24
сентябрь
2024
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында ата аналар жиналысы
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында мектепте ата аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры Э.Бекжанова қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі туралы сөз қозғап, әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс екенін ескертті. Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Э. Тайбекова ата аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, "Біртұтас тәрбие " бағдарламасы аясында атқарылатын іс шараларға тоқталды. Мектеп психологы А.Назаркулова әлеуметтік желінің бала психологиясына қаупі мен қатері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кеңестер берді. Жиналыс барысында ата-аналарға қазіргі таңда киберқауіпсіздік жайында толық мәлімет берілді. Атап айтқанда, оқушыларды суицидке итермелейтін, қатігездікке үйрететін тыйым салынған және қауіпті ойындар мен түрлі мобильді қосымшалар және сайттар таныстырылды. Балалардың киберқауіпсіздігін арттыру үшін олардың ұялы телефондарына “Ата-ана бақылауын” орнатудың тәсілдері түсіндірілді.


