«Алтын күз - 2018» өткізілген мектепішілік іс – шарасының қорытындысы
Жауапты: ДТЖО – Тайбекова Э.Б
Мерзімі: 25-26 қазан, 2018 жыл
Мақсаты: Оқушылардың мектептен тыс уақытын тиімді пайдалану, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, олардың табиғатқа, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру және эстетикалық тәрбие беру.
Осы жоғарыдаға аталған мақсаттарға сай 2018 жылдың 25 –26 қазан күндері мектепте «Күзгі бал мерекесі» байқауы 5 – 10 сыныптар аралығында ұйымдастырылып, екі кезеңмен: 25 қазан күні 5-7 сынып , 26 қазан күні 8-10 сынып аралығында өткізілді. 5 «а,ә,б,в,г», 6 «а,ә,в» және 7 «а», 10 «б», 9«а,б», 8 «а,ә» сынып оқушылары байқауға жоғары дәрежеде дайындалып, барлық тапсырмалар барысында өз өнерлері мен білімдерін жан – жақты, толық, мазмұнды, эстетикаға сай көрсете білді.7 «а» сынып оқушылары Сынып жетекшілер өз сыныптарындағы оқушылармен үлкен ұйымдастырушылық пен жауапкершіліктерін көрсетіп, дайындық жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың жан – жақты көзқарастарын қалыптастырған.
Қорытындылай келе, бірінші күні осы жоғарыдағы аталған сынып оқушылары келесідегідей нәтижелерге жетті.
І – орын - 10 «б» сынып (сынып жетекшісі:Турдиева А.) , 8 «а», 9 «б» сынып -ІІ орын, 8 «ә», 9 «а» сынып оқушылары ІІІ -орынды жеңіп алды. 5-7 сыныптар аралығында «Ханзада мен Ханшайым» атағына ие болғандар 7 «а» сынып оқушылары Наби Ажар, Бибатыр Нұрдәулет 8-10 сыныптар аралығында Абилов Хаджи мен Элик Зейнеп.
Жалпы екі күндік өткізілген мектепішілік «Күзгі бал мерекесі» байқауы жақсы деңгейде өтіп сынып оқушылары және сынып жетекшілері өздерінің жауапкершіліктерінің және ұйымдастырушылық қасиеттерінің жақсы дәрежеде екендігін көрсетті.