12
январь
2019
«Жарқын жастық – баянды болашақ» атты студенттермен кездесу кеші
9-11 сынып оқушыларымен "Жарқын жастық - баянды болашақ" тақырыбында студенттермен кездесу кеші мектеп психологы А.С. Назаркулованың ұйымдастыруымен өткізілді.
Мақсаты:
а)Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;
ә)әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту, 9-11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту;
б)бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;
в)мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы мағлұмат беру;
Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиырға сермедің,- деп Абай атамыз айтпақшы, қасиетті де қадірлі мекен – алтын ұя мектебінен сан тарапқа қанат қаққан шәкірттері бүгінгі күн алтын ұясында қайтадан бас қосты.
Біздің мектебіміздің 2018 жылы бітіруші түлектердің 15 қазіргі таңда студент қатарында. Олардың – 12-і жоғарғы, 3-і арнаулы кәсіптік оқу орындарында оқиды екен.Студенттеріміз еліміздің атаулы университеттерінде оқиды, атап айтар болсақ Алпысбай Әбдіқасым мен "Үздік атестат" иегері Ералиева Аружан Қазақ ұлттық Әл-Фараби атындағы университетінде оқыса, Қазақ ұлттық медицина университетінде Мамыт Айым, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Белхожаева Назима мен Нағима, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Секербек Бағдина, Халықаралық бизнес университетінде Асанова Зере грантпен оқып жатса, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде Берікбай Ардақ пен Садықбек Аяжан, Тараз Мемлекеттік Университетінде Абибулла Бақдәулет, Көкшетау кадет корпусында Бектұр Алишер, Қарағанды, Талғар қалаларындағы медициналық колледждарында Бектұрсын Арайлым мен Назарбек Жанеттаның студенттік өмірлері жалғасуда.
Студенттерге өздерінің білім алып жатқан мамандықтары мен университеттері жайында кеңінен бөлісті, сессия тапсыру, ҰБТ қатысудың маңыздылығы, қалай дайындалу тиімді екендігі жайында өз ойларымен толық бөлісті.
ҰСТАЗ – СТУДЕНТ – ОҚУШЫ - СТУДЕНТ бір- біріне ақ тілектерін айтты және кеш қонағы болған директордың құқықтық - тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары, 2018 жас түлектеріміздің сынып жетекшісіде өзінің жылы лебіздерін білдірді.
Студенттермен кездесу кеш өз дәрежесінде өтті.