадіржан Ә., 8 «в» сынып оқушылары Туфанова И., Касапчиев Р.,   6 «б» сынып оқушысы Теміртай Д.  Аталған оқушылар шығарма сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізді. Сахнада өзін ұстау мәнері, әуені өте жақсы болды.

     «Әнші бұлбұлдар» байқауында 7 «ә» сынып оқушысы Болатхан Мейірімнің орындауында «Ақ қанат» әні жоғары балл алды. Ән мен саздың, қимылдың үйлесімдігі өте жақсы болды. Жетекшісі:Айткулова А. С.

       Олимпиада соңында әділқазы ұстаздар бағалаған ұпайлар санымен I , II, III орын алған жеңімпаздар мақтау грамотасымен марапатталып, I орын аған оқушылар аудандық «Жарқын болашақ» тіл олимпиадасына жолдама алды.

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы

 

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы

 

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы

 

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы