Мектептің тәрбие жұмысының жылдық есебі » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептің тәрбие жұмысының жылдық есебі
04
ноябрь
2024

Мектептің тәрбие жұмысының жылдық есебі

Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің    №21  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















2023- 2024 оқу жылындағы тәрбие жұмысының

жылдық есебі
















Андас батыр ауылы -2023ж


 


2023-2024 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмысының

талдауы


«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың , бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бекітілген 2023- 2024 оқу жылына жылдық жоспар жасалынып бекітілді.

Тәрбие жұмысының тақырыбы: Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
  2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

  1. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
  2. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
  2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
  3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
  4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
  5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
  6. Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.

Сынып жетекшілерге толық біртұтас тәрбие бағдарламасы түсіндірілді. Бүгінгі өскелең ұрпақ тәрбиесі еліміздің болашақтағы жарқын келбетін айшықтайды. Құндылық адамның өмірлік ұстанымына, таңдауына, шешім қабылдауына ұстын болатын көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын анықтайды.


 

Әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік, ризашылық, бауырмашылдық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарыту қажет.



Ұлттық мүдде құндылығы Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға атсалысуға, оңтайлы имиджін қалыптастыруға, еліміздің мүддесіне, қоғам игілігіне адал қызмет етуге, ұлттық мұраға ұқыптылықпен қарауға және оны дәріптеуге, қазақ тілінің аясын кеңейтуге үлес қосатын, құқықтық, экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеуге тұғыр болады.

Ұлттық мүдде құндылығын дарыту арқылы отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл, мемлекеттік рәміздерді қадірлейтін, елінің тарихын құрметтейтін, ұлттық мұраны, мәдениетті дәріптейтін, құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеуді көздейді.

Ар-ұят құндылығы этикалық принциптерді қалыптастыруға, өзін және өзгелерді құрметтеуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, мінез-құлықты нығайтуға және жауапты азамат болуға ынталандырады және мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулуды көздейді. Өйткені білім де, ғылым да ерен еңбекпен келеді. Еңбек адам өмірінде маңызды. Адамның рухани дамуына, кәсіби әлеуетінің жетілуіне, қоғамдық сананы жаңғыртуға, ел экономикасын көркейтуге тұғыр болады. Ар- ұят құндылығы академиялық адалдық қағидатын қолдау, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, отбасының, өз ортасының абыройын асыру, әдеп нормаларын ұстану, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну, достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну, мейірімділік таныту арқылы қалыптасады.

Ар-ұят құндылығы арқылы адалдықты жоғары бағалайтын, сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытатын, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайтын, достарын, сыныптастарын сыйлайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін тұлға тәрбиелеуді көздейді.

Талап құндылығы өскелең ұрпақ бойында мәдениеттілік, табандылық, үнемшілдік, қанағат, ерік-жігер, таза ой мен адал ниетке тұғыр болады. Сол себепті талап құндылығы білім алушылардың сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білу, білуге, жаңаны тануға құштар болу, физикалық белсенді болу, салауатты өмір салтын ұстану, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету, дұрыс қарым-қатынас орната білу, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталады. Талап құндылығы құндылығы арқылы жан мен тән тазалығын сақтайтын, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінетін, қоршаған орта тазалығын сақтайтын, ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылығы жоғары, ізденімпаз, жасампаз тұлға тәрбиелеуді көздейді.

Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Ал келешек ұрпақ, өсіп келе жатқан жас буын – мемлекеттің болашағы. Оған ешкімнің таласы жоқ. Олай болса, енді бір бес-он жылдан кейін шешуші мемлекеттік құрылымдардың тізгінін ұстайтын азаматтардың төл тарихы мен мәдениетін тұмардай қастерлеп, әдебиетін әспеттеуі бүгінгі тәрбиенің, бүгін қалыптасып жатқан ұлттық сананың деңгейімен тығыз байланысты болмақ. Ал ақпарат тасқыны судай сапырылысқан мына жаһандану заманында қазақ жастарының ұлттық санасы қалай қалыптасып жатыр, қандай бағытқа бет алуда? Бұл бүгінгі күні санамызды өзге ұлттың, соның


 

ішінде батыстың даңғаза музыкасы мен дарақы еңбектері аямай улап жатқан тұста ел басқарып отырған азаматтар мен зиялы қауымнан бастап, қарапайым әрбір азаматты ойландыруы тиіс.

 Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша жұмыс жоспары құрылып,жоспар негізінде іс-шаралар өткізілді. Әлеуметтік экономикалық жағдайлардың күрделілігіне қарамастан, отбасы балаларды әлеуметтендірудің негізгі институты болып қала береді. Ата-аналардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық шындыққа қаншалық бейімделе алатынынан және позитивті ата-ана болу құзыретін қаншалық дамыта алатынынан біздің мемлекетіміздің балалары мен жастарының толыққанды дамуы мен жалпы әл-ауқаты қамтамасыз етілетін болады.

Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту республиканың білім беру ұйымдарының педагогтарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылуы мүмкін. Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні – баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, тілектерін, белгілі бір мінез-құлықтың себептерін, жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауда.

Позитивті ата-ана – достық қарым-қатынасқа негізделген ата-ана стилі, бала мен ересек адамның қолдауы, өзара ынтымақтастығы. Мұндай тәсілдің нәтижесі – орталықтың мақсаттары мен міндеттерінде көрініс табатын біздің қоғамның басты байлығы ретінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету.

Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттері:

  1. балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
  2. білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс- қимылды нығайту;
  3. отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата- аналардың уәждемесін арттыру.

Бұл ретте баланың әл-ауқаты оның физикалық және психикалық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздігімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсері кезінде қалыптасқан жағдай ретінде қарастырылады.

Орталық қызметінің принциптері:

  • Ұлттық мәдениет, құндылықтар мен дәстүрлердің сабақтастығы;
  • Үдерістің гуманистік бағыттылығы;
  • Ата-аналарға дифференциалды және жекелей қолдау көрсету;
  • Заманауи ғылым мен тәжірибенің озық үлгілерін пайдалану;
  • Әлеуметтік серіктестікке басымдық беру, ресурстық ұйымдар мен білікті сарапшыларды

тарту.

Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және

балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда әр отбасына өз әлеуетін ашуға көмектесу, ата-аналардың алдында тұрған мәселелерді шешуге жәрдем беру маңызды. Бұл жағдайда келесі факторларды ескеру қажет:

  1. Әр отбасының мықты жақтары мен маңызды практикалық дағдылары бар.
  2. Ауызбіршілігі күшті отбасы кез келген қиындыққа төзімді болады.
  3. Тіпті қиын кезде де ата-аналардың көпшілігі балаларын жақсы көреді және оларға қамқорлық жасайды.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау Орталығының бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Тыңдаушыларына отбасының


 

әлеуетін ашуға арналған идеялар мен құралдар, сондай-ақ балалармен табысты қарым-қатынас жасау, жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы орта құру тәсілдері ұсынылды.

Қатысушы ата-аналар балалардың мінез-құлқының қалай өзгертетінін біледі, баланың мінез- құлқындағы қажетті өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін әдістерді үйренеді. Ата-аналар балаларымен қарым-қатынастың экологиялық таза тәсілдерін меңгереді, бір-бірін тыңдау және есту қабілетін дамытады, балалардың өздерін қауіпсіз сезінуіне көмектесетін шектеулерді қалай қою керектігін түсінеді, отбасындағы қарым-қатынасқа жаңа көзқараспен қарайды.Орталықтың тақырыптарымен танысу бойынша болатын кездесулер және ата-аналардан алынатын сауалнама осы жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі кезеңде әр түрлі жастағы: 1–4 сынып; 5–9 сынып; 10–11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін жүргізілді.Әр бағдарлама жылына сегіз сабақты қамтиды, олардың екеуі үшеуі мектептің өзіне қатысты мәселелер мен тақырыптар бойынша өткізілуі мүмкін.Орталықтың сабақтары кестеге сәйкес, әр түрлі формаларды қолдана отырып, жеке өткізілді.Орталықтың қызметіне белсенді ата-аналарды, аға буын өкілдерін тарту көзделген.Әр өткізілген шараға ата- аналар белсене қатысып, өткізілген шаралардың барлығы әлеуметтік желіге салынып отырылды.





https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02xyx44YKHCFNQKPPoFzXKDeEy9vMj9RMM2YCe8tLbGNPTRVehF1iwR3RFEVTJmenLl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0oC4KWexHGHgBHkWnzNXdVEbQQF9PUw8zYtrRS88yGoFt2J34AtUTGHxZgVPwbYdpl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02LVcMdnux7Zydw7BmBXMxNT2yPFCXBNFULW85PAyXN5XZD5edrKYn1oeHR4aBv8Unl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02FePpuvUHZiauYh69rcqUAELhr4tm36neT6eThmznSf EqCQAnQEgb2qwVAMPJVTjSl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid023QxyedMQiK2Uk2uxuK5dMhJoNsuQ2THEuvZKGbezc2iAxSkZq4xZYrd1X9vkGUySAl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0hd3P2DPNsrPpF4xuzkDhLVyqpHNVhoMKCvTUqTJTLfVKDYXtpGRbWNmKjHo7DPyGl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid07m8g1owBkZwMfYcEkiFHFUee8DQFQMdtK26499ZPtYzkfGB7TmeDyxmdHur4svkXl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f

   https://www.facebook.com/share/p/mQzSGmsNDSBW8mQg/?mibextid=qi2Omg


      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен өткен кеңестің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі №28 хаттамасының 2.4 тармағын, «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатын, басшылыққа ала отырып, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жұмысы аясында «Даналық мектебі» клубының жұмысы ұйымдастырылды. «Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу. Клубтың міндеттері: аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту; ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу;өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.

«Даналық мектебі» клубының жұмысы аясында «Бабалар дәстүрі -ұрпаққа өсиет!» тақырыбында аталар қауымдастығымен кездесу өткізілді. Мақсаты : Аталармен кездесіп, қазақтын салт-дәстүрлері, маңызы, шығу тарихы туралы мәліметтер алу, білім алушыларды ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Іс шараға ауылдың қазыналы қариялары Сұлтанбаев Болатбек,Солтанқұлов Ермек, Қаңтарбаев Бейсен аталарымыз келді.Бейсен ата балаларға қазақтың салт-дәстүрінің бірі табақ тарту рәсімімен таныстырса, Болатбек ата мен Ермек қария батаның түрлеріне тоқталды.Ауылымыздың шежіресінен сыр шертті. 

