100 жаңа есім Димаш Құдайбергеновтың өнер жолы танымдық сазды кеш » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 100 жаңа есім Димаш Құдайбергеновтың өнер жолы танымдық сазды кеш
28
январь
2019

100 жаңа есім Димаш Құдайбергеновтың өнер жолы танымдық сазды кеш

100 жаңа есім Димаш Құдайбергеновтың танымдық сазды кешін 6 "ә" сынып және 8 "ә" сынып оқушыларының сынып жетекшілері А.С. Назаркулова мен Н.А. Адилованың ұйымдастырылуымен 24 қаңтар күні өткізілді
Мақсаты:
а) білімділік: Д. Құдайбергеновтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру
ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, жаңа есімді адамдардан үлгі алу
б) дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту
Көрнекілігі: Димаштың фотолары, бейнероликтер нақыл сөздер, буклет
Жоспары:
1. Кіріспе бөлім (Димаштың өлеңі)
2. «Димаш – жарық жұлдыз»
3. «Поэзия – жүрек тілі»
4. «Құлақтан кіріп бойды алар» (Әндерін орындау)
5. «Әлем таныған – Димаш»
6. «Жазылар естеліктер мен туралы»
1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді қонақтар!
2-жүргізуші: Қазақтың өлеңдерін кие тұтқан, жүрегімен ән орындап жүрген, ерекше дауысымен әлем елдерінің махаббатына бөленген «100 жаңа есім – Димаш Құдайбергеновтың өнер жолы» атты танымдық - сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Димаш Құдайбергенов - оны күллі халық сүйіп тыңдайды. Димаш шын мәнінде, бір туар және қазақты әлемдік деңгейде таныта білді.
2-жүргізуші:
Димаш Құдайберген 24 мамыр 1994 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева отбасында дүниеге келген. Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған.
(видео)
1-жүргізуші:
Алты жасында “Айналайын” Республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған.
2 – жүргізуші:
2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды.
1 – жүргізуші:
2012 жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына ие болды. Бір жылдан соң, “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болып атанды.
2 – жүргізуші:
Білімі
5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренеді. Балалар хорында ән айтқан. 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдады. Қазір Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің “эстрада өнері” факультетінің 2 курс студенті. Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс т.б тілдерде ән орындайды.
1 – жүргізуші:
Димашқа Нағыз танымалдық Витебск қаласында XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған соң келген. Екі күн ішінде, жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің «Опять метель» әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған «Sos dun terien un detresse» әнін орындады. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстамбұлдада Димаш Құдайбергенов “Abu TV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.
(1 видео славян базарындағы әнді орындауы)
2 – жүргізуші:
27 наурызда 2017 Қазақстанның сүйікті әншісі Димаш Құдайбергенов "Top Chinese Music Awards" номинацияның жеңімпазы атанды. Әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуы бойынша, біздің әнші "Азиядағы ең атақты әнші" номинациясын жеңіп алды. Марапаттау церемониясы кезінде Димаш SOS d'un terrien en détresse әнін орындады
1 – жүргізуші:
15 сәуір 2017 Димаш Құдайбергенов Қытайдағы "Singer 2017" жобасында екінші орын алды. Димаш өзінің ақтық сынағында Қытайдың әншісі Шан Венжемен дуэт құрып ән айтады. Ақтық сынақта ол Майкл Джексонның: Dangerous, Billie Jean, The Way You Make Me Feel және Earth song атты әндерін айтып шығады. Ал бірінші орынды болса Қытай қызы Sandy Lam жеңіп алады
(Видео 3)
2 – жүргізуші
«Поэзия – жүрек үні»
Ортаға:
1 – жүргізуші:
Пай, пай, неткен керемет поэзия, олай болса әншінің шығармашылығы жайында айтар болсақ Көптеген адамдардың, тіпті сыналған музыкалық сыншылар Dimash дауысының 6 октавада таңқаларлық ауқымын тудырады - бастан ысқырыққа дейін. Құдайбергеновтың ұстазы Марат Айтимов, ол контртенор емес жасады деп, өйткені ол ноталарды төмендете алады, және лирикалық тенор, сопрано
2 – жүргізуші
Димаш әр түрлі жанрдағы вокалдық шығармаларды әртүрлі тілдерде орындайды (Қазақ, украин, орыс, ағылшын, француз, қытай және т.б.) Ол мәдени іс-шараларға белсенді қатысады, содайақ, 2017 жылдың 29 қаңтарында ол Алматыдағы Қысқы Универсиаданың ашылуында сөз сөйледі
1 жүргізуші:
2017 жылғы 27 маусымда «Астана Арена» спорт кешенінің стадионында. «BASTAU live show» атты алғашқы ірі жеке концертін өткізді. Сахнаның шеттерінде екі үлкен экран орнатылған, онда сөз сөйлеген болатын. (Бұл суретшінің арқасында залдың барлық бұрыштарынан көрінді. Спектакль кезінде Димаш әртүрлі бейнелерде пайда болды, Кинотеатрдың бес костюмі - дәстүрлі қазақтан қазіргі заманға дейінгі, және олардың әрқайсысы дыбысталған шығармаларға сәйкес келеді.)
