21
октябрь
2022
"Қазақстанның жеті кереметі" сыныптан тыс іс шара
21 қазан күні 25 - қазан Қазақстан Республикасы күніне орай "Қазақстанның жеті кереметі" тақырыбында сыныптан тыс іс -шара ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге тәрбиелеу. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отаныңды, жеріңді аулыңды,өлкеңді сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Іс-шараға 10-11 сыныптары және мектеп педагогтері қатыстып, білім алушыларды Республика күні мерекесімен құттықтады. Іс - шара өз деңгейінде өткізілді. Осы аталған іс - шара жастарды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар болуға тәрбиеледі. Еліміздің Отан болып қалыптасуында халқымыздың даналығын, қайтпас қайсарлығын, Қазақстан халқының достығын, төзімділігін, жеткен жетістігін, ұлттық құндылықтарын насихаттады.Білім алушылар белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізді, тақпақтарын айтып, презентация жасады. Іс-шара өз деңгейінде өтіп, білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал етті.