«Әжемнің ертегісі» тақырыбында оқу кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру, отбасында әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Әжелердің ертегілері - бұл адамның даналығы, тәжірибесі, адам санасы мен сана сезімі жұмысының нәтижесі. Сондықтан ертегілерде адамның өмір бойы саналы және бейсаналық проблемалары көрсетілген, сонымен қатар осы мәселелерді шешу үрдісі көрсетілген. Бұл арнайы ұйымдастырылған іс шара балалардың тіл байлығын қалыптастырды. Сондай-ақ ертегіні білуге, әңгімелеуге ғана үйретіп қоймай, балалардың эстетикалық талғамын, білімін, сөйлеу нақышын, қызығушылығын арттырды.

  «Даналық мектебі» жобасы аясында «Әке- бәйтерегім, ұлым- мұрагерім» тақырыбында өнеге сағаты өткізілді. Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Отбасы ынтымақтастығын дамыту, әкелердің бала тәрбиесіндегі ролін нығайту. Әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Аталған іс-шара барысында мектеп директоры Э.Бекжанова әкенің отбасында алар орнымен, қоғамдағы абыройы, сонымен қатар, бала тәрбиесіндегі орны жайлы кеңінен тарқата айтып өтті. Жиналған қауымға ата-ананың, соның ішінде әкенің балаға қаншалық өнеге көрсетерін арнайы қойылымда көрсетілді. Мектеп психологы А.Назаркулова әкелермен тренинг жүргізіп, отбасындағы әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттырды. Іс-шарада әкелер ойларымен бөлісіп, отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталды. Балалар үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсінуге тәрбиеленді. Әкелерге арналған тақтақтарын айтып, ән салып, «Қара жорға» биін биледі.«Даналық мектебі» клубының жұмысы аясында «Әжелер мен жеңгелер мектебі» және «Қыз Жібек» қыздар клубымен бірлескен «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты мектепішілік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Қыздарды әдептілікке, әдемділікке, инабаттылыққа, сыпайлыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетуге білуге. иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында әжелер қыздарымызға әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырды. Әдептілікке, сыпайлыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиеледі. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де оны қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Жеңгелер қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік,көрнектілік, ептілік,инабаттылық,кішіпейілділік қасиеттерін танытты. «Қыз Жібек» клубының қыздары «Қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?» деген сұраққа өз пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті. Кеш соңында әжелер ауылдың алты ауызын, жеңгелер әсем ән салып, өнерлі қыздар қазақ биін биледі.Даналық мектебі» клубының қызметі  позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыруда және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға буынның тәжірибесін табысты пайдалануға өз үлесін қосты.




https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/videos/263473130038667/

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid033fsPLJrQNSxNEoKNjzysLNXwn8U43RJYMY6detUaocmh8gccEFK9twHVanyJeUAZl

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid02ZHxs5uEzv4tiD7VWqqBLC6cFmwDkP9EUXVKKcf5pQjCRm7QKPWp2VyS3udNRE4qZl

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0FBUPMfM2MhU8cHRhL2fUSYQaXdiyVKH1XhQway74ziRT7RktMG8oJhvNKrjN2qz4l

 2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде «Төрт тоқсан-төрт өнер” ұлттық мәдени ағартушылық жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысы қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау мақсатында музыка пәні мұғалімі А.Молдаханова «Ақындар айтысы-2023» сайысын ұйымдастырып өткізді. Білім алушылар айтыскер Қапалбай Нұрасыл мен Бақытбек Айбынның өнерін тамашалап, жақсы көңіл күйде болды. Аталған жоба барысында білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, поэзия мен көркем тілге деген сүйіспеншілігі арттырылды."Менің отбасым-шығармашыл отбасы" тақырыбында 4,7 сынып білім алушылары А.Жақыпбек пен Н.Беделбай анасымен және ұстазымен бірге өлең шумақтарын жазды және ақын жазушылардың кітаптарымен танысып, ақындық өнерлерін арттырды. «Ақиқат» атты дебат үйірме жетекшісі М.Сатыбалды  9-10 сынып білім алушыларының арасында «Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы»   тақырыбында мектепшілік дебат турнирін ұйымдастырып  өткізді. Турнир барысында білім алушылардың ақындар жайлы жалпы мәдени ой-өрісін кеңейді, шешендік сөйлеу өнері, зияткерлік, шығармашылық қабілеттері, коммуникативтік біліктері дамыды. «Төрт тоқсан - төрт өнер» ұлттық мәдени - ағартушылық жобасы аясында мектептің кітапханасында «Бізді ақылды ететін кітап-дана» атты кітаптар керуені  ұйымдастырылды. Кітапханашы А.Наурызбай жаңа келген кітаптарға библиографиялық шолу жасап білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Жоба аясында "Жас талап" үйірме жетекшісі Н.Абишева білім алушылар арасында «Шабытым менің пырағым» атты поэзия кешін өткізді. Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, поэзия мен көркем тілге деген сүйіспеншілігін ояту. Кеш барысында білім алушылар өздері шығарған өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, Н.Абишева оқушылармен шеберлік сынып өтті. Сабақ барысында мұғалім мектеп оқушыларына ақындардың шығармаларын насихаттап, суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау,шығармашылық жұмыс түрлерін жандандырды..Қазақстандық патриотизмді ,Ұлттық бірегейлікті, әлеуметтік құзіреттілікті қалыптастыруға, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне,көп ұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу мақсатында «Домбырам меніменен егіз ба едің?» тақырыбында домбырада ойнау күні өткізілді.






https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0KuG6JoucRSE3kGhmMDNys38rVbHk4Yxmy8HPbEuEfNgMUgfyxFEHNStJr8ZoexrKl


https://www.facebook.com/photo/?fbid=1644368926087032&set=pcb.1644368996087025&__cft__[0]=AZUJ71mSPJ1J1LOUNqXCvQdZ-66xhaFGl65uUpIQQY_TsjOdLF3XB9yBO2-

https://www.facebook.com/share/v/q3vH9WuBr7TQd42Z/

https://www.facebook.com/share/p/JENwijE6h94VcPd4/

https://www.facebook.com/share/p/ipSVeWaxRqqeYvLM/

https://www.facebook.com/share/p/EFv3Yf5YPFcDYQrV/

https://www.facebook.com/share/v/GDU1X6E8NTTZufuX/

https://www.facebook.com/share/p/rSVyTa97LpVjnRtn/

https://www.facebook.com/share/p/t9FzmpY6jAP8AJsj/

https://www.facebook.com/share/p/bMeNgyUKyTCvnRjG/

https://www.facebook.com/share/p/gpBYG9jc6UBZWm7d/

https://www.facebook.com/share/p/hPq6Z4NopcoXZdfR/

https://www.facebook.com/share/p/VaDPBsLYsT6ZrXWo/

https://www.facebook.com/share/p/eLSToQQ356VNBd8N/

     25 қазан Республика күніне орай барлық сыныпта «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында 

сынып сағаттар шеруі өткізілді. «Республика күнінің маңызы: дерекнамасы мен мазмұны» диалог алаңы өткізілді. «Патриотизм - ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында «Жас шекарашы» әскери патриоттық ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. «Отаным-бақыт мекенім» сурет байқауы, әлеуметтік желіде «Республикам менің» атты челлендж өткізілді. «Қыран елім –Қазақстаным!» акциясы, «Алға Қазақстан!» атты флешмоб ұйымдастырылды.



https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02nCpsfeY78anv93wjroqd6Ht8zjjLdpqp5ESH4BGPPxurzUqrY4e74aZ1ffpjSka8l&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=VhDh1V

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02Qt2GGuSf2U4Zmouos7wwiBGCm67tbqLcuJwk5o2firfBk8a3SeJTdgoLUJgrDsavl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0YS4quy9FWCFxjVNEdqW8DryTXVEW7yHwWHV2LV2ruzzaKj8yyCaNDZeBPwSufABul&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02dbxZNDJcjaD8KSKd5Vnh1rKzDM9HTyh1SfhFXTTjLaNcn6cL7NFYNsbcGVv4sSXkl&id=100015418211169&mibextid=Nif5oz

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0Ku4GKkRxhuhd8qRUWDDJGL5KcGkgovuxAKNkNDFatFkHW69meknXampS9G8ESVmBl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0jUuwxAVAY7GMu3u532ri6Fv7ndJ1WKwsgmhE8jtD1Gxc5emHB9LPFqMtmCA3MErWl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f

2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде «Тоғыз айға тоғыз іс шара” ұлттық мәдени ағартушылық жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді.   Балаларымыз ұлттық құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана ұлтқа жаны ашып, қызмет ететін болады. Балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады. Осы мақсатта «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде   төмендегідей челлендждер ұйымдастырылды: сергіту сәті, гимн айту, асық ату, шығарма жазу, қазақ есебі, домбыра тарту. «Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің» 06.09.2023жылғы №4- 04-2/5292 кіріс хатын басшылыққа ала отырып мектеп оқушылар арасында “Дене сергіту” челленджі ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты – балалардың салауатты өмір салтын насихаттау. Челлендждің міндеттері:-физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;-оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;-балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету. «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы бойынша мектепте «Гимн айту» челленджі орындалды. Мектеп оқушылары бір уақытта  мемлекеттік гимн шырқады. Мақсаты:білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету. Міндеттері: білім беру ұйымдарының барлық білім алушыларының гимн мәтінін жатқа айту; еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ету; білім алушылардың бірлігі арқылы өз Отаны үшін қадір-қасиет сезімін қалыптастыру. “Асық ату” челленджі өтті. Өткізілген челлендж мақсаты оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін және елдің мәдени мұрасын сақтауға, ұлттық ойындарды насихаттауға бағытталды. Ұлттық ойындардың бірі – асық ойыны баланың ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. «Болашаққа хат» шығарма жазу челленджі бойынша лирикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарасын дамыту, білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра білу мақсатында 9-10 сынып оқушылары 13-желтоқсан күні эссе жазды. Қазіргі таңда балалардың болашағы таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда. Челлендж оқушылардың эссе жазуға бағытталған, осылайша жазу арқылы өз ойын білдіру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Шығармаларды "Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктерім", "Менің болашағым", "Менің елім үшін болашағым" және т. б. тақырыптарға жазу ұсынылды. Челлендж білім алушылардың өз ойын қағаз бетінде жүйелі жазуға, ішкі тұжырымдарын сөзбен жеткізуге үйрету арқылы жазылым дағдысын жетілдіруге бағытталған. Білім алушылардың өзін-өзі дамыту және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру мақсатында «Қазақ есебі» челленджі ұйымдастырылды.Математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді.Математикалық есептерді шешу білім алушыларды ойлануға, модельдеуге, болжауға және нақты мысалдарды дәлелдеуге негіз болады, бұл күнделікті өмірде ең қарапайым және күрделі мәселелерде оң шешім қабылдауына әсер етеді.«Қазақ есебі» челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым- математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналы. Мақсаты: білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету. Міндеттері: Білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту;Білімалушылардыңзияткерлікқабілеттеріндамыту; Математикалықбілімніңөмірмен байланысын көрсету.

