Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды комиссиясы) туралы Ақпарат №1
2024 жылдың 6-27 қыркүйек күні аралығындағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды.
Жалпы асхана таза, қызметкерлерлердің сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай. Тағам ас мәзіріне сәйкес, әрі нормаға сай. Қайнаған су күніне 2 рет ауыстырылып, Шыны ыдыстар қолданылады. Тамақтың сапасы дәмді және тойымды. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтап отырады. Келген азық-түліктің сапасы мерзіміне қарап қабылданады. Тәуліктік сынамалар дұрыс сақталған, сынамада тамақ атауы, күні, уақыты және медбикенің қолы қойылған. Бақылау порциясы яғни бір баланың тамақ өлшемі нормаға сай, беті жабысқақ пленкамен жабылған. Асхана мен ас блогындағы бейне бақылау камералары жұмыс жасап тұр. Асхана және қойма есіктеріне бөгде адамдардың кірмеуіне рұқсат жоқ деген қағаздар ілінген.
Кеткен кемшіліктер бойынша тиым салынған тағам майға қуырылған бәліштің болуы, асханадағы аспаптар мен ыдыстардың жеткіліксіздігі, кей заттардың таңбалануының болмауы, желдету жүйесінің жоқтығы, маскид торының жоқтығы, сондай-ақ жуынатын душ, ванна бөлмелері мектептің материалдық жағдайына сәйкес қарастырылмағанын, температуралық-ылғалдық режимін сақтау үшін қоймада, тоңазытқыштарда арнайы термометрлердің жоқтығы, орнынан тек медициналық градус өлшеуіштері қолданатыны анықталды.
Анықталған кемшіліктерді шұғыл және 5 жұмыс күнінде жоюға комиссия тарапынан мектептің шаруашылық меңгерушісі Ш.Наурызбайға, ИП. Т.Карабаевқа ұсыныс айтылды. Санитарлық талаптар бойынша анықталған басқа да кемшіліктер аспазшы Д.Жармухамбетова тарапынан шұғыл және ұсынылған мерзім ішінде жойылды.