«Ұстаздар мерекесінің» өткізілуі туралы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұстаздар мерекесінің» өткізілуі туралы
27
ноябрь
2018

«Ұстаздар мерекесінің» өткізілуі туралы

Ұстаздар мерекесіне байланысты №21 ЖББ мектебінде «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай бұйрық шығарылып , іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар өткізу мақсаты: «Мұғалімдер күні» мерекесін мерекелеу және мұғалім мәртебесін арттыру. Ұстаздар мерекесіне байланысты 1 – 11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтқанда, 1 – 4 сыныптар аралығында: «Жарқын жүзді ұстазым!», «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», «С любовью к вам , учителя», «Ұстаз ұлы тұлға» атты бірыңғай тәрбие сағаттары жүргізілді. Тәрбие сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстазды құрметтеуге, оларды түсіне білуге, бағалауға үйретіп, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндірді. 5 – 7 сыныптар аралығында, «Учитель, перед именем твоим!», «Ұстаз-халық анасы», 8 –11 сыныптар аралығында «Учитель- высокое призвание» , «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы», «Ұстазыма мың алғыс» «Вы-блестящий учитель» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстаздық мамандықтың қиындығы мен қызығы бірге жүретіні жөнінде түсініктерін қалыптастырып, білім алуға саналы көзқарастарын нығайтып, жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерін дамытып, ұстазды әрқашан сыйлауға тәрбиеледі.4-11 сынып оқушылары қабырға газеттерін шығарды.
Елімізде жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын "Ұстаздар күні" мерекесі мектепте өз деңгейнде аталып өтілді. 5 қазан күні «Ұлтымыздың ұлы қолбасшысы-ол мұғалім» тақырыбында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараны мектеп басшысы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Атап айтқанда: Султанбаева З.А., Шляхова А.А., Баталина Л.В., Джанабатырова Р.Х., Грабова Н.Д., Байтаева А.А. Салтанатты шараның соңы мектептің өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты. Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен ән – сазды бағдарламасына зейнетке шыққан ұстаз ардагерлер шақырылды. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді.Ардагерлер оқушылармен сұхбаттасып, өнерлерін тамашалап, ризашылығын білдірді. Іс – шараның соңында, оқушылар әр мұғалімге арнайы өлең шұмақтарын арнап, гүл шоқтарын сыйлады. Іс – шаралар барысында мұғалім жас ұрпақты ұстаздар қауымын сыйлауға тәрбиелеп, ұстаздың шәкірттерге ең беделді үлгі болатын жан екені туралы ұлылардың нақыл сөздерімен таныстырып, сондай – ақ, оқушылар өздерінің ұстазға деген сүйіспеншілігі мен сөздерін білдіріп, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар , мұғалімдер мерекесіне арналған арналған тәрбие сағаттарына ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысып, өз тілектерін білдірді.Мектеп фойесінде «Ұстаз- менің шырқайтын ғұмыр әнім!» атты стенд безендірілді, «Гүлдер кеші» көрмесі ұйымдастырылды. Өздерінің ерекше қолөнерлерімен 3 «ә», 4«а», 5 «а», 8«а» сынып оқушылары көзге түсті. Ал плакаттар байқауында 3 «а» сыныбы ерекшеленді.
Анықтама дайындаған ДТЖО Тайбекова Э.Б.
«Ұстаздар мерекесінің» өткізілуі туралы
«Ұстаздар мерекесінің» өткізілуі туралы