Қазіргі уақытта білім беру және мәдени саясаттың жалпыұлттық міндеті – білім алушыларды көркем әдебиетті оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың құндылық ретіндегі беделін арттыру. Көркем әдебиетті оқу – еркін сөйлейтін, ойын дұрыс жеткізетін, сауатты жазуға қабілетті ақыл-ойы дамыған, рухани-адамгершілік тұрғыдан жетілген тұлғаны әлеуметтендірудің және дамытудың маңызды құралы."Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Менің сүйікті кітабым" тақырыбында челлендж өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.Челлендж өткізу барысында білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын, оқу сауаттылығын арттыру және талдау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар кітап оқуға деген қызығушылықтары артып, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыруға да негіз болды «Оқуға құштар мектеп» челленджі Отандық және әлемдік озық шығармаларды насихаттауға, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын, оқу сауаттылығын арттыруға, оқыған кітабын жалпылау және талдау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашалық қиялын қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар челлендж білім алушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға да негіз болады

Мектеп білім алушылары "Тоғыз айға - тоғыз іс - шара" жобасы аясында еліміздің мәдени мұрасын сақтап , эстетикалық , патриоттық рухта тәрбиелеу арқылы , балалардың домбырада ойнауын насихаттауға бағытталған "Күй күмбірі" атты челленджіне қатысты .  Домбыра тарту арқылы білім алушылардың бойында қазақ халқының мәдени мұрасы дариды, рухани дамуына көмектеседі, эстетикалық тұтастықты қалыптастырады. Домбырада ойнаудың арқасында ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас қалыптасады, отансүйгіштікке, бірлікке, сенімге, қонақжайлылыққа, мейірімділік пен ынтымақтастыққа, айналадағы адамдарға, табиғатқа деген етене жақындық сезіміне тәрбиеленеді, осылардың негізінде шығармашыл тұлға және оның рухани-адамгершілігі қалыптасады. «Шахмат ойнау» челленджі өткізілді. Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір - ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады. «Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбек құндылығын қалыптастыруға, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады. «Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті дарытуға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, қоршаған ортаға ғана емес, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған. Көшеттер отырғызу «мұғалім – білім алушы – ата-ана» үштігінің қарым-қатынасын нығайтуға көмектеседі.

                                                                                             




https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid04xaq9nN52CNp7Ewve33CzHunJzqqLLxdGeJmz5QoH8eeDH8BQkoFqxynA71xV9VVl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f

https://www.facebook.com/100015418211169/videos/408053838538557/

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/videos/372039488588512/ 

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0LFFKfbwfqQdSwfyw7w12YRQBPBcgbi524u5cbdjSeWCsaGR5dcvTr1fbt3JU5bzWl

Мектептегі адамгершілік – рухани тәрбие беру адамгершілік келбеті, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері – ізгілік, ар-ождан, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, ынтымақтастық, ұлтаралық келісім, толеранттылық сияқты құндылықтарды қалыптастырады.Осы мақсатта 1 наурыз -Алғыс айту күніне орай 1-11 сынып білім алушылары арасында тәрбие сағаттары өткізілді.  Ақпан айында ұйымдастырылған «Сәлемдесу – тәрбиенің бастауы» атты айлық барысында халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы  түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбие сағатында сынып жетекшілер білім алушыларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым  – қатынас жасай білуге баулып,сәлемдесу барлық халықта адамгершілік қарым – қатынастың алғашқы бастауы екенін ұғындырды. 

«Өмірімнің өнегелі жолы» тақырыбында ауылдың еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: ауылға ерен еңбегі сіңген ардагерлердің өнегелі өмір жолын насихаттау. Іс–шара барысында ауыл ардагерлері : Ә. Пралиева, Б.Кантарбаев, Ф.Сулейманов, Э Бекжанова, Г.Текебаева, А.Шляхова , Е.Солтанкулов еңбек жолдары туралы ой бөлісіп, қызықты сәттерін еске алып, сұхбат алмасты. Балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың 100жылдығына орай,  "Жас талап " үйірмесі автордың ең қызықты "Менің атым Қожа "шығармасынан көрініс көрсетті. 

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid024tRFnkPg1ZFYZKEsFjL4ssYuaKoGFn1Vs7kGG4zXLQxE2mxjHs7cHeEaFiuf3jMPl

      https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/videos/263088530150550/


17 қаңтар - 17 ақпан   аралығында өткізілген   «Досболlike: достық  қолын   ұсын» атты  айлық   іс- шара  жоспары  негізінде «Спорттағы достық» тақырыбында үйірме  жетекшілері М.Арыстанбек пен Е.Султанбаев волейбол, асық атудан спорттық ойындар өткізді. «Досболlike: Достық қолын ұсын», акциясына аясында үйірме жетекшісі: С. Дарханбаев. 4-6 сынып оқушылары арасында шахмат ойынынан кездесү өткізді. Кездесуде оқушылар арасындағы достық адал болуын насихаттай отырып, бір-біріне деген қайырымды болуды тәрбиеледі."Білім беру ұйымдарындағы " DosbolLIKE" балаларды қорлаудың (буллингтін) алдын-алу бағдарламасы аясында «Достыққа адал болайық» тақырыбында оқушылармен сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: балалар арасында қарым қатынас мәдиниетін дамыту.Айналадағы адамдарға құрметпен қараудың мәнін түсіндіру.Білім алушылардың бойына достық, серіктестік, сыныптастарына қатысты сыйластық, қарым-қатынас сезімдерін қалыптастыру, ұжымда татулық қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында “Doсболlike” атты айлық іс шаралар жоспарланып өткізілді. Білім алушылардың достық қарым- қатынасын нығайту,  мақсатында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.Атап   айтқанда, “Дос болсаң , адал дос бол!", «Мой дружный коллектив и я в нем»,т.б. Іс- шара барысында білім алушылармен дос, достық туралы әңгімелей отырып , балалардың бір- біріне деген достық қарым- қатынасын нығайту мақсатында оларды адалдыққа, татулыққа, мейірімділікке, сенімділікке шақырып , тәрбие берді. «Көтеріңкі көңіл күй» Шын жүректен тілек айту» акциясын мектеп психологтары А.Назаркулова мен Ж.Кикбаева ұйымдастырып өткізді.


https://www.facebook.com/share/p/wQfCU8BjowZ9ojcQ/?mibextid=2JQ9oc

https://www.facebook.com/share/hPsPZP6EZNQixTYB/

https://www.facebook.com/100015418211169/videos/1547553806102039/

https://www.facebook.com/100015418211169/videos/403351718891718/

https://www.facebook.com/100015418211169/videos/329399436077579/

https://www.facebook.com/100015418211169/videos/1040455460589295/

https://www.facebook.com/100015418211169/videos/353055864227837/

https://www.facebook.com/100015418211169/videos/1387440895470356/

https://www.facebook.com/share/p/kufQaWmqXPjJ9MhV/?mibextid=2JQ9oc

https://www.facebook.com/share/p/d32faDjhc45YtDSF/?mibextid=2JQ9oc

https://www.facebook.com/share/p/2ickAke1tWt2Q6BA/?mibextid=2JQ9oc

 https://www.facebook.com/share/p/LC66CAn4eVodxEr1/?mibextid=2JQ9oc

Балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады. Наурыз-ең көне мерекенің бірі. Ұлыстың ұлы күнінде күн мен түн теңесіп, толыққанды көктем рухы салтанат құрады. Сондықтан да, бұл күнді біздің ата-бабаларымыз «Жаңа жыл» деп атаған. Ұлық мерекенің құрметіне мектепте ұлттық салт- дәстүрлерді дәріптеу мақсатында «Қыз Жібек» клубы мен «Жас талап» үйірмесі «Салт-дәстүрім-асыл қазынам» атты бірлескен іс -шара өткізді. Іс-шара барысында «Ұрын бару»,«Шілдехана»,«Бесікке салу»,«Қырқынан шығару», «Тұсау кесу» дәстүрлерді көрсетті.Аталған іс-шараға «Әжелер мектебінен» Н.Омаркулова,Д.Рысбаева, Н.Абишева қатысып, әр дәстүрдің мән –мағынасына толықтай түсінік беріп өтті. Оқушылар мерекеге сай ән-жырларын арнап, көктем мерекесін көріктендіре түсті.

https://www.facebook.com/share/p/eVqL5mGD1X6a7RpJ/?mibextid=qi2Omg

Наурыз мерекесіне орай мектепте 7 сынып оқушылары арасында "Ақ бауырсақ" мерекесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу,айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас,жылы лебіздерін сезіндіру. Мектеп білім алушыларға мақалды жалғастыру арқылы, жұмбақтың жауабын шешу арқылы бауырсақ ұсынып отырды.

https://www.facebook.com/share/v/YWBbyJt7UbGx4fe4/?mibextid=qi2Omg

22 наурыз - Наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 15 наурыз күні "Этно-fashion" ұлттық киімдер флешмобы өткізілді.Қазақтың ұлттық киімі – қазақ мәдениетінің маңызды және ажырамас атрибуты. Жас ұрпақты қазақтың ұлттық киімдерін құрметтеуге,дәріптеуге бағытталған шараға оқушылар белсене атсалысты 

https://www.facebook.com/share/v/YWBbyJt7UbGx4fe4/?mibextid=qi2Omg

https://www.facebook.com/share/p/A8epqwJZqPSyffac/?mibextid=qi2Omg

https://www.facebook.com/share/p/waHuVUQiHGe4KDAv/?mibextid=qi2Omg

https://www.facebook.com/share/p/A8epqwJZqPSyffac/?mibextid=qi2Omg

https://www.facebook.com/100015418211169/videos/408053838538557/

15- Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Осыған орай №21 жалпы орта білім беретін мектебінде 15 наурыз күні «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында «Қайырымдылық» күніне орай, балалардың жазғы демалысын камтамасыз ету мақсатында «QН Жаздық жолдама - 2024» қайырымдылық жобасы бойынша жолдама берілді. 

https://www.facebook.com/share/v/CUnHrh6zVN82BuHX/?mibextid=qi2Omg

https://www.facebook.com/share/p/Sc32U1p6qUxrHwAd/?mibextid=qi2Omg

Наурызнаманың Ұлттық ойын күні мектеп ұстаздары мен оқушылар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау. 

https://www.facebook.com/share/v/cNy1LeVYkxeiHzKc/?mibextid=qi2Omg


https://www.facebook.com/share/v/UYyP4aUNqButJXRX/?mibextid=qi2Omg

Қазақ халқының байырғы тағамы-құрттың пайдасының маңызын көрсету.Қазақстанның әр түрлі аймақтарында жасалу түрлерімен таныстыру, организмге күнделікті қажеттілігін насихаттау,ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу мақсатында 2-4сыныптар арасында сынып жетекшілер “ҚұртPATI”акциясы ұйымдастырып өткізді.


