«Ал сен агрессияңды қалай жеңесің?», «Өмір сүру...» бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылып өткізілгендігі туралы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ал сен агрессияңды қалай жеңесің?», «Өмір сүру...» бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылып өткізілгендігі туралы
07
декабрь
2018

«Ал сен агрессияңды қалай жеңесің?», «Өмір сүру...» бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылып өткізілгендігі туралы

Мерзімі: 6.12.2018 жыл.
Барлық қатысқан оқушы саны - 75 оқушы.
Мақсаты: Адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру және оқушылардың аутодеструктивті, девиантты мінез-құлқын алдын алу, жасөспірімдік агрессияны ескертуге, өмірлік қиын жағдайларды жеңуге бағыттау.
жауапты:мектеп психологы: Назаркулова А.С.
Барысы: оқушылармен арнайы дайындалған оқушылар кірген соң бейнероликтің өткізілу барысы түсіндіріліп, №1 «Ал сен агрессияңды қалай жеңесің?» бейнеролигінің кіргенде ұсынылатын сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша бірінші сұрақ бойынша: «Сен ашулы болғанда өз эмоцияларыңды қалай басқарасың? деген сұрақ бойынша 75 оқушы - 100% өздерінің агрессиясымен күресе алатындықтарын айтқан, екінші сұрақ бойынша: «Өзін агрессияға алдырған досыңа не айтар едің? деген сұраққа өз агрессияңды басқару тәсілдері атап айтқанда (сабырлы бол, бауырларыңды, өзіңе жақын адамдарды ойла, сүйікті ісіңмен шұғылдан) деген сияқты кеңестер берер едік деп жауап берген. Үшінші сұрақ бойынша: Сенің ішкі дүниеңде қазір қандай сезім орнап тұр? деген сұраққа «көңілдімін, сабырлымын, өзімді жақсы сезінудемін» деп жауап берген.Сауалнама алынып біткен соң «Ал Сен агрессияңды қалай жеңесің?»атты бейнеролик көрсетіліп, оқушылардан қайта сауалнама алынып, эссе жаздырылды.
«Ал Сен агрессияңды қалай жеңесің?»атты бейнеролигін бағалау нәтижелері
Қамтылған оқушылар саны
(8-11 сыныптар)
75 оқушы-100%
Жасөспірімнің агрессия көрінісінде хабардар болу деңгейі:
57оқушы-76% өздерін агрессия кезінде сабырлыққа шақыра алып, өздері күресе алатындығы айқындалды
9 оқушы-12 %
9 оқушы-12 %
Роликті көрсету алдындағы(оң % / теріс % ) және одан кейінгі
(оң % / теріс % ) мектеп оқушыларының жағдайы
67 оқушы-89 % оң
8 оқушы-11% теріс
75-100%оң
Көргеннен кейін оқушыларға роликтің әсер етуі:
Қызықты, пайдалы -71 оқушы-95%
Жалпы көруге және қолдануға болады-4оқушы-5%
Бейнекөріністен кейін қатысушылар тағы да сауалнама толтырды. Қатысушылардың пікірі бойынша агрессияны басқарудың бірнеше түрлерімен хабардар болғандықтарын, түрлі тәсілдерімен таныс болғандықтарын атап өтті. Содан соң «Агрессияны басқарудағы менің қысқа нұсқаулығым» тақырыбында шағын эссе жазды.
Эссені талдау нәтижелері бойынша қатысқан оқушылардың 18 оқушы-24% агрессияны басқаруда роликте көрсетілген жаңа әдістерді пайдаланатынын атап өтті, 47 оқушы-63% өз бойындағы агрессиясын айқайлау, өзі ұнататын ісімен айналысу арқылы және агрессия тудырған адамның есімін, істеген істерін қағазаға жазып лақтырып тастайтындығын, таза ауада серуендеу, спортпен шұғылдану, өлең айту арқылы, т.б. әдістер арқылы шығаратынын айтып өтті. 10 оқушы-13% бейнероликті өмірлік жағдайда пайдалануға болатындығы туралы айтқан. Қатысқан оқушылардың барлығына бейнеролик ұнады деп жауап берген.
Бейнероликтен кейін «Өмірде ауыр жағдайлармен қалай күресуге болады" тақырыбында шағын эссе жазу ұсынылды.Оқушылар төмендегідей жауап берген: «Өмір адамға бір рет беріледі, өмір қиындықсых болмайды, сол үшін қиыншылықпен күресе біліп, жақсылыққа ұмтылу, өзіңе деген сенімді жоғалтпау, сабырлы болу, дұрыс ақсат қоя білу, өзіңді өмірде қиын жағдайлардағы адам орнына қойып, жақсыға ұмтылу керек, қндай қиыншылық болмасын жақын адаммен бқлісуге тырысу керек» деп өз ойларын анық жазған.
Қорытынды: мектебімізде Министрлік тарапынан ұсынылған жасөспірімдік агрессияның алдын алуға және өмірлік қиын жағдайларды жеңуге бағытталған алдын алу шаралары ұйымдастырылып өз деңгейінде өтті.и Қатысқан оқушыларға көрсетілген бейнероликтер әсер қалдырды, өздерінің ой түйгендерін шағын эссе түрінде жазып өткізді.
«Ал сен агрессияңды қалай жеңесің?», «Өмір сүру...» бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылып өткізілгендігі туралы
«Ал сен агрессияңды қалай жеңесің?», «Өмір сүру...» бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылып өткізілгендігі туралы
«Ал сен агрессияңды қалай жеңесің?», «Өмір сүру...» бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылып өткізілгендігі туралы