2020-2021 оқу жылындағы №21 жалпы білім беретін мектебінде «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары оры
2020-2021 оқу жылындағы №21 жалпы білім беретін мектебінде
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары орындалуы бойынша
Анықтама
Қаралатын орны: педагогикалық кеңес тамыз 2020 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай –ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және де өзге де санаттағы білім алушылармен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағытымен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес, тегін тамақ мемлекеттік білім беру мекемелерінің келесі санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
- жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
- білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылармен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына( бұданәрі- білім алушылар мен тәрбиеленушілер) беріледі делінген.
Биылғы оқу жылында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылар саны 24, осы отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар саны 66, отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жоқ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүрү деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар жоқ, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар жоқ, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар жоқ, сондай –ақ білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылармен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары бойынша жергілікті Андас батыр ауылдық әкімшілігінің мамандарымен бірлескен кмиссия мүшелерімен 9 отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жасалған актқа сүйене отырып енгізілген балалар саны -21 оқушы. Мектебімізде барлығы 87 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалар саны бекітілген. Жалпы айтқанда 24 отбасының атаулы әлеуметтік көмек алатыныны, ал 9 отбасының 21 оқушының тұрмыс жағдайы зерделеніп, акт толтырылуы негізінде педегогикалық кеңеске ұсынылды.