Мектептегі білім алушылардың әлеуметтік жобаларға қатысу үлесі жоғары болды. 

«Еңбегі адал жас өрен» жобасына қамтылған оқушылар саны -850 

«Жеткіншектің жеті жарғысы» -850

«Балалар кітапханасы» жобасы -850

«Зиянды әдеттер аулақ бол!» жобасы- 680

«Ұлттық мектеп лигасы»

«Тарихқа құрмет»-239

«Дәстүр мен ғұрып»-568

«Экологиялық мониторинг»-560

Мерекелік күндерге  мерекелік сынып сағаттары, сыныптан тыс іс шаралар өткізілді.

«Ұстаз – ұлағатты есім», «Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік», «Менің ең алғашқы ұстазым», «Ұстаз ұлағатты есім» тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді. «Ұстаз болу сезімнің батылдығы» атты шығарма байқауы

5 Қазан күніне орай ұстаздар мерекесіне  "Өзін -өзі басқару" ұйымы және Ұланбасы мен "Жас Ұлан" ұйымының белсенділері ұстаздарымызға "Ұстаз ұлы тұлға" атты концерттік бағдарлама ұйымдастырып, тамаша көңіл күй сыйлады. 

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0wN1vQbPZmNV8NrKtJMn4y38gmjdBSmSaatazDT1Akb491FjrEwmYxZv5XJ4n38exl

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0PeGCFDV6cSALZJz7PmRGAWSTf9fbS52JqjFYYPhLnALYKj43uGzS8L116rp8TzBZl

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0GfkPmmaymnD3cEpepYFcePxmUbp2puuWnpD8N8wZcQvsTrEJv6U6GyknzDPxLsbUl

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік –ел тірегі» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді 

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0zqBU6fyKz4pZbrGt9fCu4Xa119Kn14zqnjLLxY5sQ7BvCtiyHDFUYGR7z9x96k7Jl

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid02aQQ2wUY2en5FNXDz3K2UDukeVN2VuZgEtEnmv1YYujoD5AwrTRX27BKHn1yDNAFbl

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0jkxJkKKSPHKUtfx8eAeAa6GNtTvnRFDfotGw7V3deAgb9sKpyALgb3uK6cCFQsP5l

5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай, Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан халықтары тілдерінің мәртебесін көтеру мақсатында «Тіл-кемел болашақ тұғыры» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күн - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы-тіл» деп ұлағатты сөз қалдырғанА.Байтұрсынұлының туған күні.    Іс-шара барысында оқушылар ана тілі туралы өлеңдер оқып, әннен шашу шашты. 7 «Ә» сыныбының қыздарынан құралған «Балауса» би тобының «Қазақ биі» кештің көркін кіргізді.     Сонымен қатар, онкүндіктің іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Тілдер мерекесіне және қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы А. Байтұрсынұлының туған күніне орай, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен алдағы онкүндікте танымдық сабақтар, дөңгелек үстел, интелектуалдық сайыстар, пікірталас алаңы, эссе, шығарма байқаулары өтті.


http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1156

5 -қазан ұстаздар мерекесіне орай "Ұстаз - ұлы тұлға" атты мерекелік концерттік бағдарлама 

http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1215

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Әлем анамен әдемі... » атты мерекелік іс шара өтті. Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай орасаң зор екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Ұл балалардың қыз баласына деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Қазіргі қоғамдағы қыз балалардың  рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге, имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелеу.        
 
 

«Ана-өмір шуағы», «Аналарды ардақтайық», «Ардақты менің анашым» тақырыбына тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Тәрбие сағат мақсаты: Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. Тәрбие сағаты барысында  оқушылар  мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиеленді.


№21 жалпы орта білім  беретін мектебінде Алғыс айту күні қарсаңында: "Алғыс саған, түған ел!" тақырыбында 6сынып білім алушылары арасында достық фестивалі өткізілді.

Мақсаты: Білім алушыларға алғыс пен ризашылық,  жақсы тілек туралы түсінік беру,  елімізде тұрып жатқан әртүрлі  ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу,  салт- дәстүрін,  мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін балалардың бойына сіңіру,  өз Отанын,  туған елін сүюге,  ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру.Іс- шараға түрлі ұлттар қауымынан ата- аналар,  ұстаздар,  қонақтар,  білім алушылар белсенді  түрде қатысып,  өз үлестерін қосты. 6сынып білім алушылары фестивалге үлкен жауапкершілікпен дайындалып, әрбір ұлттың ( қазақ,  орыс,  түрік, өзбек)  салт-дәстүрін,  мәдениеті мен әдет- ғұрыптарын таныстырып,  өнерлерін ортаға паш етті.Достық  фестивалі  мектеп білім алушыларының бойындағы ұлттық рухты,  патриоттық сезімдерын оятып,  түған елін сүюге,  бейбітшілікте,  татулықта өмір сүруге тәрбиеледі.


 

http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1404

 Балалар жазушысыБ.Соқпақбаевтың 100жылдығына орай,"Жас талап "үйірмесі автордың ең қызықты "Менің атым Қожа "шығармасынан көрініс көрсетті, жетекшісі Абишева Н.И.

http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1407

9-10 сынып білім алушылармен  2023 жылдың 26 қыркүйек  күні  іс- шара жоспарына сәйкес  "Кәсіпорындағы еңбек күніне" қарай экскурсия ұйымдастырылды. Андас батыр орталығында орналасқан пескоблок зауыты жеке кәсіпкер Бадалов Ширин өзінің  кәсіп жолындағы тәжірибелерімен  бөлісті. Оқушылыр  өздерінің ойларымен бөлісіп, өте көнілді күймен  қайтты. 

http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1244

Білім алушылардың «Жас ұлан» ұйымы – бұл мемлекет басқару жүйесі негізінде сондай-ақ мектепте сол билік жүйесіндегі ішкі заңдылықтары мен ережелерін қатаң түрде ұстанып, мектептің бүкіл жағдайын негізге ала отырып, жақсы қырынан көрсету. Қыркүйек айының 20-30 аралығында                       5-10 сынып оқушылары арасында «Жас ұлан» мектеп комитетінің Ұлан басшысын сайлау өткізілді.Сайлаудың өткізілетіндігі туралы хабарлама ілінді, 17 үміткер өз кандидаттарын ұсынды.Үміткерлерге сайлаудың ережелерін түсіндіріп, сайлаудың өткізілуімен таныстырылды.            
 Сайлауға 17 үміткер өтініш білдірді. 17 үміткердің ішінен ең көп дауыс жинаған 10 «А» сынып білім алушысы – Асқар Ариана.Үміткерлеріміздің өз-өздеріне деген сенімділігі алға жетеледі, әр түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.Сол білім алушы ерекшелігімен көзге түсіп, мектебіміздің  Мектеп Ұланбасы    болып тағайындалды.Сайлауға 7-11 сынып білім алушылары өздерінің күнделіктері арқылы тіркеліп, сайлауға дауыс берді. 5-қазан ұстаздар мерекесіне орай Дублер күнін өткізді.




http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1240


Даталы күндерге тақырыптық іс шаралар ұйымдастырылды. Мектепте 6-7 сынып оқушыларымен  "Адалдық- атадан қалған  мұра" тақырыбында іс шара өткізілді.  Мақсаты: оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттерді таныта отырып, адамгершілікке, әдептілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Бұл тәрбиелік жұмыс барысында біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз  ойларымызды барынша ортаға салды. 
 
http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1230

Мұхаммед Хайдар Дулатидың 525 жылдығы толуына орай 10 сыныпта " М.Х.Дулатиға 525 жыл" тақырыбында конференция сабағы өткізілді. Мақсаты: Мұхаммед Хайдар Дулатидың шығармашылығы мен өмірімен терең танысу. 
 Конференция сабағы барысында Мухаммад Хайдар Дулатидың өмірбаяны, жасаған істері, жазған еңбектері, насихатталды.Кітапханашылар Наурызбай А.Б мен Ксенбаева А.К  ұйымдастырулары мен аса көрнекті ғалым, геолог мемлекет қайраткері "Қаныш Сəтбаев 125 жыл" толуына орай əңгіме сұхбат өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Қаныш Сəтбаев жайында мағлұмат  беру. Ғылым жолын еңбектерін оқушылардың бойына дарыту. Білімділікті, еңбекқорлықты, тарихты қастерлей білуге тəрбиелеу.Жошы ханның туғанына - 800 жыл" толуына орай 8 "а" сыныбында «Жошы хан- Жошы ұлысы» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты: Қазақ тарихында халқымыздың ұлт болып қалыптасуының негізі саналатын Жошы ұлысының тарихымен таныстыру. Танымдық сабақ барысында жас ұрпаққа Жошы ханның қазақ даласында билік еткен жылдары және Жошы ұлысының құрылуы тарихы,Жошы   ұрпақтары Абылай хан, Кенесары хан, Шоқан Уалиханов, Әлихан Бөкейханов сияқты мықты ұрпақ тарағанын  туралы насихатталды.  Ғалым және геолог Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл толуына орай 10 сынып оқушыларыменен “Қазақтың тұңғыш геолог ғалымы” тақырыбында конференция өткізілді.  Конференция барысында баяндамашылар көрнекті ғалымның бай ғылыми мұрасы, оның мемлекеттік және қоғамдық қызметі туралы, ғалым геологтың өсіп-өркендеген ортасы, оның дүниетанымы, ғылыми ашқан жаңалықтарымен еңбектері туралы баяндап берді.            
 
