Дублер күні » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дублер күні
04
октябрь
2022

Дублер күні

Мұғалімдер күніне орай 2022 жылдың 4 қазан күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде "Дублер күні", яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті. Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
"Дублер күнін" өткізу мақсатында мектепте 11 сынып оқушыларынан бастамашыл топ құрылды. Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды. Пән мұғалімдерінің рөлін мектеп Парламент Президенті, 11сыныппен 10 сынып оқушылары атқарды.