Мектептегі тамақтандырудың сапасын бақылау жөніндегі бракераж комиссиясының жұмысы туралы ақпарат » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептегі тамақтандырудың сапасын бақылау жөніндегі бракераж комиссиясының жұмысы туралы ақпарат
26
февраль
2024

Мектептегі тамақтандырудың сапасын бақылау жөніндегі бракераж комиссиясының жұмысы туралы ақпарат

Мектепте ақпан  айында  бракераж комиссия мүшелері асханаға  тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеріс барысында   асхана қызметкерлерінің киім үлгісі таза, бас киімдері бар, аяқ киімдері былғарыдан жасалған талапқа сай болды.   Ас блогындағы екі   тоңазытқыштардың іштері таза, термометр қойылған, тауар көршілестігі  дұрыс сақталған. Тәуліктік сынама әдеттегідей  қақпағы бар  шиша құтыға салынып, мерзімдері көрсетілген, бір күндік  дайын тағам өнімдерінің  шығым мөлшері   ас мәзіріне сәйкес келеді.   Ауыз су дұрыс жолға қойылған, қайнатылған су арнайы су құрылғысындағы бөтелкеге құйылып,  кестеге сәйкес ауыстырылған. Асханадағы дайын тағам өнімдеріне  мектеп медбикесі А. Қаналы  органалептикалық бағалау күнделікті жүргізіп  журналдарына тіркеп отырады. Асханада ыдыстар жеткілікті, балаларды  тамақтандыруға арналған орындар  саны 40 балаға арналған. Күнделікті ас мәзірі мектеп директорымен бекітіліп ілінген.  Дайын тағам шығымы ас мәзіріне сай көрсетілген. Алайда асханада тиым салынған майға қуырылған бәліш  болғаны анықталды. Аспазшы Д.Жармаханбетоваға осы тараптан ескерту берілді.  Тамақтану кестесіне сай мектеп оқушыларынан  бракераж комиссия мүшелері тарапынан  білім алушыларға, тағамның сапасы жайында сұрақтарда қойылылды. Білім алушылар  асхана тағамдарының дәмі  жақсы, дәмді екенін айтты. Тамақтанатын  залдың санитарлық жағдайы жақсы. Асханада екі қолжуғыш, сусабын, екі қол кептіргіш қойылған.   

Асхана қоймасындағы көкөністер дұрыс сақталған.  Дайын келген шырындардың жарамдылық мерзімі  талапқа сай. Қоймадағы тоңазытқыштың ішкі таза, көкөністер бөлек қораптарда сақталған.