 




«Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында айлық өткізілді. 6 ақпан күні құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы барысында Меркі АПБ  ЖПҚ ЮПТ полиция майоры  Б.Б. Дәуренбеков қатысуымен 9-11 сынып білім алушыларымен «Құқық бұзушылық және заңдылық» тақырыбында кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.



http://21-merki.mektebi.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/1367-y-bzushyly-zhne-zadyly.html

2024 жылдың 7 ақпан күні құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы барысында Меркі АПБ  ЖПҚ ЮПТ полиция майоры  Б.Б. Дәуренбеков қатысуымен ата – аналарымен және 9-11 сынып білім алушыларымен «Тұлғаны қалыптастырудың  маңызды факторы - құқықтық тәрбие» тақырыбында кездесу өткізіліп,  түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.



http://21-merki.mektebi.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/1369-yty-trbie.html

           Мектеп психологтары А.С.Назаркулова мен Ж.Е.Киикбаеваның ұйымдастыруымен 7-11 сыныптар арасында  «Құқық бұзушылықтың алдын алу,бопсалау» тақырыбында анонимді сауалнама жүргізілді. Мақсаты: құқық бұзушылықтың,зорлық зомбылықтың ,буллинг және кибербуллингтің алдын алу.

Барысы: Оқушыларға анонимді 10 сұрақтан тұратын анкета таратылды,әр сұраққа шынайы жауап беру керектігі айтылды,өздері осындай жағдайға тап болған кезде сынып жетекшілеріне ұстаздарына ата аналарына айту керектігіде ескертілді.

https://www.instagram.com/p/C3-FDRQsZgZ/?igsh=enA2ZjNiZ2Z0YnNj

12 ақпан күні 9 – 11 сынып жетекшілері айлықтың жоспарыңа сай ата – аналармен «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру жолдары» тақырыбында   дискуссиялық алаң өткізді.  Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру бағытындағы іс-тәжірибемен бөлісу, тәжірибелік жұмыстарды бірлесе отырып талқылау.   Тәрбие қайдан бастау алады? Баланың қалыпты азамат болып өсуіне не жетпейді?
 Ата-аналар үшін отбасылық тәрбие ол - баланың дене және жан рухани қасиеттерін қалыптастыру болып табылады, ал отбасы: әке, ана, бала.
 Отбасындағы әкенің мейірімі оттан да ыстық. Ата – аналарға «Бала тәрбиесі туралы» бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар ата – аналарға ситуациялық сұрақтар өойылып, жағдаяттар шешілді.   

http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/960-kmeletke-tolmaandar-arasynda-y-bzushylyty-aldyn-alu-zhmystaryn-jlestru-zholdary.html

 14 ақпан күні 2”А”сынып білім алушыларымен Намазова А.К “Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі”тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін,зиянды заттардың зардаптарын білуге,жат әдеттерден аулақ болуға үйрету.



 13 февраля 2024 года среди учащихся 3"Б" и 3 "В" классов ОСШ #21 был проведен воспитательный час- дискуссия на тему: "Пути формирования здорового образа жизни". Цель: - формирование понимания значимости собственного здоровья; - развитие у детей потребности в соблюдении правил здорового образа жизни. 

    В процессе воспитательного часа была организована дискуссия, проведен тест"Твое здоровье - в твоих руках". Творческая группа обучающихся рассказала о секретах питания - основы здорового образа жизни. Проведена консультация 'Секреты здоровья'. Если мыслить образно, то наше здоровье можно нарисовать в виде дома. Каким он будет- красивым или покосившимся? дети решали и рисовали сами. В заключении дискуссии, провели практические упражнения и пришли к единому мнению:  "Мы за здоровый образ жизни"




 
https://www.facebook.com/share/hczfifbe6HEz5ApL/?mibextid=WC7FNe

14 ақпан күні  «Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, жаңа заман талабына сай,  салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Жиналысқа 9-10 сынып ата аналары қатысты. Жиналыс барысында ДТЖО Тайбекова Э.Б. бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндірді. Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Cыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ғана Отан. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталады. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. 


https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid02k3ravywsuhC1uUPL7WXHYTVc9V92VPEcjrAkmVj2TQbxgAmqVEGZA2GsCyATaieWl

15ақпан күні 5-8 сыныптарымен  «Отбасындағы тәрбие-саналы ұрпақ кепілі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. МақсатыБала тәрбиесіне ата-ананың жауапкершілігі.

Бала тәрбиесі – игілікті іс берері де, сұрары да, жемісі де мол тәрбие, халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзей алмайсың»-деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеу отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратындығы белгілі. Олай болса бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі, міндеті көп. Ата-ана баланы оқытуға, сабаққа уақытында жіберуге, сабақтан кешіктірмеуге, себепсіз сабақтан алып қалмауға, ауырған жағдайда баланы дәрігерге қаратып, мектепке денсаулығы туралы анықтама анықтама әкелуге, бір жағдай болып баланы алып қалған жағдайда қол хат жазып, сынып жетекшісіне хабарлауға, баламын мектепке формамен жіберуге, Сабаққа әкеліп алып кетуге сабақтан соң міндетті екенін басаайтты.


 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0jGRbifEhJSc3dnD4cTxjAsJ88Yv5Vnj4fv4UtjRCMPWq5dMwUkyQuFYG2Y9vQP8Rl&id=100086646800778&mibextid=Nif5oz

16 ақпан күні «Ата - ананың өнегелі   тәрбиесі- баланың бақытты болуының алғышарты»  атты   тақырыпта ата-аналармен  кездесу өткізілді.  Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін  көрсете білу. Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету. Кездесуде мектеп директоры Э.А. Бекжанова сөз сөйлеп, ата-аналарға өз  жылы лебізін білдіріп, ашық  деп жариялады.  Кездесуді жақсы көңіл-күймен бастау үшін шаттық шеңбері  құрылып, ата-аналар өз отбасыларын   таныстырып өтті.  Кездесу барысында  отбасындағы   тәрбие  тақырыбында ата-ананың баламен ара-қатынасын балаға қалай тәрбие беру туралы сөз қозғалып, сұрақ- жауаптар  алынды. ДҚТІЖО: Ж. Ж.Жакипбекова сөз алып құқықтық тәрбие туралы ой қозғады, Отбасындағы тәрбие туралы бейнероликтер көрсетілді.  Кездесу кешінің қортынды бөлімінде ата-аналар кездесу барысында өздерінің  алған   әсерлерін  жеткізу  негізінда   жүрекшелерге  өз  ойларын    жазып, қағаз бетіне түсірді. Тойымбекова Жазира Жетпісқызы  аналарға арнап,  керемет көңіл -күй сыйлау мақсатында «Өз балаңнан артық бала барма  АНА» әнін  орындады.

      Отбасында қоғамымызға жарамды тәрбие беру арқылы, мемлекетіміздің дамып-өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік, қазақ отбасының шаңырағы шайқалмай, бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, алтын күн аспанында елдік туымыз мәңгілік желбіреп, ұрпағымыз саналы болып,  асыл мұраттарға жетелеген айбынды үніміз асқақтай берсін - деп қорытындылады.

http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/950-ata-anany-negel-trbies-balany-baytty-boluyny-alysharty.html

Мектепте 19-23 ақпан аралығында 5-8 сынып білім алушылар арасында «Мен және менің виртуалды достарым», 10-11 сынып білім алушыларымен  «Қатыгездіксіз  балалалық   шақ» тақырыбында  эссе байқаулары өткізілді. Байқауды қазақ тілі пән бірлестігінің әдістемелік жетекшісі Г.Н.Наметқұлова ұйымдастырды. Байқауға тек қазақ сыныптары қатысты. Білім алушылардың жазған эсселері өте жақсы мағынада жазылған. Пән мұғалімдер эссенің құрылымын , мән - мағынасын тексеріп, балл бойынша бағалап, жақсы жазылған эсселерді үздік деп танып, ауданға сұраныс жазып берді. Атап айтсақ: 11 сыныптар арасында Бейсембек Айғаным, Жалғасбек Жанел, 10 сыныптар арасында Тұрғынбек Мадина, Батырхан Зере, Ораз Зере, 7 сыныптар арасында Бейнемет Е, 6 сыныптар арасында Қаратай Сырым . Адам үшін ең керегі-бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір сүру. Адамдар заңға бағынып,тәртіппен өмір сүрулері керек,бірақ сол заңға барлық адамдар бағына бермейді, өзінен әлсіз адамдарға қарсы қастандық жасап зорлық - зомбылық көрсететін адамдар өкінішке орай бар.Бүкіл әлем балаларының құқығы туралы конвенция бар болса да ,балаларға қарсы қылмыс тоқтар емес. Физикалық зорлық-зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірленудің бір түрі. Балаға зорлық-зомбылық таныту отбасылық жағдайларда жиі кездеседі, әсіресе ол жанұяда ішетін ата-ана болса. Зорлық-зомбылық жасөспірімдер арасында да болып тұрады. Сыныпта болсын, үй жағыңдағы балалар болсын біреуді-біреу қанап, күш көрсетушілік жағдайлар да кездеседі. Мен мектеп оқушысы болсам да, әділетсіздікке бейжай қарап тұра алмаймын. Ендеше, «Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап, ол жанбаса лапылдап, аспан қалай, ашылмақ», деп ақын жырлағандай, әр азамат нәзік жандардың қорғаны болуы шарт.

http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/963-men-zhne-men-virtualdy-dostarym.html

20 ақпан күні психолог Ж.Е.Киикбаеваның ұйымдастыруымен «Кибербуллингпен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың буллинг,кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру.

Бар  Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау,мазақтау,намысқа тию секілді жағдайларды болдырмау.Кибербуллинг-адамды интернетте, әлеументтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып,зорлық көрсету.Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін.

