«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты тарих айлығының ашылу салтанаты өтті » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты тарих айлығының ашылу салтанаты өтті
02
декабрь
2022

«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты тарих айлығының ашылу салтанаты өтті

2022 жылы 1 желтоқсан  күні Жамбыл облысы,Меркі ауданы № 21 жалпы орта білім беретін мектебінің  тарих және құқықтану пәні әдістемелік бірлестігінде  «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты тарих айлығының ашылу салтанаты өтті.Мақсаты: Білім алушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу,білім алушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту, Өткен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.Іс -шара барысында мектеп директоры -Э.А.Бекжанова,директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары- Б.Ш. Жандарова,тарих пәні педагогы -С.А. Кайрбеков педагогтарды және білім алушыларды осы мерекемен құттықтай отырып,оларды өз Отанын сүюге ,ұлтжандылыққа шақырып,өздерінің жылы лебізін білдірді.Сонымен қатар,іс -шара барысында білім алушылар Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне арналған тарихи өлеңдерін, қара сөздерін оқып,қазақ халқының негізін қалаған" Қазақ хандығы "тақырыбында тарихи сахналық қойылым қою арқылы патриоттық сезімдерін жеткізді.Іс -шараның соңында қатысушылар,білім алушылар, педагогтар Е.Хасанғалиевтың "Атамекен"әнін хормен орындады.