ІV тоқсандағы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
№21 жоббм ІVтоқсандағы ыстық тамақтың
ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 25 наурыздығы №12 қаулысының 15 тармақшасында: «Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және асханаға отырғызу осы қаулыға 46- қосымшаға сәйкес талаптарды сақтай отырып қамтамасыз етіледі»-делінген. Қаулыға сәйкес 2021 жылдың 1 сәуірінен 1-11сынып білім алушылары дәстүрлі оқуға көшірілді. Ағымдағы жылдың 1 сәуірне дейін мектеп асханадағы дайындық жұмысы толық аяқталды. Мектепте бір мезгіл тегін ыстық тамақпен аз қамтылған және көп балалы отбасынан 107 білім алушы тізімге тіркелген. Ыстық тамақпен қамтылатын білім алушылардың саны ұлттық деректер қорына толық енгізілді. Асхана жұмысын жалғастыру үшін аудандық СЭС -тен рұқсат қағазы алынған. Асханада бір аспазшы жұмыс жасайды. Аспазшының рұқсат қағазы бар. Асхана бұрышында білім алушылардың тамақтандыру кестесі және әкімшілік құрамының кезекшілік кестесі, күнделікті ас мәзірі ілінген. Азық- түліктер мен ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында бракераждық комиссиясы, сондай -ақ тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы құрылып, уақытылы бұйрық шығарылған.Асхана үш бөлмеден тұрады, аспазшы бөлмесі,тамақтанатын бөлме және азық- түлік сақтайтын қойма. Мектеп асханасына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асханаға қажетті жабдықтармен толық жабдықталып, ауыз су жүргізілген. Ас бөлмесінде төрт көзді плита, ыдыстар қойылатын арнайы сөрелер орнатылған. Ет, сүт, балық өнімдерін және тез бұзылатын азық түліктерді сақтайтын екі тоңазытқыш қойылған. Білім алушыларды тамақтандыруға арналған ыдыс-аяқтар толық жеткілікті. Тамақтандыру бөлмесінде 2 метр ара қашықтықты сақтай отырып, 6 үстел,12 орындық қойылған. Қайнатылған ауыз сумен қамту мақсатында кулер орнатылып, үстел үстіне таза шыны ыдыстар қойылған. Асханада санитарлық -гигиеналық талаптарын орындау мақсатында қол жуатын 2 қолжуғыш, онда сұйық сабын, бір реттік қағаз сүлгісі қойылған. Қабырғаға антисептик ілініп, еденге арнайы кілемше төселген. Асхана қоймасында азық-түліктер мен көкөністер үшін арнайы сөрелер қойылған.