Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың жұмысы
Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды комиссиясы) туралы
Ақпарат №3
2024 жылдың 4 - 29 қараша күні аралығындағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды.
Жалпы асхана іші таза, қызметкерлерлердің сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сайкеледі. Дайын тағамдар ас мәзіріне сәйкес. Қайнаған су күніне 2 рет ауыстырылып,уақыты өзгертіліп отырады. Білім алушыларға тамақтандыру үшін шыны ыдыстар қолданылады. Пластмас ыдыстар жоқ. Тамақтың сапасын дәмін тексеру мақсатында мектеп медбикелері А.Қаналы мен С.Райымжан күнделікті оргонолептикалық бағалау жүргізіп, бракераждық журналға жазба енгізіп отырады.
Асханада білім алушыларға тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтау мақсатында қол жуатын орындар орнатылған, арнайы қол жууға су сабын, қағаз сүлгі мен қол кептіргіш қойылған. Асханада күнделікті медбилер тарапынан дайын піскен тағамдардан тәуліктік сынамалар алнып, шыны құтыға тоңазытқышта сақталады. Тәуліктік сынамада тамақ атауы, күні, уақыты және медбикенің қолы қойылып отырады. Күнделікті бір балаға берілетін тамақ мөлшерінің бір нұсқасы арнайы жайпақ тарелкеде қойылып, уақытын тамақтың атауын жазып, дайын астың беті жабысқақ пленкамен жабылып тұрады. Асханада екі тоңазытқыш бір мұздатқыш тоңазытқыш орнатылған. Сүт өнімдері қойылатын тоңазытқыштарда тауар көршілестігі сақталған, іші таза , термометр қойылған. Шикізат өнімдері (ет тефтели, тауық еті, котлет және т. б) өнімдер тауар көршілестігін сақтаған.
Нанды арнайы ағаш шкафта сақтайды, нан турайтын тақтайшаларды 1% сірке суымен щеткамен залалсыздандырып отырады. Ыдыс жуу ережесі арнайы маңдайшада ілінген. Көмекші Э. Ахатаева ыдыстарды үш бөлек ережемен жуу процесін іске асырады. Ыдыстарды 0.15% хлор ерітіндісімен күніне екі рет залалсыздандырып отырады.Тамақ қалдықтарын арнайы таңбаланған эмальды ыдыстарға салып, беті жабық тұрады. Қосық қалдықтары таңбаланған 25 литрлік пластмас беті жабық ыдыстата сақталады. Тамақтанатын зал жарық, едені таза.
Асхана қоймасының ішін таза, жарық. Көкөністер арнайы бөлек қораптарда сақталған. Көкөністерді сақтайтын тоңазытқыштың іші таза, жақсы.Алма шырындары арнайы темір сөрелерде қойылған. Мерзімі талапқа сай келеді. Тауар сертификаттары бар. Аспазшы мен көмекшілердің киімдеріне шкаф орнатылған.Асхана жеткізілген келген азық-түліктің сапасы мерзіміне қарап қабылданады. Асхана мен ас блогындағы бейне бақылау камералары жұмыс жасап тұр. Асхана және қойма есіктеріне бөгде адамдардың кірмеуіне рұқсат жоқ деген қағаздар ілінген.
Тексеріс барысында кеткен кемшіліктер тиым салынған тағам майға қуырылған бәліштің болуы, желдету жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жуынатын душ бөлмелері мектептің материалдық жағдайына сәйкес қарастырылмағандығы, қоймадағы температуралық-ылғалдық режимін сақтау үшін термометрдің жоқтығы.Кей кездері бір балаға берілетін бақылау порциясы тамақ өлшемінің нормаға сай болмауы. Берілетін лимонды шайдың дайындалуы талапқа сай келмеуі.
Анықталған кемшіліктерді аспазшы Д.Жармухамбетова 5 жұмыс күнінде жоюға комиссия тарапынан ескертіліп, дұрыс жолға қойылды.

