23
ноябрь
2018
"Өмір деген ғажайып, Өмір деген тамаша" конференция
"Өмір деген ғажайып, Өмір деген тамаша" атты 9-10-11 сынып оқушыларымен конференция өткізілді.
Мақсаты: Өмірді сүюге үйрету, оның әрбір сәтін қадірлеуді түсіндіру. Өмірдің мәні туралы ой-пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, бағалай білуге тәрбиелеу
Қатысқан сыныптар: 9 - 10-11 сынып оқушылары
Өтілетін жері: № 11 кабинет
Семинар тренингтің басталуы: 12-30
Конференцияның бағдарламасы:
<!-1.Ашылуы , әр сыныптың өзін таныстыруы
<!-2. Ой қозғау «Өмір...»
<!-3. Пресс – конференция
Бүгінгі күнгі боямасыз өмір
Менің ойымша....
<!-4.Тамаша өмір сүрудің қағидалары қандай?
<!-5 Бетпе – бет
<!-6. Қорытындылау
Барысы: конференцияға 9 «а» сыныбынан 10 оқушы, 10 «а» сыныбынан – 10 оқушы, 11 «а» сыныптан – 10 оқушы қатысты.
Әр сынып бір топ болып құралып бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілді. «Өмір деген ....» қалай аяқтар едіңіздер? (оқушылар өз нұсқаларын айтады) «Өмір деген ғажайып. Өмір деген тамаша!» тақырыбында жұмыс жүргізілді.
Қорытынды: оқушылармен өткізілген бүгінгі күннен алған әсерлері өте жақсы болды. Өмірдің ғажайып және тамаша болатындығын, сүйіспеншілікпен өмір сүру керектігін түсінді.