11
октябрь
2024
“Қазіргі әлеуметтік желі әсерінен сақтау жолдары”
2024 жылдың 11 қазанында мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 8-9 сынып қыздарымен “Қазіргі әлеуметтік желі әсерінен сақтау жолдары” тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік желілердің адамдардың психологиялық, эмоционалдық және физикалық жағдайына әсерін түсіндіріп, жасөспірімдерге зиянды әсерлерден сақтану жолдарын көрсету.
Түсіндіру жұмысы барысында әлеуметтік желілердің оң және теріс жақтары қарастырылды. Оқушыларға әлеуметтік желілердің ақпарат алмасу және байланыс орнату құралдары ретінде пайдалы екендігі айтылып, бірақ оларды пайдалану кезінде орын алуы мүмкін тәуелділік, ақпараттық қауіптер, алаяқтық, жала жабу, қысым көрсету және психологиялық бұзылулар сияқты теріс салдарларға ерекше назар аударылды.