буллинг – «кемсіту», «келемеждеу», «қорлау» деген мағынаны білдіреді.Қарапайым тілмен айтқанда,буллинг дегеніміз -адамның өзгеге күш көрсету,қорлау.Буллингтің кез келген түрі қауіпті.Буллинг көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды.Көбінесе психологиялық шабуыл:қорлау,жаман сөздер айту,келемеждеу,өсекпен өтірік сөз тарату   және шеттетуден тұрады. 




Қорытынды: Оқушылар буллинг,кибербуллинг туралы жалпы түсінгенін өздерінің ойларымен  бөлісіп отырды,соңында «Өрмекшінің торы»тренигі жүргізілді,оқушылар бір біріне деген жақсы тілектерін айтып жақсы көңіл күймен аяқталды.  

http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/963-men-zhne-men-virtualdy-dostarym.html

20 ақпан күні психолог Ж.Е.Киикбаеваның ұйымдастыруымен «Кибербуллингпен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың буллинг,кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру.

Бар  Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау,мазақтау,намысқа тию секілді жағдайларды болдырмау.Кибербуллинг-адамды интернетте, әлеументтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып,зорлық көрсету.Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін.

буллинг – «кемсіту», «келемеждеу», «қорлау» деген мағынаны білдіреді.Қарапайым тілмен айтқанда,буллинг дегеніміз -адамның өзгеге күш көрсету,қорлау.Буллингтің кез келген түрі қауіпті.Буллинг көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды.Көбінесе психологиялық шабуыл:қорлау,жаман сөздер айту,келемеждеу,өсекпен өтірік сөз тарату   және шеттетуден тұрады. 




Қорытынды: Оқушылар буллинг,кибербуллинг туралы жалпы түсінгенін өздерінің ойларымен  бөлісіп отырды,соңында «Өрмекшінің торы»тренигі жүргізілді,оқушылар бір біріне деген жақсы тілектерін айтып жақсы көңіл күймен аяқталды.  

https://www.instagram.com/p/C34TCF3M9eF/?igsh=MWw1YzJsNmo5NTdjdw==

«Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» тақырыбында  дебатинтеллектуалдық пікір-сайысы өткізілді. Бұл пікір-сайыста 9-10 сынып оқушыларынан құралған «Үкімет» пен «Оппозиция» топ мүшелері мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек? тақырыбында  өз ойларын ортаға салып, әсерлі   әрі нақты түрде дәлелдеп жеткізуге тырысты. 

     «Конгресс» үкімет тобының спикер: Асқар Ариана

       Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз  балалар арасында құқық бұзушылықты болдырмау үшін баланы қатаң қадағалау керек деген пікірде   

«Сенім» оппозиция тобының спикері Батырхан Зере:
            Сәлем бердік  қауымға! Балалар арасындағы құқық бұзішылықты болдырмау үшін балаларға еркіндік беріп, сенім білдіруіміз керек деген кереғар пікірін  ортаға салып дәлелді аргументтерін келтіре отырып ойларын ашық айтты.

      Сөз соңында екі топты назарға алып бағалап отырған әділ-қазы алқалары  Нұрқалиев Самғат ағай, Назаркулова Айгерім әпки, Тойымбекова Жазира әпки  қорытынды жасап «Үкімет» тобының жеңіске жеткенін хабарлады. Оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттап, алдағы уақытта осындай дебат сайыстары аудан, облыс көлемінде жүзеге асуын және алар белестері көп болуын тіледі.  Ойында жеңілгенмен өмірде жеңілмеңдер деген тілектерін жеткізді.




http://21-merki.mektebi.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/1385-y-bzushylyty-boldyrmau-shn-ne-steu-kerek.html

№ 21 жалпы орта білім беретін мектебінде  2024 жылдың 25 ақпан күні құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы барысында «Қауіпсіз жол» акциясы бойынша АПБ КПБ полиция майоры Итжанов Досхан Сабралыұлы, Меркі АПБ ӘПБ бастығы полиция майоры Байтемиров Бейбіт Рахимбайұлы, Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полиция аға лейтенанты Асанов Нұрболат Эликович және Меркі АПБ  ЖПҚ ЮПТ полиция майоры  Б.Б. Дәуренбеков, ДҚТЖО Ж.Ж.Жакипбекованың ұйымдастыруымен   8 -11 сынып білім алушыларымен «Адам құқығы және балаларды зорлық-зомбылықтан және буллингтен қорғау», «Интернет алаяқтық» тақырыбында кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.



http://21-merki.mektebi.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/1371-8-11-synyp-blm-alushylarymen-kezdesu.html

  11-25 ақпан аралығында 9-10 сынып білім алушыларымен  «Қатыгездіксіз  балалалық   шақ» тақырыбында  эссе байқауы өткізілді. Байқауды қазақ тілі пән бірлестігінің әдістемелік жетекшісі Г.Н.Наметқұлова ұйымдастырды. Білім алушылардың жазған эсселері өте жақсы мағынада жазылған. Пән мұғалімдер эссенің құрылымын , мән - мағынасын тексеріп, балл бойынша бағалап, жақсы жазылған эсселерді үздік деп танып, ауданға сұраныс жазып берді. Атап айтсақ: 11 сыныптар арасында   Бейсембек Айғаным, Жалғасбек Жанеля,   8 сыныптар арасында Тайбай Сафия, 7 сыныптар арасында Алик Али .Адам үшін ең керегі-бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір сүру. Адамдар заңға бағынып,тәртіппен өмір сүрулері керек,бірақ сол заңға барлық адамдар бағына бермейді, өзінен әлсіз адамдарға қарсы қастандық жасап зорлық - зомбылық көрсететін адамдар өкінішке орай бар. Бүкіл әлем балаларының құқығы туралы конвенция бар болса да ,балаларға қарсы қылмыс тоқтар емес. Физикалық зорлық-зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірленудің бір түрі. Балаға зорлық-зомбылық таныту отбасылық жағдайларда жиі кездеседі, әсіресе ол жанұяда ішетін ата-ана болса. Зорлық-зомбылық жасөспірімдер арасында да болып тұрады. Сыныпта болсын, үй жағыңдағы балалар болсын біреуді-біреу қанап, күш көрсетушілік жағдайлар да кездеседі.

http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/963-men-zhne-men-virtualdy-dostarym.html

05-29 ақпан күндері «Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын -алу» айлығы  барысында күндізгі және түнгі мезгілінде рейдттік іс-шаралары ұйымдастырылып, жүргізілді. Рейдттің мақсаты: мектеп жасындағы балалардың беталды, беймезгіл уақытта қоғамдық жерлерде болмауы,  тәртіп бұзушылықпен құқық бұзушылықтың алдын алу.

Осы мақсаттарға орай, мектепте күндізгі, түнгі мезгілінде өткізілетін рейдттің кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Рейдтерге  мектеп әкімшілігі,мектеп инспекторы – Б.Б.Дәуренбеков, сынып жетекшілер   қатысып, рейдтің барысы туралы қорытынды есептері тапсырылып тіркелді. Жалпы,   ақпан  айында 4 (төрт) рейдттік іс-шаралар жүргізілді. Рейдттер барысында шекара маңы, «Токио» ойын-сауық мекемелері, мектептің маңы және ауыл көшелері қамтылды.  Сонымен қатар, жасөспірімдерге темекі, электронды темекі сатқан дүкендер де бақылауға алынды. Осы рейдтердің қорытындысына келсек, жалпы кезекшілердің есептері бойынша өткізілген рейдтер барысында мектеп жасындағы ешқандай балалар мен жасөспірімдер анықталып, тіркелген жоқ.


http://21.merki.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/967-tng-aladay-balalar-akcijasy.html

ақпан айының 29 күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығында жоспарға сай мектептің 10 сынып білімалушылары мен «Өзін –өзі бас қару» ұйымымен «Құқық бұзушылыққа жол жоқ» тақырыбында флешмобты мектеп тәлімгері А.Е.Сулейманова ұйымдастырып, өткізді. 

Мақсаты: Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. 


https://www.facebook.com/share/v/i6BYAwsTsqSECRbf/?mibextid=oFDknk

2023 жылы 15 қараша күні «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні:  балаларға арналған өмір» атты онкүндіктің іс-шара жоспары бекітілді және ашылуы болып, оқушыларға ақпарат берілді. 











https://www.facebook.com/share/p/PfezWzqXT2yPpy6o/?mibextid=7eNqk6

16-қараша күні «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні:  балаларға арналған өмір» атты

онкүндігі аясында жәрмеңке өткізілді.Жәрмеңке мақсаты:жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің арасында жәрмеңке өткізе отырып,қайырымдылық акциясын ұйымдастырылды.



https://www.facebook.com/share/p/Y2jeq48onJMr2Mvo/?mibextid=7eNqk6


17 қараша күні  «Бақытты бала- бейбіт елдің тірегі» тақырыбында көпбалалы ата-аналарымен әлеуметтік педагог Эльмира Ахметова жиналыс өткізді. Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру, ата-аналарды қолдау.


https://www.facebook.com/share/p/NfZUKi8SEx9vhiuP/?mibextid=7eNqk6

20 қараша күні "Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір" атты республикалық онкүндік аясында   1 сынып оқушылары арасында «Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!» сурет салу байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп,оқушылардың танымына ой түсіру. Балалар өз қалаулары бойынша сурет салды. Қатысқан әр бала өз әлеміндегі бейнені,ойды жеткізуге тырысты. Байқауға қатысқан балалардың еңбектері еленіп, жүлделі орындар мен барлық балаларға алғыс жарияланды.


https://www.facebook.com/share/p/JR6Y8z434QAdd3QU/?mibextid=7eNqk6

21 қараша күні "Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір" атты республикалық онкүндік аясында  9 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мектепішілік эссе жазу байқауын ұйымдастырып өткізді. Оқушылар "Бала құқығы - асыл қазына" тақырыбында эссе жазды. Мақсаты: балаларға өз құқықтары туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Байқау нәтижесінде I орынды 9-сынып оқушысы Өзібек Аяжан, ll орынды 9- сынып оқушысы Тұрсынқұл Сұлусай, lll орынды 9 -сынып оқушылары Сардарбек Аяжан,Ошақбай Аяжан  иеленді.  


https://www.facebook.com/share/p/SxHyTaAZLFZ3Jd5r/?mibextid=7eNqk6

22 қараша күні «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» атты Республикалық онкүндік аясында 4 сыныптар арасында «Мен бақытты баламын» атты спорттық жарыс ұйымдастырды. 

