10
апрель
2025
"Жас маман - бас маман" тақырыбында жас педагогтардың онкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі
2025 ж.10 сәуір күні #21 Жалпы орта білім беретін мектебінде :" Жас маман - бас маман" тақырыбында жас педагогтардың онкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: 1. Жас мамандардың оқу- тәрбие қызметін ұйымдастыру деңгейін арттыру мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсету. 2.Жас мамандардың үздіксіз білім алуға және олардың теориялық білімдерін жетілдіру мақсатын да практикалық қолдау көрсету , кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. 3. Жас мамандардың шығармашылық қабілеті мен белсенді кәсіби ұстанымын дамыту, педагогикалық мамандықтың мәртебесі мен беделін өсіру. Салтанатты ашылу мерекесіне мектеп әкімшілігі, ұлағатты педагогтары мен қонақтар қатысып , жас педагогтерге қолдау көрсетіп , өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Құттықтау сөз барысында мектеп директоры : Эльмира Алтынбекқызы Бекжанова жас мамандарға педагогикалық қызметте шығармашылық даму мен толағай табыстар тілей отырып , шәкірттеріне сапалы білім мен жақсы тәрбие беріп , оларды үнемі белсенді, жаңашыл, мәдениетті , бәсекеге қабілетті, іскер маман болуына , сонымен қатар , "Педагог "мамандығымыздың Мәртебесі мен беделін биік ұстауға шақырып , өзінің жылы тілектерін білдірді. Сондай-ақ, іс- шара барысында мектептың ұлағатты педагогтары мен қонақтары жас мамандармен өздерінің көптеген жылы тілектерімен бөлісіп , олардан келешекте үлкен үміт күтетіндігін айтты. Мерекелік ашылу салтанатында жас мамандар өздерінің дайындаған көңілді бағдарламасын ортаға салып, шығармашылықтарын тарту етті.








