Іс-шаралар тәрбие » Страница 16 » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Әншуақ" байқауы
28
февраль
2024
"Әншуақ" байқауы
9-сынып білім алушысы Олжабек Нұрасыл "Мұзбалақ" әнімен. Тәлімгер:Молдаханова Аидаhttps://vm.tiktok.com/ZMM1MNuAc/
Б.Соқпақбаевтың 100жылдығы "Менің атым Қожа "шығармасынан көрініс
26
февраль
2024
Б.Соқпақбаевтың 100жылдығы "Менің атым Қожа "шығармасынан көрініс
№21жалпы орта білім беретін мектебінде балалар жазушысыБ.Соқпақбаевтың 100жылдығына орай,"Жас талап "үйірмесі автордың ең қызықты "Менің атым Қожа "шығармасынан көрініс көрсетті, жетекшісі Абишева Н.И.  
«Қауіпсіз жол» атты  акциясы
26
февраль
2024
«Қауіпсіз жол» атты акциясы
«Қауіпсіз жол» атты кең ауқымды республикалық акциясы аясында Андас батыр ауылдық емханасының СӨСҚ медбикесі Джанабатырова З.М және мектеп медбикелері Райымжан С.А Қаналы А.Б  "Балалардың жол -көлік жарақатының алдын алу" тақырыбында 2,3,4-сынып білім алушыларымен  жол белгілері мен ережелерін балалардың үнемі сақтап жүру бойынша кеңестер мен  түсіндірме  профилактикалық жұмыстары мен бейнероликтер көрсетті.Сондай-ақ жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру ,жол ережесін  білудің
“Қазақтың тұңғыш геолог ғалымы”  Конференция
22
февраль
2024
“Қазақтың тұңғыш геолог ғалымы” Конференция
№21 жалпы орта білім беретін мектебінде ғалым және геолог Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл толуына орай 10 сынып оқушыларыменен “Қазақтың тұңғыш геолог ғалымы” тақырыбында конференция өткізілді.     Конференция барысында баяндамашылар көрнекті ғалымның бай ғылыми мұрасы, оның мемлекеттік және қоғамдық қызметі туралы, ғалым геологтың өсіп-өркендеген ортасы, оның дүниетанымы, ғылыми ашқан жаңалықтарымен еңбектері туралы баяндап берді.    Жауапты: География пән мұғалімі Қарабатырова Н.Б.
Дебат
21
февраль
2024
Дебат
Қазіргі қоғамда ең маңызды мәселелердің бірі-жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбейуіне байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу айлығында барысында құқық бұзушылықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында  9-сыныптар арасында "Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?" тақырыбында дебат өткізілді.
«Жол-көлік оқиғаларының болу себептері»
19
февраль
2024
«Жол-көлік оқиғаларының болу себептері»
19 ақпан мен 1 наурыз аралығында аудан көлемінде «Қауіпсіз жол» атты кең ауқымды республикалық акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты – жолдарда қаза болу, жарақат алудың жантүршігерлік ауқымына және барлық жол қозғалысы қатысушыларының ықтимал қауіп-қатеріне назар аудару. Осы мақсатта балаларға «Жол-көлік оқиғаларының болу себептері» тақырыптарына бейнефильмдер көрсету ұйымдастырылды
"Әншуақ " қазақ тіліндегі балалар әні
16
февраль
2024
"Әншуақ " қазақ тіліндегі балалар әні
Жамбыл облысы,Меркі ауданы, Андас батыр ауылы. №21ЖОББМ - 9  Жанетова Камилаhttps://vm.tiktok.com/ZMM1MNuAc/
“Ауғанның отты жалыны” тақырыбында тәрбие сағаты
15
февраль
2024
“Ауғанның отты жалыны” тақырыбында тәрбие сағаты
15 ақпан күні 2”А”сынып білім алушыларымен Намазова А.К “Ауғанның отты жалыны” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағатының мақсаты:Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып,соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру.Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру.Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларға ұлтжандылыққа ,отанын сүюге тәрбиелеу  
«Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы
14
февраль
2024
«Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы
14 ақпан күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, жаңа заман талабына сай,  салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Жиналысқа 9-10 сынып ата аналары қатысты.
"Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек" айлығы
06
февраль
2024
"Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек" айлығы
"Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек" айлығы аясында мектепішілік іс шаралар жоспарына сәйкес білім алушыларды  ББЖМ-ға тиімді дайындау мақсатында "Диаграммалар" тақырыбында тәжірибе алмасу сабағы өтті. Жауапты пән мұғалімі: Домасбекова З.А.