«Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?»
«Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?»
тақырыбында 9-10 сыныптар арасында өткен дебат
Мәлімет
«Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» тақырыбында дебатинтеллектуалдық пікір-сайысы өткізілді. Бұл пікір-сайыста 9-10 сынып оқушыларынан құралған «Үкімет» пен «Оппозиция» топ мүшелері мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек? тақырыбында өз ойларын ортаға салып, әсерлі әрі нақты түрде дәлелдеп жеткізуге тырысты.
«Конгресс» үкімет тобының спикер: Асқар Ариана
Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз балалар арасында құқық бұзушылықты болдырмау үшін баланы қатаң қадағалау керек деген пікірде
«Сенім» оппозиция тобының спикері Батырхан Зере:
Сәлем бердік қауымға! Балалар арасындағы құқық бұзішылықты болдырмау үшін балаларға еркіндік беріп, сенім білдіруіміз керек деген кереғар пікірін ортаға салып дәлелді аргументтерін келтіре отырып ойларын ашық айтты. Сөз соңында екі топты назарға алып бағалап отырған әділ-қазы алқалары Нұрқалиев Самғат ағай, Назаркулова Айгерім әпки, Тойымбекова Жазира әпки қорытынды жасап «Үкімет» тобының жеңіске жеткенін хабарлады. Оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттап, алдағы уақытта осындай дебат сайыстары аудан, облыс көлемінде жүзеге асуын және алар белестері көп болуын тіледі. Ойында жеңілгенмен өмірде жеңілмеңдер деген тілектерін жеткізді.
