01
октябрь
2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әскери кездесу
Бүгінгі күні жасөспірімдердің патриоттық тәрбиесі өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Білім алушыларды отаншылдыққа, туған елін мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында №21 ЖОББ мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Сыпатай батыр» шекара бақылау бөлімінің І топтағы офицерімен кездесу өткізілді. Аға лейтенант Н.Тәжібай болашақ отан қорғаушыларға өз қызметі туралы айтып әңгімелеп берді. Сондай ақ, шекара қызметі туралы бейнеролик ұсынды,балалардың сұрақтарына жауап беріп, болашақта үлкен белестер жайлы ой салды, үздік оқу, екпінді еңбек тіледі.
ДТЖО Э.Тайбекова

