15
февраль
2022
«Запрещенный репост», «Теріс ағымдардың ұраны тартыс» тақырыптарында видеороликтер көрсетур
Қазіргі уақытта әлеуметтік қауіптер - лаңкестік пен діни экстремизм дамуда. Осыған байланысты қоғамда пайда болған қауіптер туралы білім алушыларымызға уақытымен ақпарат беру маңызды істердің бірі болып табылады. Білім алушы жастарымыз дәстүрлі емес діни бірлестіктер мен секталардың зияны туралы және балалар мен жасөспірімдер сана-сезіміне тигізетін кері әсері туралы білуі керек. Терроризм және діни экстремизмнің адамзатқа қаупі туралы түсінік беру және лаңкестік теракт қаупі төнген жағдайда дұрыс шешім қабылдау, қорғаныс шараларын үйрету мақсатында 7-11 сынып оқушыларына «Запрещенный репост», «Теріс ағымдардың ұраны тартыс» тақырыптарында видеороликтер , терроризм, экстремизм, радикализм ұғымдарына талдау жасалынып, білм алушылардың өз пікірлері тыңдалды. Білім алушыларға Отан алдындағы жауапкершіліктің мазмұны түсіндіріліп, өзге діни ұйымдардың тұжырымдарына құлақ аспауға шақырылып, олардың мақсаты тек мемлекеттер арасында экстремистік жанжалдар туғызу екендігі баяндалып, қырағылықты, адамдарға көмек көрсету аса маңызды екендігі насихатталды.Қамтылған 132 оқушы.




