8-қыркүйек күні «Денсаулық фестивалінің» өткізілуі туралы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 8-қыркүйек күні «Денсаулық фестивалінің» өткізілуі туралы
27
ноябрь
2018

8-қыркүйек күні «Денсаулық фестивалінің» өткізілуі туралы

8 қыркүйек күні №21 ЖББ мектебінде «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен Денсаулық фестивалі өткізілді. Фестиваль салтанатты жиынмен ашылды. Денсаулық фестивалінің мақсаты: оқушылардың белсенді өмір салтын жүргізуге назарларын аудару, денсаулық үшін қимыл белсенділігінің артықшылықтары туралы хабардар болуын арттыру. Фестивальге мектебіміздің 3-11 сыныптан -620 оқушы қатысты. Фестиваль мектептің сырты спорт алаңында қатысушылардың сапқа тұруынан басталып, ҚР-ның Әнұраны орындалды. Мектеп директоры Бекжанова Эльмира Алтынбекқызы фестивальдің ашылуымен құттықтады. Фестивальді 10 «А» сынып оқушысы Олжабек Аслан «Мен қазақпын» патриоттық әнімен жалғастырды. 3-10 сынып оқушылары «Дені саудың рухы сау», «В здоровом теле здоровый дух!», «Дені саудың жаны сау», «Мен дене шынықтыру үшін!» атты лозунгтарымен спорттық жарыстарға , флешмобқа белсене қатысты. Денсаулық фестивалі барысында мектеп медбикесі Салимбаева Ж. дене белсенділігі , салауатты тамақтану , дене салмағының өлшемі, шылым шегу зияны , жүрек-қан тамыр жүйесі туралы ақпарат берді.Ақпаратты тындаушылар саны 651. 38 мұғалімнің қан қысымын өлшеді. Барлығының қан қысымдары нормада екені анықталды.Оқушылар мен мұғалімдер үшін «Денсаулық сандарына жет тақырыбында» ақпараттық стенд безендірді. Фестиваль барысында «Дені саудың жаны сау» ұранымен ұйымдасқан флешмобты мектеп оқушылары шығармашылық әдіс арқылы көрсетті. Сонынан жалпы флешмоб орындалды. Сыныптар арасында спорттық жарыстар: футбол, жеңіл атлетика, ұлттық ойындар, баскетбол, волейболдан өткізілді. Бастауыш сыныптар үшін эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Дене тәрбиесі мұғалімдері таза ауада қозғалыс ойындарын ұйымдастырды. 1-4 сыныптар аралығында 410 оқушы эстафеталық жарысқа қатысса, 5-9 сыныптар аралығында кіші футболдан жарыс және баскетбол ойындарына 390 оқушы қатысып, 10-11 сыныптар арасында 70 оқушы баскетболдан жарысты. Бұл жарыстырға ұстаздар қауымы да атсалысты.
Жарысқа қатысқан оқушылар арнайы марапаттауға ие болды.
8-қыркүйек күні «Денсаулық фестивалінің» өткізілуі туралы
8-қыркүйек күні «Денсаулық фестивалінің» өткізілуі туралы
8-қыркүйек күні «Денсаулық фестивалінің» өткізілуі туралы
8-қыркүйек күні «Денсаулық фестивалінің» өткізілуі туралы