Мақсаты: салауатты болашақ ұрпақ байлығы мен дені саудың жаны сау бақытты балалық шақ ұғымын  насихаттау.Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Нәтижесінде бастауыш сынып оқушылары бақытты балалық шақ, дені сау ұрпақ екенін түсінді.


https://www.facebook.com/share/p/tcGqsRwYdSeme8xW/?mibextid=7eNqk6

23 қараша күні «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» атты Республикалық онкүндік аясында қазақ тілі мұғалімі Г.Босатованың ұйымдастыруымен «Мен және менің құқығым!» атты дебат сайысы өткізілді.


24 қараша күні «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» атты Республикалық онкүндік аясында 3-сынып оқушылары арасында"Тегін білген текті елдің ұрпағымыз!" атты этно-ұлттық сайысын ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: білім алушыларға Отанын сүюге,тілін,дәстүрін құрметтеуге, ынтымаққа,Еліміздің патриоты болуға тәрбиелеу.Сайыс соңында барлық сыныптар марапатталды.


https://www.facebook.com/share/p/sqkqceA9eZaLsfZQ/?mibextid=7eNqk6


  Оқушылардың діни сауаттылығын арттыру мектепте діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жылдық жоспар құрылды. Жоспар негізінде жұмыстар жүргізілді.Мектептің кітап сөрелерінен рұқсат етілмейтін діни танымдық әдебиеттер жоқ. Жадынамалар тарату арқылы толық мағлұмат берілді.Оқушыларға «Хиджап, паранжа, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою» мәселелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мектепте орамал тағатын оқушылар жоқ. 

Оқу жылы ішінде жоспарлы іс шаралар атқарылды. «Жат ағымдардан аулақ болайық»тақырыбында 8- сынып оқушыларымен ақпараттық сағат жүргізілді. Сабақ барысында   оқушылары теріс пиғылды діндер туралы өз ойларын ортаға салып, мұғалімге өз сауалдарын қоя білді. Тарих пәнінің мұғалімі С.Тазабекова  «Діни экстремизм деген не?» тақырыбында дәріс оқып, оқушыларға діни экстремизм туралы толық мағлұмат берді. Сонымен қатар, «Теріс пиғылды діндердің» қоғамға тигізер зияны, олардың алға қойған мақсат-мүдделерін жан-жақты талқылап өтті. Қатысқан оқушылар да өздерінің «Теріс пиғылды діндер» туралы ойларын айтып өтті. Мұғалім  ойларын қорыта келіп, қазіргі қоғамдағы дін атын жамылып, сенушілерді дәстүрлі діндерден ажыратуды мақсат еткен теріс пиғылды жат ағымдардан, басқа теріс ағымдағы діндерден ойлары мен саналарын аулақ ұстауға шақырды. 




Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар,балаларды имандылыққа, тазалыққа , мейірімділікке, қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, бейбіт елдің тыныштығын сақтауды, тұрақтылығын сақтауға дәріптеу мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді. 21 қыркүйек күні Меркі аудандық ішкі саясат бөлімінің АТТ қызметкері Мамбетов А. С. және Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Толғанбай Ғ.Б. 9-10 сынып оқушылары арасында «Мемлекет және дін» тақырыбында дәріс жүргізді. Мақсаты: білім алушылар арасында діни сауаттылықты арттыру, дін туралы және жалған діни ағымдардың зияндылығы туралы сенімді ақпарат беру, сондай-ақ патриотизмге , отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға тәрбиеледі. Сондай ақ, міндетті мектеп формасы туралы айтып, жасөспірімдердің радикалдық идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыруға және діни сауатттылын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid02BevPtqpz6FXhurn6ttV6Z9T3sC2iKpTXzPTWph3ooZQ1eLQukBdntMd882B9YL2Rl

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында оқушыларға діни экстремизм мен терроризмді қарсы насихаттау, заман талабына сай жастардың және ҚР азаматтардың діни сауаттылықтарын қалыптастыру бойынша "Экстремизм мен терроризм дегеніміз не?» тақырыбында оқушыларға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілді.

Оқушылардың діни сауаттылығын көтеру мақсатында  қыркүйек айында тарих пәні мұғалімі А.Турдиева «Экстремизму, терроризму нет!» тақырыбында сыныптан тыс іс шара өткізді. Ұйымдастырылып өткізілген шараға  9-10 сынып оқушылары қатысты. Мұғалім қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде діни экстремизммен күрес белсенді түрде жүріп жатқанын айтып, жастарды жат ағымдардан сақтандырудың бірден-бір құралы діни сауаттылықты жақсарту болып табылатындығына тоқталды.  Мектеп жасындағы жеткіншектердің  басты мақсаты-жан-жақты білім алу екендігін жеткізді. Диспут алаңында оқушылар өз ойларын еркін айтып, берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындады.


 

http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1155


          Діни білім–адамзат баласының адамдық келбетін сақтап қалудың негізгі факторы. Сондықтан дін – қоғамның ең қажетті және негізгі тармағы болып саналады. Мына қоғамның ең басты байлығы - адам болғандықтан, адамға тура жол көрсетіп, ақ пен қараны ажыратып, отанға,елге,жерге отансүйгіштікті бағыттап тұрған діннің де алар орны ерекше екендігін айтып, сынып жетекшілер «Қауіпсіздік ережелері жайлы ақпарат» атты бейнефильм көрсетті.


Меркі аудандық білім бөлімінің 08.09.2023 ж. №1116 хаты негізінде 2023 ж.11 қыркүйек күні сағат 11-де мектепте оқыс оқиғалардың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс тұрыс қағидалары бойынша эвакуациялық жаттығу  өткізілді. Эвакуациялау жолдарының дайындығын АӘД және ТД  пәнінің мұғалім ұйымдастырушысының міндетін уақытша атқарушы С.Дарханбаев тексеріп, ұжым мүшелері мен білім алушылар арасында оқыс оқиғалардың алдын алу, оның ішінде террорлық қаупі төнген кездегі іс әрекет туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Оқу жаттығу педагогикалық ұжым мен білім алушылар арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырды.Төтенше жағдай кезіңдегі іс-әрекеттер, «Барлығыңыздың назарларыңызға» құрылымы  эвакуация сигналы тәртібі бойынша іс-әрекеттер пысықталды, саптық жиын өткізілді, онда оқушылар үшін педагогикалық ұжымның төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттері жайында ақпарат берілді. І ауысым оқушылары, педагогикалық құрам мен техперсоналдар өрт кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында қауіпсіз жерге көшірілді. Педагогикалық ұжым мен оқушылар үйлесімді жұмыс жасады. Эвакуациялау іс-шаралары бойынша оқушылар,  тұрақты құрам мен қызмет көрсетуші персоналдар жұмылдырылды.  Обьективті жаттығу барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып,  ұйымдасқан түрде өтті.  


http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1148

8-11 сынып оқушыларымен АӘД мұғалімі С.М. Қыдыралиев «Терроризм қауіпі туындаған жағдайдағы  іс-қимыл» жадынама- флайерлерімен  таныстырды.Террористтік акт қауіпі түскен жағдайда жүргізілетін іс-шаралар туралы, соның ішінде қауіпті жағдайда  дабыл белгісі арқылы оқушылар мен персоналды ескерту, оларды қауіпсіз жерге өткізу, құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеу туралы және қатер жағдайларында немесе терроризм акті жасалғанда, сондай-ақ, антитеррористік операцияны жүргізген жағдайларда эвакуация туралы толық ақпарат  берді. «Телефон немесе жазбаша түрде террористтік акт туралы ескерту алған уақытта, жүргізілетін іс-шаралар», «Жарылғыш затқа ұқсас нәрсені тапқан уақытта жүргізілетін іс-шаралар», «Жарылыс әсерінен бұзылған ғимараттың астында қалған жағдайда немесе жарылыс территориясында болған жағдайда жүргізілетін іс-әрекет» тақырыптары қарастырылды.



«Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде және терроризм актісін жасау қаупі төнген кездегі іс-қимылдар» тақырыбында мектеп ұжымымен оқыту семинары өтті.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығы  жаңа редақциядағы ҚР Оқу-ағарту министрінің «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы 31.07.2023ж. № 237 бұйрығы  пысықталды.         
 
 

   Ағымдағы 2024 жылдың 1 сәуір күні  АӘД пәні мұғалімі С.Кыдыралиев, дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Дарханбаев,  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Тайбекова білім ошағының балалар үшін қауіпсіз және жайлы ортасын қалыптастыру және террористік сипаттағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында мектеп қызметкерлері мен білім алушылар арасында ақпараттық түсіндірме жұмысын және практикалық жаттығулар өткізді.





Сәуір айында сауалнама алынып нәтижелері бойынша Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінде сыныптастары, жоғарғы сынып оқушылары арасында дінге қызығушылық танытқан, діни оқу орындарына түсуге ниетті оқушылар анықталған жоқ.

  Мектепте оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Зиянды әдеттер аулақ бол» жобасы аясында   «Денсаулықтың 6 шарты» тақырыбында Б.Бейсенова денсаулық сағатын өткізді. Қараша күні   мектепте «Алкогольге «Жоқ! де» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны өткізу мақсаты –  жасөспірімдерге алкогольдің адам ағзасына кері әсері туралы жеткізу, өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптыстыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шараға 10-11 сыныптан жалпы 88 оқушы қатысты. Дөңгелек үстел аясында оқушылар алкогольдің адам денсаулығына зияны,  туралы көрініс қойды.  Жасөспірімдер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Іс-шара  соңында оқушылар алкогольді пайдалану жанұяда, жұмыста проблемалы жағдайларды туындатып, қайғылы оқиғаларды  арттыратыны туралы постер қорғады. Дөңгелек үстелге қатысқан аудандық СӨСҚО мамандары  үлкен позитивті эмоциялар алғанын,  оқушылар дайындаған шынайы әңгімелер және презентация ұнағанын атап өтті.  Шараның негізгі тақырыбы бойынша аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жауапты дәрігері алкогольдің адам денсаулығына зияны туралы жан-жақты тоқталып өтті.




http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1233

http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1265

Тәрбие құндылықтарына негізделген қыз балалармен жоспарлы жұмыстар атқарылды.  Ерте  жүктіліктің алдын алу мақсатында ай сайын жасөспірім қыздармен кездесулер, тренингтер өткізілді. ДТЖО Э. Тайбекова мен мектеп психологы А. Назаркулова 8-11 сынып қыздар арасында “Болашаққа қамқорлық” тақырыбында ашық әңгіме барысында кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты: қыздарға мектеп ережесін түсіндіру, ерте жыныстық қарым-қатынасқа түсудің зияны, ерте жүктіліктің алдын алу туралы айтылып, мектеп психологы А. Назаркулова 9-11 сынып қыздарынан анонимді сауалнама алып, “Сенімділік” жаттығуын жүргізді.

