Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың жұмысы
Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды комиссиясы) туралы
Ақпарат №5
2025 жылдың 6 - 27 қаңтар күндері аралығындағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделді.Жалпы асхана қызметкерлерлердің қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары комиссия мүшесі тарапынан қадағаланып отыр. Аспазшы мен көмекшілердің сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай. Тағамдар ас мәзіріне сәйкес, әрі нормаға сай дайындалады. Тамақтың сапасы дәмді және тойымды. Мектеп медбикесі А.Қаналы күнделікті дайын тағамға оргонолептикалық бағалау жүргізіп отырады. Қайнаған су күніне 2 рет ауыстырылып тұрады. Асханада шыны ыдыстар қолданылады. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтап отырады. Сондайық дайын тағамнан тәуліктік сынамалар алынып, тоғазытқышқа сақталып, тамақтың атауы, күні, уақыты және медбикенің қолы қойылған. Бақылау порциясы яғни бір баланың тамақ өлшемі нормаға сай, беті жабысқақ пленкамен жабылған.
Ас блогындаңы тоңазытқыштардың ішінде тауар көршілестігі сақталған, термометр қойылған, жұмыс жасап тұр. Ыдыс жуу ережесі дұрыс жолға қойылған. Тамақтанатын залдың іші жарық. Келген азық-түліктің сапасы мерзіміне қарап қабылданады. Асхана мен ас блогындағы бейне бақылау камералары жұмыс жасап тұр. Асхана және қойма есіктеріне бөгде адамдардың кірмеуіне рұқсат жоқ деген қағаздар ілінген.
Кеткен кемшіліктер тексеріс барысында тиым салынған тағам майға қуырылған бәліштің болуы, желдету жүйесінің жоқтығы, қоймадағы көкөністердің жай күйі дұрыс сақталмағандығы, сондай-ақ жуынатын душ, ванна бөлмелері мектептің материалдық жағдайына сәйкес қарастырылмағандығы, қоймадағы температуралық-ылғалдық сақтайтын термометрдің жоқтығы, қасықпен шанышқыны дұрыс орналыстырылмағандығы, тамақтанатын залдың еденінің ластығы анықталды.
Анықталған кемшіліктерді 5 жұмыс күнінде жоюға комиссия тарапынан ДШІЖО: А.Наурызбаевқа және аспазшы Д.Жармуханбетоваға мен көмекшілері А.Сахова, Г.Ахатаеваға ескерту беріліп,шұғыл түрде дұрыс жолға қою ұсынылып, осы уақыт аралығында дұрыс жолға қойылды.