2 жүргізуші
әнші домбырашылармен бірге күй ойнады, содан кейін көрермендерге гүлдер сыйлады, содан кейін Майкл Джексонның әндерін орындады. Димаштың орындауындағы Поп патшасының аңызға айналған «айлыққа» өтуі және танымал әуенді «Билли Жан» көрермендердің көңілінен шықты
1 жүргізуші:
Бір кезеңде атақты қазақстандық орындаушымен орыс әншісі Кристина Орбакайте, швед суретшісі Лорин, Ағылшын әйел Софи Эллис-Бекстор, сондай-ақ Димаштың қытайлық әнші Терри Линнің «I am Singer» жобасына қарсыласы. Сол жерде, Сахнада Бастау дуэттің жас домбырашылары өздерінің шеберліктерін көрсетті, Keshyou топтарының мүшелері, VOX ACAPELLA және «Алло». Димаш концертте 30 мыңға жуық адам жиналды. Соло-концерт түн ортасында аяқталды, және барлығы 4 сағатқа созылды.
2 жүргізуші:
«2017 жылғы ең әдемі жүздердің 100» тізіміне қазақстандық әнші кірді
1 жүргізуші:
2018 жылдың 28 қаңтары Қытайдағы Жаһандық алтын марапаттау рәсімінде «Үздік суретші» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды
2 жүргізуші:
Димаш Құдайбергенов 2017 жылы еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке қабылдауында болып ақ батасын алды. «ДАРЫН» мемлекеттік сыйлығын алды (видео)
1 жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар, Тәтті ән мен тәтті күй» дей келе Димаш Құдайбергеновтың репертуарынан «Қазақстан» әнімен Нұрлан Нұрды ортаға шақырамыз
2 – жүргізуші: «Әлем таныған – Димаш» иә қазіргі таңда I am a singer телебайқауы таңғажайып дауысымен талайлардың жүрек қылын шерткен Димаш Құдайбергеннің танылуына мүмкіндік сыйлаған бірден бір жоба. Осыдан соң Димаштың өнері асқақтап, әлемнің түкпір түкпірінен т.скен шақырту Джеки Чан, Джек Ма, Ева Лонгория, Никол Кидман сынды кіл мықтылармен таныстыққа жол ашты. Қытайдың орталық телеарнасы «Жылдың ең танымал әншіісі» атағын берсе, аз уақыттан соң әнші «MTV Music Awards» жүлдесінің иегері тұңғыш қазақ атанды.
1 – жүргізуші:
Ал Димаштың Лондонда дүркіреп өткен концерті отандық мәдениеттегі айтулы оқиға болды. (Концерттен үзінді видео)
Ән кешіне жанкүйерлер әлемнің 45 елінен ат арытып жеткені өз алдында, алпауыт медиа аталатын ВВС арнасына әнші туған елі шығармашылығы, алдағы жоспарлары туралы кеңінен сұхбат берді.
2 жүргізуші:
Биылғы «The Silk Road Cohesion Awards 2018» халықаралық марапат кешінде «Жібек жолының мәдени елшісі» және «Жыл әншісі» мараппаттарына ие болды.
1 – жүргізуші:
Кремль сарайында атақты Игорь Крутой Димаш Құдайбергеновке арнап «Любовь усталых лебедей» әнін жазып, екеуі кремль сахнасында бірге шырқады.
(видео)
2 жүргізуші:
Димаш Құдайбергенов жайлы соңғы жаңалықтарға келер болсақ, 2019 жылы Америка құрама штаттарында өткізіліп жатқан «Дәуір әншісі» байқауында қазіргі деректерге сүйенер болсақ алдыңғы қатарлы 3 орында тұр және де наурыз айында Мәскеудегі Кремльде өз жеке концертін өткізуді жоспарлап отыр.
1 жүргізуші:
Димаш Құдйбергенов жайлы мәліметтерді білдік, шығармашылығы мен өнері, танымалдылығы жайында көптеген мағлұматтар алдық,
2 жүргізуші:
Ендеше, ойын ойнайық, олай болса алдарыңызға тарытылған бөлшек қағаздарды біріктірсек, Димаштың қатысқан байқаулардағы көріністері шығады, сол көрініс қай байқау екенін табамыз
(Димаштың 1 әні)
1 – жүргізуші: Бүгінгі «100 жаңа есім – Димаш Құдайбергеновтың өнер жолы» танымдық-сазды кешімізді аяқтаймыз
1,2 жүргізуші: Димаш жайлы естеліктер жазылар әлі.
100 жаңа есім Димаш Құдайбергеновтың өнер жолы танымдық сазды кеш
100 жаңа есім Димаш Құдайбергеновтың өнер жолы танымдық сазды кеш
100 жаңа есім Димаш Құдайбергеновтың өнер жолы танымдық сазды кеш
100 жаңа есім Димаш Құдайбергеновтың өнер жолы танымдық сазды кеш
100 жаңа есім Димаш Құдайбергеновтың өнер жолы танымдық сазды кеш