Мектепте  18 қаңтар күні 8-11  сыныптар қыз балалар арасында аналармен сырласу кеші өткізілді.


http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1341

9-10-11 сынып қыз бала оқушылар арасында ерте жүктіліктің алдын алу,күйзелісті басқара білу және психикалық денсаулықты сақтау мақсатында дәрігер мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге жоғарғы сыныптан 48 оқушы, ДТЖО Э.Тайбекова, Андас батыр СӨСҚ медбикесі З.Джанабатырова, психологтар М.Камалова , Ж.Медетбекова , акушер- А.Турлогулова және мектеп медбикелері. Сұхбат барысында ерте жүктіліктің зардабы, психологиялық денсаулық жайлы кеңестер беріліп, қыздармен ағарту жұмыстары жасалды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0D4qupBAv6jA2LAgwK4jKa188k71YDeLDE3ATxv3BB1cWWjNG5V5eteYKEyoByJxgl&id=100015418211169&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f

     Қыздармен жеке жұмыстар сұхбаттар, гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Жасөспірім  қыздармен   жыныстық тәрбие жөнінде әңгіме жүргізіліп, анонимді түрде сауалнама алынды, сауалнама барысында қыздар ерте жыныстық қарым – қатынас  түсудің зияны, ол қандай ауруға немесе ерте жүктілікке   әкелетіндігі туралы  айтылды. Жасөспірім қыздармен  «Мен қандаймын, әлем қандай» жаттығуы жүргізілді. Бұл жаттығу аясында қыздардан жеке – жеке жауаптар алынды, «мен қандаймын» сұрағына әр қыз өз бойындағы жағымды,  жағымсыз   қасиеттерді айтып өтті, «әлем қандай» сұрағына бір қыз әлемді әдемі, әсем жағынан көре алса, екінші қыз әлемнің апатты жағдайына қарай, әр қилы және сырға толы, жұмбақ, ғажайып, керемет, үлкен деген жауаптар алынды. жалпы алғанда қыздармен ашық әңгіме, кездесу өткізілді. 
 

http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1429

Жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша «Жол қозғалысы ережесін білу-қауіпсіздік негізі»  тақырыбында  мектеп медбикелері С.Рахымбай мен А.Назарбек Андас батыр ауылдық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы З.Джанабатыровамен бірлесіп  2-4 сынып оқушылары  арасында ағарту жұмыстарын жүргізіп, жол көлік оқиғаларының басты себептерін түсіндірді, ақпараттық танымдық материалдарды таратты, оқушылармен бағдаршам ойының өткізді.

Профилактика және психологиялық ағарту жұмысы аясында «Мектеп оқушылары арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу»  тақырыбында 8-10 сынып қыздарымен тренинг өткізілді.
     Мақсаты: жасөспірім қыздардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, жандүниесіндегі сырларымен бөлісу, ашық әңгімелесу



http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1410

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт әрбір азаматы үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын тиімді іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1-10 қыркүйек аралығында мектепте жол қозғалысы ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша балалар мен ата аналардың хабардарлығын арттыру жөнінде онкүндікке арналған іс-шаралар жоспары аясында “Жолда жүру ережесін сақтайық “ атты ата-аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: Жол -көлік оқиғалары салдарынан болған өлімнің көбі -жаяу жүргіншілерге,велосипедшілерге және мотоциклшілерге тиесілі болып тұрғанын хабарлау. Баланы жолда жүріс-тұрысқа үйрету -ата-аналардың және балаларды тәрбиелеуге және оқытуға жауапты екенін ұғындыру. Баланың өмірі мен денсаулығы жол қозғалысы ережелерін қаншалықты меңгергеніне байланысты екенін хабарлау. Жол қозғалысы ережелерін сақтау,жол-көлік жарақатының алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

http://21-merki.mektebi.kz/admin.php?mod=editnews&action=editnews&id=1150

 Оқу жылы ішінде  жол қозғалысы ережесін сақтау онкүндік, тәрбие сағаттары , кездесулер жүргізілді. Қыркүйек күні Меркі АПБ ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты  Н.Асанов,  Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция майоры Б. Дауренбеков, ДТЖО Э.Тайбекова, ДҚТЖО А.Намазова  бастауыш сынып  білім алушыларымен жолда жүру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, практикалық сабақ өткізді. Оқушыларды мектеп пен үйден келген аралықта қандай жол ережелері кездесетінін көрсетіп, үнемі жол ережесін сақтауға шақырды.

«Қауіпсіз жол» атты кең ауқымды республикалық акциясы аясында Андас батыр ауылдық емханасының СӨСҚ медбикесі Джанабатырова З.М және мектеп медбикелері Райымжан С.А Қаналы А.Б  "Балалардың жол -көлік жарақатының алдын алу" тақырыбында 2,3,4-сынып білім алушыларымен  жол белгілері мен ережелерін балалардың үнемі сақтап жүру бойынша кеңестер мен  түсіндірме  профилактикалық жұмыстары мен бейнероликтер көрсетті.Сондай-ақ жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру ,жол ережесін  білудің  қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.        
 
 



 
"Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын зерделеу.2023-2024 оқу жылдары Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы-3 тамыздағы №348 бұйрығының 2- қосымшасы 2 тарауы 25 тармағына сәйкес 1-4 сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсын міндетті меңгеру қамтамасыз етіледі.Оқу курсының мазмұны 1-4 сыныптарда (дүниетану» оқу пәнінің шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 1-3 сыныптарда 6 сағаттан, 4 сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдерііске асырады. Қазақстан Республикасы Оқу ағарту минстрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының 3-қосымшасы 4 тарауы 56 тармағына сәйкес «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9 сыныптарда дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі негізде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Оқу ағарту минстрінің 2022 жылғы 3 тамыздағыс № 348 бұйрығының 4-қосымшасы 4 тарауы 50 тармағына сәйкес 10-11 сыныптарда «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының мазмұны «Алғашқы әскери және технолгиялық дайындық» оқу крсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі.

«Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асыру

2023-2024 оқу жылындағы «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асыру төмендегідей жүргізілді: 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатта 1-4 сыныптарда «Жол қозғалыстарының ережесі» оқу курсының мазмұны сынып сағаттарының есебінен әр сыныпта 6 сағаттан өткізіледі; 5-8-сыныптарда бұл оқу курсы сабақтан тыс уақытта сынып сағаттары мен факультативтер есебінен – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.



Қорытынды:

Жалпы оқушылармен жүргізілген іс-шаралар негізінде мектепте АПБ есепте тұрған оқушы- жоқ. Келеңсіз оқиғалар тіркелген- жоқ.

2023-2024 оқу жылында әлеуметтік педагогтің жұмысы мектептің әлеуметтік осал топтағы оқушыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, мектептің әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Оқу жылының басында ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 №382 бұйрығына сәйкес әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары құрылды. Жылдық жоспарға сәйкес әлеуметтік- педагогикалық жұмыс төмендегі алты бағыт бойынша ұйымдастырылды:

І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу

II. Балалық шақтың құқығын қорғау жұмысы

IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс


 

ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы

V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс

VI. Диагностикалау-талдау қызметі

І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу туралы:

Сынып жетекшілердің әлеуметтік зерттеулеріне сәйкес сыныптың әлеуметтік паспорты жасалынды.

ІІ. Балалық шақтың құқығын қорғау жұмысы. Оқу жылында балалық шақтың құқығын қорғау бойынша бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Мектептің әлеуметтік желілерінде және мектеп сайтында балалардың құқығын қорғау бойынша жаднамалар мен материалдар жарияланды. Мектеп қабырғаларында сенім телефондары мен ақпараттық стендтер ұйымдастырылды. «Мен және менің құқықтарым» оқушыларға кеңес берілді.

Білім алушылар мен ата-аналарға бала құқығының бұзылуы фактілері және басқа да мәселелер бойынша әлеуметтік-педагогикалық кеңес берілді. «Қайырымды істер марафоны» акциясы бастау алды. Мектебімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар анықталмады.

IІІ.Әртүрліесепте  санаттағы тұрғаноқушыларменжеке-профилактикалықжұмыстуралы.

Мектебімізде әртүрлі санаттағы есепте тұрған білім алушылар туралы сандық ақпарат төмендегідей: 

         Мектепішілік есепте тұрғандар - 3

Тәуекел топтағы оқушылар – 0 АПБ есебінде тұрғандар – 0.

Есепте тұрған оқушылардың үй-тұрмыс жағдайлары жасалынып, ата-аналарына әлеуметтік- педагогикалық кеңес берілді. Оқушылардың есепке алынуының әлеуметтік себептерін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнамалар алынып, отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық мінездеме берілді.Қадағалаусыз және қараусыз қалған балаларды анықтау бойынша «Кеш», «Түнгі ауыл» түнгі рейд жұмысы жүргізілді.


ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы туралы.

Қадағалаусыз және қараусыз қалған балаларды анықтау бойынша «Кеш», «Түнгі ауыл» түнгі рейд жұмысы жүргізілді.

VБілім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмысы туралы.

2023-2024 жылда Көп балалы отбасы бала саны-389 , жетім отбасы саны - 0, аз қамтылған отбасы саны- 44. Жайсыз отбасы-2, өгей әкемен тұратын оқушы саны-13, өгей шешемен тұратын -7  екендігі анықталды.

VI. Диагностикалау-талдау қызметі туралы.

Мектептегі білім алушылардың арасында әлеуметтік мәселелерді зерделеу бойынша диагоностикалық-талдау қызметі жүргізілді. Оның ішінде, «Мектептегі оқу-тәрбие үдерісі» әлеуметтік сауалнамасы, «Мектептегі ыстық тамақ және буфеттік тамақтану» сауалнамасы алынып, нәтижелері шығарылып, қорытындыланды.


 



 




-