«Бармағынан бал тамған» іс шара » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бармағынан бал тамған» іс шара
23
май
2025

«Бармағынан бал тамған» іс шара

№ 21 жалпы орта білім беретін  мектебінде «Қыз Жібек» қыздар үйірмесі қыздарының  қатысуымен «Бармағынан бал тамған» тақырыбында өткізілген іс шара туралы  

Анықтама

Мерзімі:   2025 жылғы сәуір
 Мақсаты:
 Қыз балалардың аспаздық қабілеттерін дамыту,   тағамдарға деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен тамақ дайындауға үйрету және бірлікпен, ұйымшылдықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

     Мектепте «Қыз Жібек» қыздар үйірмесінің ұйымдастыруымен «Бармағынан бал тамған» атты тағам дайындау шеберлік сабағы өтті. 

Іс-шараға үйірме мүшелері алты қыз белсене қатысып, әртүрлі  заманауи тағам түрлерін дайындады. Атап айтқанда  көкөністен салат түрлері, түрлі тәттілер және пирогтар ұсынылды. Қыздар  жеке -жеке  жұмыс жасап,өздерінің  аспаздық шеберліктерін көрсетті.

Іс-шараға  қыздар   белсене қатысып, өздерінің   қызығушылықтарын  танытып, өз өнерлерін ортаға салды. Мұндай тәрбиелік мәні бар сабақтар  қыздардың бойындағы  аспазшылыққа   және тағам дайындауға деген сүйіспеншіліктерін  оятып, еңбекке баулиды.

Әлеуметтік педагог:  А.А.Есалиева