"Мен және менің ұжымым" тренинг » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мен және менің ұжымым" тренинг
18
ноябрь
2021

"Мен және менің ұжымым" тренинг

Жас мамандармен «Мен және менің ұжымым» тақырыбында жүргізілген
тренингтің анықтамасы
Мерзімі: 18 қазан 2021ж
Қатысқандар: 6 жас маман
Мақсаты: жас мамандардың ұжымға бейімделуі, өзін құрметтеуі, өзіндік бағалауларын анықтау
Жауапты: мектеп психологы А. Назаркулова
Барысы:
«Өрмекші торы» жаттығуы. Нұсқау:
- қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
«Сиқырлы көл» тренингі
Мақсаты: Жеке тұлға өзін-өзі құрметтеуге, сыйлауға үйрету, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Мазмұны: Қатысушылар дөңгелене отырып, көздерін жұмады. «Қазір мына қорапты бір-біріңе кезекпен жалғастыру керек. Қорапты алған адам көзін ашып, қораптың ішін қарайды, оның ішінде әлдебір керемет көл бар, сол көлдің ішінде жер бетінде , ең тамаша адамды көресіздер. Оған күлімсіреп қарау қажет.
Құрал –жабдықтар: қорап, айна.
«Менің өмірім» кокология

1 жылқы – отбасы
2 жолбарыс – ар-намыс
3 қой – махаббат
4 сиыр – карьера

• Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік
• Бәрінен жүйрік – Ой
• Бәрінен дана – Уақыт
• Бәрінен жеңілі – Басқаға ақыл айту
• Бәрінен қиыны – Өзіңді өзің тану
• “Бақыт деген не?”деген сауалдың “Бақыт деген таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу”. Расында да, сүйікті жұмысымызға, қызметтестерімізге ақ көңілімізбен асығып жетсек, жұмыстан соң жылы ұямыздың шуағына кенелу үшін асыққаныңыз, көңіліміздің тыныштығын білдірмей ме?
Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілеймін!
Қорытынды: жас мамандармен жүргізілген тренинг жағымды көңіл – күймен тарасты, тренинг өз дәрежесінде өтті.